Қазақ тілі сабақтарында ойын элементтерін қолданудың теориялық негіздері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ 7
1.1 ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ 7
1.2 ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДЫБЫСТАРЫН ИГЕРТУ 15
1.3 ОҚЫТУ МАЗМҰНЫНЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 22
2 МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ ЖАЙЫНДА 30
2.1 САБАҚТА ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ і 30
2.2 ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ 36
2.3 ҚАЗАҚ ТІЛІН ӨТКІЗУ БАРЫСЫНДА ОЙЫН ТҮРІН ПАЙДАЛАНУ 51
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 64
ҚОСЫМША 1 66
ҚОСЫМША 2 66
ҚОСЫМША 3 66
ҚОСЫМША 4 66
ҚОСЫМША 5 66
ҚОСЫМША 6 67
ҚОСЫМША 7 67
ҚОСЫМША 8 67
ҚОСЫМША 9 68
ҚОСЫМША 10 68
ҚОСЫМША 11 68
ҚОСЫМША 12 69
КІРІСПЕ
Білім жүйесін жаңартуға негіз болып отырған бірнеше қоғамдық-әлеуметтік себептерді анықтай отырып, ғалымдар бүгінгі оқыту үрдісіне жаңа бағыттардың керектігін дәлелдеді. Осы уақытқа дейін біржақты болып келген білім мазмұны бұрынғыдай пәндік биік білім жиынтығымен емес, ендігі білім нәтижесі.
Тақырыптың өзектілігі. «Оқытудың мақсаты қазіргі жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай алуға, өзін- өзі іске асыруға, өзін- өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға негізделеді» деп Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында айтылғандай оқу әрекеті негізінде ұлттық санасы жоғары, жан-жақты білімді, терең ойлай алатын, шығармашылық қабілеті қалыптасқан өркениетті қоғамға лайық алдыңғы қатарлы дара тұлға дамытумен ерекшеленіп отыр.
1 ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Орыс педагогы К.Д.Ушинский айтқандай,қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп , ескі бір сарындардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті сабақта пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды,тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
1.2 ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДЫБЫСТАРЫН ИГЕРТУ
Ізденімдік ойындар – оқушыларды ізденімпаздыққа, белгісізді табуға, құштарлыққа үйрететін дидактикалық ойындардың бір түрі. Сабақ барысында фонетиканы өткен кезде ізденім ойындарды кірістіре оқыту оқушылардың сабаққа белсенділігін арттырады. [13.107.]. Оқушыларға дыбыс жүйесінің өзіндік белгілерін саралап танытуда, олардың фонетикалық біліктері мен білімдерін тәжірибеде қолдануда, ізденімдік ойындардың қызметі ерекше, мысалы «Дауыссыз дыбыстар» тақырыбын өткенде, төмендегідей ойын өткізу оң нәтижеге қол жеткізеді.
1.3 ОҚЫТУ МАЗМҰНЫНЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Дидактикалық дайындық жалпы кәсіби-педагогикалық даярлықтың негізгі және маңызды саласы екені белгілі. Мұғалімнің дидактикалық дағдыларына жататындар:
Олардың оқыту процесінің теориясы мен практикасының мүмкіндіктері
Нақты айтқанда, оқытудың мақсаттары мен мазмұнын, оны ұйымдастырудағы қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерін жете біліп, іске асырудың жолдарын меңгеруді – дидактикалық даярлықты анықтайтын белгілер деуге болады. Осыған орай, педагогикалық қызметті атқаруға қажет мұғалімнің бойында мынадай дидактикалық қабілеттер болуы керек: оқыту процесін жоспарлай білу, оны мақсатты түрде ұйымдастыра алуы, жүйелі түрде бақылау мен бағалау ісін орындап отыру.
2 МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ ЖАЙЫНДА
2.1 САБАҚТА ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ і
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі.
Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. [16.179.]. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.
2.2 ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. [30.58.]. Оқушылардың мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.
2.3 ҚАЗАҚ ТІЛІН ӨТКІЗУ БАРЫСЫНДА ОЙЫН ТҮРІН ПАЙДАЛАНУ
Оқушыларға оқу материалын меңгерту үшін қолданылатын ойындар сабатың әсерлілігін, тартымдылығын арттырып, оқушының танымдық белсенділігін, ынтасын күшейтеді. Сондай-ақ ойын үстінде оқушының түрлі қасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігі артатынын көрнекті педагог А.С.Макаренко кезінде атап көрсеткен болатын. [32.19.]. Сондықтан қазақ тілі сабақтарында ойын элементтерін қолдану — мұғалімдердің сабақ түрлеңдіру әрекеттерінің басты мақсаты болып қаралады. Сол себептен мен осы жұмыстың барысында ойын элементтерінің сабақ түріне байланысты қолданылу ерекшелігі, тиімділігі, маңызы зор екеніне көзім жетті. Дәләл ретінде ойын сабағының жоспарын ұсынамын.
ҚОРЫТЫНДЫ
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі, ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі.
«Ойын» ұғымына түсініктеме берсек, бұл адамның мінез-құлқын, өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде іс-әрекеттің бір түрі.
Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.