Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша ІІ-ші деңгейдегі банктердің құқықтық мәртебесі
Мазмұны
Кіріспе 5
1 Қазақстандағы банк жүйесінің даму тарихы 8
2 Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша екінші деңгейдегі
банктердің құқықтық жағдайы 13
2.1 Қазақстан Республикасында банктерді құру тәртібі 13
2.2 Банктерді қайта құру және оның түрлері 23
2.3 Банктерді тарату 25
3 Қазақстан Республикасының банктік қызметін құқықтық реттеу 40
3.1 Банктердің қызметін мемлекеттік реттеу 40
3.2 Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша банктердің түсінігі мен түрлері 49
4 Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі екінші деңгейдегі
банктердің рөлі 56
4.1 Коммерциялық банктердің қаржы делдалдары ретіндегі маңызы 56
Қорытынды 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 63
Кіріспе
Қазақстандағы банк жүйесі, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін банктік құқық, банк жүйесінің жоғарғы және төменгі деңгейлеріндегі банктердің құқықтық жағдайлары, олардың қазақстан экономикасының мемелеткеттік және жеке меншік секторында атқаратын рөлі банктік құқықтық қатынастар жүйесінің, ұлттық валюталық жүйенің мемелекет және корпартивтік мүддесіне сай жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен кәсіпкерліктің дамуы жағдайында еліміздің экономикасында банк үлкен рөл атқарады. «Банк» сөзі италияның «banco» - ақша ұсақтау сәкісі, орындығы дегенді білдіреді. Банк бір жағынан несие берушілердің ақша капиталын орталықтандыруды, екінші жағынан, заемшыларды орталықтандыруды білдіреді [1, 19б].
1 Қазақстандағы банк жүйесінің даму тарихы
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО-ның революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысып келді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекелелер кірді.
Ресейдің Мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық несие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің Мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік-қарыздық операциялардың 1/3 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа елдердің орталық эмиссиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің Мемлекеттік банкі тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да несиелендірді. 1914 жылдың қарсаңында ол 10 кенсе, 124 бөлім мен мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті [4, 120б].
2 Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайы
2.1 Қазақстан Республикасында банктерді құру тәртібі
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес банктер акционерлік қоғамдар нысанында құрылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 85-бабына сәйкес өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын занды тұлға акционерлік қоғам болып танылады. Акционерлік қоғамның акционерлері қолданыстағы заң актілерінде кезделгеннен басқа жағдайларда оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шетінде қоғамның кызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді [5].
2.2 Банктерді қайта құру және оның түрлері
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 45-бабына сәйкес занды тұлғаны қайта құру (қосу, біріктіру, белу, бөліп шығару, өзгерту) оның мүлкін меншіктенушінің немесе меншік иесі уәкілдік берген органның құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімі бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкілдік берілген органның шешімі бойынша, не заң құжаттарында көзделген реттерде сот органдарының шешімі бойынша жүргізіледі. Қайта құру ерікті немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін [7].
Банктерді ерікті қайта құру уәкілетті органның рұқсатымен акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Банкті ерікті тұрде қайта құруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішті беру үшін негізі аталған банк акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі болып табылады.
Банкті ерікті қайта құруды жүргізуге уәкілетгі органның рұқсатын алу туралы өтінішке төмендегідей құжаттар тіркелуі тиіс:
2.3 Банктерді тарату
Заңды тұлғаның мүлкін меншіктеушінің немесе меншік иесі уәкілдік берген органның шешімі бойынша, құрылтай құжаттарында шешім қабылдауға уәкілдік берген заңды тұлға органының шешімі бойынша, немесе сот шешімі бойынша заңды тұлға таратылуы мүмкін.
Заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдаған заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе орган заңды тұлғаларды тіркеуге жүзеге асыратын әділет органына бұл туралы дереу жазбаша хабарлау міндетті [10, 75б].
Заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдаған заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе орган тарату комиссиясын тағайындайды және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес таратудың тәртібі мен мерзімін белгілейді.
3 Қазақстан Республикасының банктік қызметін құқықтық реттеу
3.1 Банктердің қызметін мемлекеттік реттеу
Уәкілетті орган (қазіргі кезде — «Қазақстан Республикасының қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі» мемлекеттік мекемесі) банкілердің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының мүдделерін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында уәкілетті орган банкілердің қызметін реттеуді, соның ішінде:
3.2 Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша банктердің түсінігі мен түрлері
Қазақстан Республикасының екі деңгейлік банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Және екінші деңгейдегі банктер.
Ұлттық Банктің міндеттері, қызметінің қағидаттары, құқықтық мәртебесі және өкілеттігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады [16].
4 Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі екінші деңгейдегі банктердің рөлі
4.1 Коммерциялық банктердің қаржы делдалдары ретіндегі маңыздылығы
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі [21].
Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
Қорытынды
Қорытынды бөлімінде дипломдық жұмыстың мәтітінде қарастырылған мәселелер бойынша жасалған қорытындылар мен ұсыныстар түйінделіп, олардың тізімі беріледі. Соның ішінде, Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде өсіп өркендеуіне әрі өркениетті дамуына Қазақстан Республикасының Конституциясы, банктік, салықтық, қаржылық заңнама мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер негізінде нысаналы жұмыс істеп жатқан банк жүйесі, оның ауқымындағы банктердің несие беру операцияларын қоғамдық қажеттілік пен мақсат-мүдделеріне сай жетілдіруге, Қазақстан Республикасының егемендігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мемлекеттің экономикалық саясатын іске асыруға ат салысып жатқан Қазақстан екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайы мен қызметтері жайлы айтылады.