Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 14 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Мемлекеттік бюджеттің мәні


ЖОСПАР

1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ 3
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен маңызы 3
1.2 Бюджет балансы 6
2 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ҚҰРАМЫ 7
2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары 7
2.2 Бюджеттің тапшылығы 9
3 БЮДЖЕТТІ ҚҰРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ 13
3.1 Бюджетті құрудың проблемалары 13
3.2 Қазіргі кездегі бюджетті жоспарлауды жетілдіру жолдары 14

1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен маңызы

Мемлекеттік бюджет - экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде объективтік сипатқа ие. Оны бөлудің дербес саласы ретінде өмір сүрудің қоғамдық өрісінің өзі айқындайды. Оны жоспарлы дамыту орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Қаражатты орталықтандыру бүкіл халық шаруашылығы ауқымды қорлардың үздіксіз айналымын ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Арнайы бюджет саласының құндық бөлінісі мемлекеттің табиғаты мен қызметінен туындайды. Мемлекет қаржыландыруға; бүкіл қоғам ауқымында әлеуметтік мәдени шаралар өткізуге; қорғаныс міндеттерін шешуге, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын жабуға орталықтандырылған қаржыны қажет етеді. Сөйтіп мемлекеттік бюджет ұдайы өндірістің қажеттіліктерін мемлекеттің табиғатынан объективті қажеттілік туындайтын болып табылады.

1.2 Бюджет балансы

Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Баланс - бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады.Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізінде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын - профицитті құрайды.Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың (республикалық және жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін. Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымдағы нақты ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органының мемлекеттік борышын жабуға пайдаланылады.

2 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ҚҰРАМЫ

2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары

Мемлекеттік бюджет кірістерінің көздері әдетте, салықтар немесе төлемдер болып табылады. Мысалы: бұрынғы КСРО- да мемлекеттік бюджетте қаржы түсімдерінің басты көзі кәсіпорындармен ұйымдар пайдаланғаннан алынатын төлемдер мен айналым салығының түсімдері болып келеді. Бұл төлемдер экономикалық мәні жағынан салықтық түсімдер болып табылғанымен ресми түрде олай саналмайтын еді. Сол сияқты 1991 жылға дейін формальды түрде салықтар қатарына жатпағанымен, іс жүзінде өнім мен оны өткізу бағасының құрамына енетін, жанама түрде халық төлейтін әлеуметтік сақтандыруға (10% дейін) бөлінген қаражаттар бюджетке түсетін. Халық шаруашылығы дамуының қазіргі кезінде республиканың бюджеттің кірісі мыналардың есебінен қалыптасып отыр:

2.2 Бюджеттің тапшылығы

Бюджеттік процесс мемлекеттің кірістері мен шығыстарын баланстап теңестіреді. Бірақ қазіргі кезде барлық елдерде дерлік мемлекеттің шығыстары оның кірістері мен табыстарына қарағанда тез өсуде. Оның себептері көп олардың ішіндегі ең бастылары өмірдің сан түрлі салаларындағы мемлекет рөлінің үздіксіз артуы, оның экономикалық және әлеуметтік қызметтерінің көбеюі мемлекеттік аппарат көлемінің өсуі және т.б. себептер. Бюджеттік шығындардың көбеюі салық түсімдерімен сәйкес келмейді, сондықтан бюджеттің тапшылығы үздіксіз өсіп, көлемі ұлғаяды.

3 БЮДЖЕТТІ ҚҰРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ

3.1 Бюджетті құрудың проблемалары

Экономикалық біліктілігіміздің төмен екенін көрсетіп отыр. Біріншіден бюджетті құрғанда қалай есептеуді білген дұрыс. Басқару жүйесіндегі азаматтар бұл мәселені жете түсінбейді. Сол азаматтар шаруашылық жүргізіп отырғандардың қалтасындағы ақшаны есептеуге тиіс. Оның табысын санап, бюджетке қанша төлейтіндерін есептейді. Шаруашылық жүргізіп отырған адам ондай салықты көтере алмайды, қалай болсада салықтан жылыстап кетуге тырысады. Сондықтан мемлекет еңсесін көтере алмайды. Себебі бюджет жамау-жамау қысқа жіп күрмеуге келмейді, аяғына тартса басына жетпейді. Сосын оны бюджеттің дефициті деп атайды. Шаруашылыққа арналған қаражат бір бөлек те, мемлекеттік бюджетті толтыру көздерінің жөні бір бөлек. Экономиканың тізгінін ұстаған азаматтар осы мәселелердің бөлігін қайтарып бергенде ғана шаруашылықты көтеруге жол ашылады.

3.2 Қазіргі кездегі бюджетті жоспарлауды жетілдіру жолдары

Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық экономиканың дамуы мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік экономикалық дамуындағы жаңа деңгейі анықталды. Ондағы басты орны мемлекеттік бюджетке тиесілі. Мемлекеттік бюджет экономиканы реттеудің ең маңызды құралы десек, артық айтқандық емес. Ол арқылы халық шаруашылығы, әлеуметтік сақтандыру, білім беру, ғылым, мәдениет, өнер, денсаулық сақтау, қорғаныс пен басқару шығындары қаржыландырылады.