Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 71 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Қазақ тілі фонетикасының зерттелімі және дамуы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Қазақ тілі фонетикасының зерттелуінің тарихы 7
1.1 Қазақ тілі фонетикасының зерттелім дәуірлері жайлы 7
1.2 Қазақ тілі дауысты дыбыстар құрамының даму бағыты жайлы жорамал 11
1.3 Кірме әріптердің тасымал жігі 13
1.4 Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпби жобасы арқылы
термин сөздердің жазылу емлесі 16
1.5 Халықтық тілдегі ерін дауыссыздарының алмасуы 19
1.6 Қазақ тілі дыбыстарының сингармониялық артикуляциясы 22
2 Қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық жайына сипаттама 28
2.1 А.Байтұрсынұлы анықтаған қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық сипаты 28
2.2 Қ.Жұбановтың дыбыс жіктелімінің артикуляциялық талданымы 40
2.3 Кеңесбаевтың фонетикалық талданымының артикуляциялық негіздемесі 44
2.4 С.Мырзабековтың фонетикалық мұрасының артикуляциялық сипаттамасы 52
2.5 Б.Қалиев еңбектеріндегі қазақ тілі дыбыстарының артикуляция-лық жіктелімі 58
2.5 Ж.Аралбаев еңбектеріндегі дыбыс жіктелімінің артикуляциялық талданымы 63
2.6 Қазақ тілі оқулықтарындағы артикуляциялық талданым үлгісі 67
ҚОРЫТЫНДЫ 70
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 71

КІРІСПЕ
Теориялық фонетиканың даму барысында, қазақ фонетикасының құрылымы да күрделене бастады. Қазіргі қазақ фонетикасы үш саладан құралады: жасалым (артикуляциялық), айтылым (акустикалық) және естілім (перцепциялық) фонетика. Әр саланың өзіне тән ғылыми аппараты (ұғымдары мен атаулары) және зерттеу әдістері бар.
Фонетикалық зерттеудің ең басты әдісі артикуляциялық зерттеу әдісі болып табылады. Өйткені қазақ тілінің дыбыс құрамын анықтауда да, әрбір дыбыстың жасалым анықтамасын беруде де негізгі өлшем артикуляциялық белгі болып табылады. Соның нәтижесі – фонетиканың дербес саласы ретінде артикуляциялық фонетиканың өз алдына бөлініп шығуы.

1 Қазақ тілі фонетикасының зерттелуінің тарихы
1.1 Қазақ тілі фонетикасының зерттелім дәуірлері жайлы
Қазақ тілінің фонетикасына арналған зерттеу жұмыстарының басы баршылық. Олар мақала, монография және мектеп пен жоғары оқу орнына арналған оқулықтар түрінде көпке таныс. Олардың бірі фонетиканың жеке бір мәселелеріне арналған болса, енді бірі қазақ тілінің дыбыс жүйесін түгел қамтыған бас-аяғы бүтін еңбектер. Әрине, үлкенді-кішілі осы еңбектердің әрқайсысының өз алдына қойған міндет-мақсаты болды. Ғылыми бағыттағы еңбектер теориялық мәселелерді шешуге арналса, оқу-әдістеме саласындағы еңбектер сауат ашуға міндеттенді. Қол жеткен нәтижелер өз дәуірінің теория-практикалық деңгейіне лайық болып шығып жатты.
Қазақ фонетикасының зерттелім дәуірлері. Қазақ фонетикасының зерттелу тарихының өзіндік ерекшеліктері бар. Ондай ерекшеліктер зерттеушілердің заманына сай әртүрлі теория-практикалық ұстанымынан туындап отырды. Сөйтіп қазақ фонетикасының зерттелім желісі бірнеше тарихи дәуірлерден өтті.

1.2 Қазақ тілі дауысты дыбыстар құрамының даму бағыты жайлы жорамал
Қазақ тілінің жалаң дауысты дыбыстарының жасалым моделін текше түрінде беруге болады. Бірақ текшенің сегіз бұрышы бар, ал қазақ тілінде 6 жалаң дауысты бар. Олай болса, текше тектес модельдің бос бұрыштарын алып тастап, модельді одан әрі ықшамдай түсуге болады. Ол үшін текше модельдің бос екі бұрышы алып тасталады. Содан кейін пайда болатын модель үшкіл (призма) тектес болады. Ендеше қазақ тілі жалаң дауыстыларының моделі текше емес, үшкіл-призма болу керек. Дәстүрлі түркологияда текше модель түрінде кездеседі. Өйткені жалпы тіл білімі мен түркологияда сондай пікір қалыптасқан.

1.3 Кірме әріптердің тасымал жігі
Тоталитарлық тіл емле-ережелерінің салдарынан қазақ тілінің төл сөздерінің жазылымына бірнеше кірме дыбыстар еніп кетті. Оның өзі қазақ тілтанымының теориялық фонетикасына да, практикалық фонетикасына нұқсан келтіріп жатыр. Теориялық тұрғыдан – қазақ тілінде жоқ «фонемалардың» санын көбейтіп жіберді, практикалық тұрғыдан – оқу-әдістеме шараларын қиындатып жіберді [1]. Зерттеудің негізі осы еңбектің құрамына еніп отыр.
Ол кірме әріптер: И, У, Я, Ю, Щ. Қазақ тілінің төл сөздерінің құрамында жазылып жүрген кірме әріптердің дыбыс мәні төмендегідей (мый, тій, сұу, сүурөт, жая, әлійә, айұу, үйүу, ашшы, кешше, тұшшы) [2].

1.4 Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпби жобасы арқылы
термин сөздердің жазылу емлесі
Алғаш рет 1924 жылы Орынбор қаласында өткен қазақ білімпаздарының (Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханұлы, Елдес Омарұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Досмұхамедұлы, Нәзір Төреқұлұлы, Телжан Шонанұлы, Мұхтар Мырзаұлы, Манан Тұрғанбайұлы, Мұхтар Саматұлы, Ишанғали Арабайұлы, Молдағали Жолдыбайұлы, Николай Бутовский т.б.) І съезінде қазақша пән сөздер мәселесі, ауыз әдебиетін жию шаралары, ғылыми және оқытуға арналған кітаптарды шығару, бастауыш мектептің бағдарламаларын дайындау мәселелерімен қатар жазу ережелері, әліпби мәселесі де қаралды [3, 3].

1.5 Халықтық тілдегі ерін дауыссыздарының алмасуы
Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесінде ерін дауыссыздары болып табылатын б және м дыбыстары да сөз құрамында өзара алмасып қолданылады. Қазақ тілінің сөйленістерін айтпағанда қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде бұл дыбыстар бірінің орнына бірі жұмсалады. Көбіне сөздердің үнді м дыбысымен басталуы қыпшақ тобындағы тілдерге тән болса, сөздегі б-ның м-ге ауысуы қырғыз, өзбек, ноғай, алтай тілдерінің диалектілеріне тән құбылыс. Ал татар тілі сөз басында бұл дыбыстарды қолдануда қыпшақ пен оғыз тілдерінің аралығындағы орынды алады. Өйткені б-мен басталатын сөздер саны аталмыш тілде басым. «Сондықтан қазақ тілінің материалын салыстырғанда, ең алдымен, оның өз ішіндегі говорларымен, одан кейін қыпшақ-ноғай тобына енетін ноғай, қарақалпақ тілдерінің материаларымен салыстырған жөн. Үшінші кезеңде қазақ тілі қыпшақ тобына кіретін (татар, башқұрт, құмық, т.т.) түркі тілдерімен, одан кейін ғана қарлұқ (өзбек, ұйғыр) тілдерімен салыстырылады» [9, 83].

1.6 Қазақ тілі дыбыстарының сингармониялық артикуляциясы
Қазақ (түркі) тілі дыбыстарының талданым тарихы тілдің дыбыс құрамын анықтаудан басталады. Ал дыбыс құрмын анықтаудың басты әдісі, бірінші кезекте, дыбыстың артикуляциясына негізделіп отырады. Сондықтан да қазақ тілінің дыбыс талданым тарихы оның артикуляциясын зерттеудің тарихы болып табылады. Өйткені тілдің дыбыс құрамы дегеніміз - белгілі бір тілге тән саны шектеулі дыбыстардың артикуляциялық бірлігі.
Қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық бірлігі қазақ тілінің төл дыбыстарының (дауысты, дауыссыздар) өзара үйлесімді жасалым белгілерінің жүйесі (системасы) арқылы анықталады. Зерттеушілер қазақ фонетикасының зерттелім кезеңдеріне (ерте кезең, алғашқы кезең, орта кезең, жаңа кезең) сай теориялық танымы мен практикалық ұстанымдарынан туындайтын артикуляциялық нәтижелерге қол жеткізіп отырды. Ендеше қазақ фонетикасының зерттелу тарихы қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық талданым тарихы болып табылады. Дыбыс артикуляциясы артикуляциялық фонетиканың нысаны болғандықтан, оның бастау, даму және қалыптасу, сондай-ақ болашағы жайлы мәлімет жинап, саралап шығуды қажет етеді.

2 Қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық жайына сипаттама
2.1 А.Байтұрсынұлы анықтаған қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық сипаты
Қазақ тілінің төл дыбыс құрамын анықтап, жіктелім белгілерін көрсетіп, жіктелім атауларын алғаш ұсынған қазақ тілтанымының негізін қалаған А.Байтұрсынұлы болып табылады. Қазақ сөзінің фонетикалық талданым желісінің мәтіннен дыбысқа қарай жүргізілу керектігі мен сөз ішіндегі дыбыстардың өзіндік байланысу заңдылығы бар деген ойды да ғалым еңбектерінен табамыз.

2.2 Қ.Жұбановтың дыбыс жіктелімінің артикуляциялық талданымы
Профессор Қ.Жұбановтың фонетика жайындағы ғылыми лекциялар жиынтығы ғалымның өз кезіндегі Ресейлік ғалымдардың еңбектерімен етене таныс болғандығын көрсетеді. «Бір тілде жұмсалатын дыбыстардың жалпы санының үші-қиыры жоқ, бірақ оның бәрінің бірдей сапасы әртүрлі бола бермейді. Сапасы әртүрлі болатын дыбыстар белгілі мөлшерде ғана болады да, көп болмайды» [49, 169] деп, ресей ғалымдарының ғылыми жетістіктері тұрғысынан қорытынды жасайды. Бұдан біз қазақ тіліндегі дыбыстардың сөз мағынасы үшін маңызы бар және маңызы жоқ деген пайымдауды аңғарамыз. Бұл «фонема» және «аллофондар» жігін ажыратқандықтың белгісі болып табылады.

2.3 Кеңесбаевтың фонетикалық талданымының артикуляциялық негіздемесі
Қазақ фонетикасының даму барысында өзіндік орны бар, артикляциялық талданымның жаңа сатыға көтерілген дәуірі акад. І.Кеңесбаев еңбектерімен тікелей байланысты [50; 59 б.]. Проф. Ә.Жүнісбектің айтуынша «академиялық фонетиканың қалыптасқан» кезі болды [47, 7 б.].
Акад. І.Кеңесбаев дыбыстау мүшелері деп ат қойып, «Тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Тіл дыбыстарын жан-жақты білу үшін, олардың жасалу жолдарын толық түсіну үшін дыбыстау мүшелерінің әр қилы қызметін білу керек» деп, сөйлеу мүшелерінің маңызын анықтаудан бастайды. Сөйлеу (дыбыстау) мүшелерін тыныс мүшелері, тамақ және қуыс мүшелер деп үш топқа бөледі. Сөйлеу мүшелерінің ішінен өкпе, дауыс шымылдығы және тіл үшеуін ерекше бөліп қарайды.

2.4 С.Мырзабековтың фонетикалық мұрасының артикуляциялық сипаттамасы
Қазақ тілінің дыбыс құрамы мен оның жүйесінің ең толық талданымы проф. С.Мырзабеков еңбектерінде берілген. Сондықтан да ғалым еңбектерінің талданымына толығырақ тоқталдық. Ғалымның фонетикалық еңбектері бірнеше рет жарық көрген [30; 31; 14 б.]. Әр басылым сайын толықтырылып, жаңа мәліметтер қосылып отырған [33]. Біз ғалымның осы соңғы шыққан қорытынды еңбегін зерттеу нысаны ретінде алып отырмыз.

2.5 Б.Қалиев еңбектеріндегі қазақ тілі дыбыстарының артикуляция-лық жіктелімі
Қазақ фонетистерінің зерттеу еңбектеріне акад. І.Кеңесбаевтың теориялық ұстанымының ықпалы күшті болды. Сондықтан да көп жағдайда дыбыс талданымы (анықтамасы мен жіктелімі) акад. І.Кеңесбаев ұсынған талданым желісі қайталанып отырады.
Акад. І.Кеңесбаевтың фонетикалық мектебінің түлегі проф. Б.Қалиев еңбектеріндегі қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық жіктелімінен ұстазының үлгісін байқауға болады. Алайда, проф. Б.Қалиев алдымен қазақ тілінің төл дыбыс құрамы мен кірме әріп/дыбыстардың басын ажыратып алып, сонан соң төл дыбыстарға баса назар аударады.

2.5 Ж.Аралбаев еңбектеріндегі дыбыс жіктелімінің артикуляциялық талданымы
Қазақ фонетикасын зерттеушілердің бірі проф. Ж.Аралбаев дәстүрлі зерттелім әдістерін ұстанды. Ең бастысы қазақ тілінің дыбыс құрамына орыс тілінен енген дыбыстар мен дыбыс таңбаларын (әріптерді) қазақ тілі дыбыстарымен бірге қарастырады. Өйткені сол дәуір орыс тілі мен орыс жазуының тікелей ықпалы күшейіп тұрған кез болатын. Сондықтан да «Қазіргі қазақ тілі» деген атпен бүкіл оқулықтар мен оқу-құралдары 42 әріпке таңылған әліпбиді пайдаланып отырды. Өзге зерттеушілер де сол 42 әріпке (дыбысқа емес) артикуляциялық талдау жасауға тырысып отырды.

2.6 Қазақ тілі оқулықтарындағы артикуляциялық талданым үлгісі
Қазіргі қазақ тілінің мектеп пен жоғары оқу орнына арналған оқулықтары мен оқу құралдары дәстүрлі фонетика нәтижелеріне сүйеніп жазылып келе жатқандығы белгілі. Сондықтан да оларда қабылданған фонетикалық (артикуляциялық) талданымның бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Сондықтан да олардың бәріне тоқталып жатудың қажеті жоқ. Ең соңғы шыққан озық үлгідегі және Білім министрлігі арнайы ұсынып отырған, теория/практикалық тәжірибесі жоғары ұжымдық авторлар тобының оқу құрал ретінде дайындаған «Қазіргі қазақ тілінің» фонетика бөлімінде қазіргі кездегі кең тараған жіктелім белгілер қамтылған.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ фонетикасының өзіндік тарихи қалыптасу кезеңдері болды.
Қазақ тілтанымының артикуляциялық фонетикасының бастау көзі ретінде ХІХ ғасыр зерттелімін алу керек болады. Өйткені алғашқы аз-кем артикуляциялық мәлімет орыс зерттеушілерінің еңбегінен табылады. Алайда артикуляциялық ұғым-атаулар европа лингвистикасының үлгісінде беріліп отырды. Сондықтан да зерттелім нәтижесінің артикуляциялық кестесін сол орыс тілінде бергенді жөн көрдік.
ХХ ғасырдың басында ұлт зерттеушілерінің еңбектері жарық көре бастады. Бұл кезде зерттеу құралы ретінде төл ұлттық ұғым-атаулар кеңінен пайдаланылды. Сөйтіп қазақ тілі дыбыстарының артикуляциясын зерттеудің жаңа бағыты қалыптасты. Зерттелім нәтижесінің артикуляциялық кестелері сол ұлттық ұғым-атаулар негізінде құрастырылды.