Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Информатика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 19 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Компьютерлік желінің негізгі түрлері


Жоспа
1 Компьютерлік желінің негізгі түрлері 3
1.1 Корпоративті және аймақтық желілер 4
1.2 Телекоммуникациялық есептеуіш желілер 5
1.3 Интернет желісі 6
2 Жергілікті желілер 8
2.1 Кабельдік тікелей жалғау 8
2.2 Жергілікті желі топологиясы 11
2.3 Жергілікті желі атқаратын қызметі 11
3 Байланыс хаттамалары. Желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар 14
3.1 Ауқымды компьютерлік желі 17
3.2 Интернет 18
Әдебиеттер 19

1 Компьютерлік желінің негізгі түрлері
Компьютердің жүйелік блогында ішкі, сыртқы құрылғылармен байланыс жасауға арналған арнайы тарақша қосқыш түріндегі порттары бар. Олар тізбекті және параллель қосылатын болып екіге бөлінеді. Осы порттар арқылы әртүрлі құрылғылар арасында ақпараттарды тасымалдауға (жіберуге және қабылдауға) болады. Егер екі немесе бірнеше компьютерді порттары арқылы байланыстыратын болсақ, бұл компьютерлердің арасында ақпарат алмасу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туады. Осылай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлік желі құрады.

1.1 Корпоративті және аймақтық желілер
Жергілікті желіден кейінгі орынды масштабы бойынша корпоративті есептеуіш желілер алады. Бұл желілерді ірі мекемелерді, банктер мен олардың филиалдары, сақтандыру компаниялары, бұқаралық ақпарат құралдары құрады. Корпоративті желілер қашықта орналасқан бөлімдердегі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін қолданылады. Сонымен қатар корпоративті желілер пайдаланушылардың шектелген бөлігіне қызмет көрсетеді. Мұндай желілерде құпияны сақтау және ақпараттық ресурстарға рұқсат етілмеген шығуға жол бермеу мақсатында арнайы шаралар қолданылады.

1.2 Телекоммуникациялық есептеуіш желілер
Үлкен қашықтықты және пайдаланушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер телекоммуникациялық есептеуіш желілер деп аталады. Телекоммуникациялық желілер – ақпарат алмасу және оны өңдеуді бөлісу желісі, ол өзара байланысқан жергілікті желілерден құралады (абоненттік жүйелер). Мұндай масштабтағы желілер аппараттық, ақпараттық, программалық сияқты қоғамдық ресурстарды ұжымдаса пайдалану мақсатында құрылады. Телекоммуникациялық желіні пайдаланушыларының, өздерінің қай жерде орналасқанына қарамастан ақпаратты жедел түрде кез келген қашықтыққа жіберуге, сонымен қатар желіден қажет мәліметті дер кезінде алуға мүмкіндігі бар.

1.3 Интернет желісі
Әр түрлі масштабтағы желілердің өзара біріктірілуі мүмкін. Мысалы, кабельмен жалғастырылған мекемедегі жергілікті желі аймақтық желіге, ал әр түрлі аймақтық желілер телефон желісі арқылы байланыстырылуы мүмкін. Үлкен қашықтықта желі аралық байланыс орнату қажет болғанда кабельдік желілерді пайдалануға болмайды. Мұндай жағдайда телекоммуникация каналдары: телефон, радио релелік байланыс, талшықты-оптикалық байланыс, ғарыштық жасанды серіктері арқылы байланыс т.б. қолданылады.
Әр түрлі желілерді түйістіру шлюз деп аталатын арнайы компьютерлер немесе программалар арқылы қамтамасыз етіледі. Шлюздер бір желіден қабылдаған деректер форматын басқа желідегі деректер форматына түрлендіреді. әр түрлі масштабтағы желілерді біріктіру нәтижесінде қалалар, елдер және континенттер арасында өзара ақпарат алмасу мүмкіндігі беріледі. Ауқымды желі немесе Интернет – адамзаттың ақпараттық технология саласындағы жеткен жетістіктерінің бірі.

2 Жергілікті желілер
Жергілікті желі – саны шектеулі компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Компьютерлік желілер компьютерлерден басқа да желілік құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғы желі арқылы жіберуге арналған ақпаратты түрлендіруге мүмкіндік береді.
Ақпарат – желілер арқылы берілетін сигналдарға түрлендіріледі (кодтау процесі), осыдан кейін сигнал қайта түрлендіріледі (декодтау процесі).
Компьютерлер, жергілікті желіге желілік тақша деп аталатын интерфейстік блок – желілік адаптер арқылы қосылады.

2.1 Кабельдік тікелей жалғау
Екі компьютерді желіге қосудың Direct Cable Connection (DCC) – тікелей кабельдік жалғау деп аталатын қарапайым әрі тиімді тәсілі бар. Бұл жағдайда қосымша желілік құрылғылардың қажеті жоқ: компьютерлер бір-біріне параллель немесе тізбекті порттары арқылы қосылады.
Тікелей жалғауда компьютерлердің бірі – жетекші, екіншісі жетекте болады. Жетекші компьютерден жетектегі компьютердің бумаларына, дискісіне, принтеріне қатынасы қамтамасыз етіледі. Жетектегі компьютердің дискілері мен оған қосылған принтері жетекші компьютерге қатысты желілік болып қалады. Жетекші компьютерден деректерді бір компьютерден екінші компьютерге жіберуді басқаруға болады.

2.2 Жергілікті желі топологиясы
Жергілікті желідегі компьютерлердің бір-бірімен геометриялық байланысу тәсілі топология деп аталады. Байланыстыру топологиясының бірнеше түрі бар:
1. Ең қарапайым топология түрі – шина. Мұндай желіде барлық компьютерлер тізбекті түрде бір кабельге жалғанады.
2. Сақина топологиясы деп аталатын желі байланысында барлық компьютерлер тұйық сақина түріндегі кабельге жалғанады.
3. Файлдық серверлерге негізделген желіде компьютерлер бір-бірімен жұлдыз схемасы түрінде жалғанады.

2.3 Жергілікті желі атқаратын қызметі
Егер мекемеде Windows 9x, Windows 2000 Professional және Windows NT Workstation операциялық жүйелері орнатылған бірнеше компьютер болса, оларды жергілікті желіге қосқан орынды.
Жергілікті желінің қамтамасыз ету мүмкіндіктері:

3 Байланыс хаттамалары. Желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар
Windows 2000 Professional операциялық жүйесі тұтынушыға әр түрлі қызмет көрсететін бір пайдаланушыға арналған жұмыс станцияларын серверлермен байланыстыруға есептелген. Компьютер желіге қосылғаннан кейін бірінші рет іске қосылғанда операциялық жүйе DHCP (Dynamic Host Configuration Protocol) серверін іздейді. Мұндай типтегі серверлер компьютерлерге желіде бірін-бірі оңай табу үшін адрес меншіктейді. Егер желіде DHCP сервері болмаса, онда операциялық жүйе автоматты түрде қосылғаннан басқа басқа компьютерлерді анықтай алатын режимге ауысады. Windows 2000 Professional операциялық жүйесі орнатылған компьютерлер жліге кейінірек қосылса, олар автоматты түрде жұмыс тобына кіреді. Мұндай механизмді IP адрестеу (Automatic IP-addressing) деп атайды.

3.1 Ауқымды компьютерлік желі
Жергілікті компьютерлік желілерді олардың бір-бірінен өте алшақта орналасқанын қарамастан өзара байланыстыруға болады. Бұл кезде арнайы байланыс кабельдерімен бірге кәдімгі байланыс құрылғылары, телефон желісі, радиостанциялар, талшықты-оптикалық желі, ғарыштық серік байланысы т.б. қолданылады.

3.2 Интернет
Екі немесе одан да көп желілерді байланыстыр кезінде желі аралық байланыс құрылады. Қазіргі кезде бүкіл әлемде жүз мыңдаған үлкен және кіші желілер жұмыс істейді. Олардың көпшілігі бір-бірімен байланыстырылған. Осылайша біртіндеп өзара байланыстырылған миллиондаған компьютерлерден құралған ақпараттық өріс құрылды. Осы біртұтас ақпараттық кеңістікті Интернет деп атайды. Интернеттің ең қарапайым анықтамасы – желілердің желісі деп аталады.