Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 77 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем мәселесі және оны оқытудың ерекшелігі


Мазмұны
КІРІСПЕ 5
1 Құрмалас сөйлем синтаксисі - синтаксистің негізгі нысаны 7
1.1 Құрмалас сөйлем жайлы жалпы мәлімет 7
1.2 Сәрсен Аманжоловтың құрмалас сөйлемді зерттеудегі қызметі 17
1.3 Құрмалас сөйлемге тән белгілер 25
1.4 Құрмалас сөйлемнің жасалуы 47
2 Құрмалас сөйлем түрлері 51
2.1 Көп құрамды құрмалас сөйлемдер 51
2.2 Көп құрамды салалас құрмалас сөйлемдер 56
2.3 Көп құрамды сабақтас құрмалас сөйлемдер 59
2.4 Көп құрамды аралас құрмалас сөйлемдер 64
2.5 Құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеу әдістері 69
ҚОРЫТЫНДЫ 75
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 77

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Тілді зерттеудің жаңа бағыттары қазақ тілінің әлеуметтік ахуалын жақсартып, мәртебесін көтерудегі рөлін арттыратыны сөзсіз. Тілдің дамып жетілуі – ұзақ та күрделі құбылыс. Әрине тіліміздегі барлық сала бір уақытта зерттеу нысаны болуы мүмкін емес. Сондай қазақ тіл білімі саласындағы ең кеш қолға алынған және аз зерттелгені синтаксис саласындағы – құрмалас сөйлем синтаксисі. Құрмалас сөйлем синтаксисі туралы айтыла бастаған азын-аулақ алғашқы пікірлерді отызыншы жылдар ішінде мектептерге арналып жазылған оқулықтардан, оқу бағдарламаларынан кездестіруге болады. Құрмалас сөйлемнің жасалу табиғаты жеке жай сөйлемдердің өзара бірігу заңдылықтарына негізделеді. Яғни жай сөйлемдер құрмалас сөйлемнің құрамына енгенде, олар өзара белгілі бір байланысқа түседі. Ал мұның өзі жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің арасындағы сабақтастықты аңғартса керек. Өйткені, құрмалас сөйлемнің күретамыры - жеке жай сөйлемдер.

1 Құрмалас сөйлем синтаксисі - синтаксистің негізгі нысаны

1.1 Құрмалас сөйлем жайлы жалпы мәлімет
Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемдер Қазан революциясынан бұрын да сөз болған. Олардың нағыз ғылыми дәрежеде зерттелуі – соңғы кездің жемісі. Құрмалас деген термин сол кездерден бастап енді. Бұл термин практикалық тілде кездеспейді, грамматикалық термин ретінде тек лингвистикада ғана қолданылады. Бұл атау құра деген етістіктен жасалған туынды сөз. Терминнің мағынасы өзі атау болған категорияның мазмұнына сай келеді. Өйткені құрмалас сөйлем деген атаумен аталатын сөйлем – екі я одан да көп жай сөйлемдерден құралатын құранды категория.

1.2 Сәрсен Аманжоловтың құрмалас сөйлемді зерттеудегі қызметі
Қазақ тіл білімінің туып, қалыптасуы, дамуы бүгінгі кемелденген шағына жетіп, биіктерге көтерілуі оның ірге тасын қалап, қазақ тілін ғылым ретінде қалыптастырған ардақты есімдермен тығыз байланысты. Қазақ тіл білімінің тарихында оның ғылыми-теориялық негізін салған ғалымдардың әрқайсысының орны ерекше.

1.3 Құрмалас сөйлемге тән белгілер
Қазақ тілі білімінде құрмалас сөйлемнің кем дегенде екі жай сөйлемнен құралатынын, күрделі ойды білдіретінін ешбір ғалым бекер демейді.
«Тіл құралы» деген атпен 1925 жылы қазақ тілінде шыққан А.Байтұрсыновтың оқулығында: «Қазақ тілі сөйлемдері арасында екі түрлі жақындық болады: оның бірі – ішкі мағына жақындғы, екіншісі – сыртқы қисын жақындығы» дегенді айта келіп, жай сөйлемдер бір-бірімен бірігіп, бір құрмалас сөйлем болу үшін олардың арасында осы екі жақындықтың, ішкі мағына жақындығы мен сыртқы қисын жақындығының болуы керек делінген. Басқаша айтқанда, құрмалас сөйлем компоненттері бір-бірімен екі жақты әрі мағыналық, әрі тұлғалық байланыста болады делінген. Бұл – құрмалас сөйлемнің синтаксисіне байланысты қазақ тілінде айтылған пікір еді, бірақ соған қарамастан компоненттер арасындағы бірлікті, байланысты дұрыс көрсеткен. Құрмалас сөйлемнің құрамына енетін жай сөйлемдер арсында осы айтылған екі түрлі байланыстың екеуі де болатынын құрмалас сөйлем синтаксисін кейініректе зерттеген ғалымдардың қай-қайсысы болсын жоққа шығармайды. Бірақ А. Байтұрсынов оқулығында компоненттер арасында болатын тұлғалық байланыстың қандай тәсілдер арқылы көрінетіні компоненттер құрамында негізгі мүшелердің болу қажеттігі туралы ештеме айтылмаған.

1.4 Құрмалас сөйлемнің жасалуы
Жай сөйлем құрамына енген сөздердің бір-бірімен грамматикалық тығыз байланыста тұратыны сияқты, құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер де өзара байланысты болады. Тек сондай байланыстың арқасында ғана жай сөйлемдердің бастары бірігіп, күрделі ойды білдіретін бір бүтін сөйлем бола алады. Жай сөйлемдер арасындағы байланыс та сөйлем мүшелері арасындағы байланыстар сияқты бірде теңдік қатынасқа негізделеген салаласа байланыс болса, бірде грамматикалық жақтан біріне-бірі меңгерілу, бағыну негізіндегі сабақтаса байланыс болады. Жай сөйлемдер байланысының бұлай әр түрлі болуы оларды байланыстырушы дәнекерлердің, амал-тәсілдердің әр алуандығында.

2 Құрмалас сөйлем түрлері
2.1 Көп құрамды құрмалас сөйлемдер
Қандай ғылым болса да зерттеуді, түсінуді жеңілдету үшін өз объектісін түрлі топқа жіктеп қарау тәсілін қолданады. Мұндай тәсіл латын тілінен ауысқан классификация деген терминмен аталады. Классификация атаулының термині қандай болса да, жіктеуге, түрлі класқа бөлуге негіз етіп әрбір топқа, класқа енетін заттарға, құбылыстарға, категорияларға ортақ, барлығында бірдей кездесетін белгілерді алады. Ондай ортақ белгісіз ешқандай да классификация болмайды. Белгілі бір классификациялық топтың құрамындағы заттардың, құқбылыстардың, категориялардың екінші бір топтан өзгешелік дәрежесі классификацияға негіз етіп алынған белгілердің, қасиеттердің сипатына, өзгешелік дәрежесіне байланысты. Классификациялық белгі неғұрлым ашық, айқын болса, бір топтағыны екінші топтағыдан ажырату да соншалық жеңіл болады.

2.2 Көп құрамды салалас құрмалас сөйлемдер
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің көп бағыныңқылы болып келетіні сияқты бір салалас сөйлем құрамында үш немесе одан да көп жай сөйлемдер келе береді. Мұндай көп компонентті салалас сөйлемдерді компоненттерінің бір-бірімен мағыналарын қатынастарына қарай атау мүмкін емес. Өйткені ондағы компоненттердің бір-бірімен мағыналық қатынастары әр түрлі болып келеді. Мысалы: Шұғыл орысша білмейді, Барон қазақша білмейді, бірақ екеуі кейде араға тілмаш салмай-ақ түсінісе береді ( Х. Есенжанов). Молдаекесі, кенже балам еді, өзі өте қорқақ, ұра бермессіз ( Б. Майлин). Арқа бусанды, маңдай терледі, шықырлаған аяз естен шықты ( С. Сейфуллин). Бұл арада жайлайтын да, қыстайтын да ел жоқ, себебі ең болмаса ықтайтын шілігі жоқ, не суы жоқ, бірақ жерінің шөбі қалың өседі ( С. Мұқанов).

2.3 Көп құрамды сабақтас құрмалас сөйлемдер
Көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлемдерге тән басты ерекшелік, бір-бірімен ұласа байланысқан жай сөйлемдік үлгілердің соңғысынан басқасы тиянақсыз тұлғада тұрады. Тиянақсыз тұлғалы сыңардың кемі екеу болып келуі де басты нысан: Көзінен жас сорғалап, иегі – иегіне тимей сақылдап, тұла бойы қалтырап барады ( А. Жұмаділов). Ал жалпы сыңарлар саны төртке жеткенде, тиянақсыз тұлғасының саны үшеу болады: Өз ошағының басына жетіп, көңілі жай тауып, қой жүнінің қышқылтым шәйірі мен қидың көңірсік қою иісі танауына келгенде, тәтті бір ұйқы қысып манаурай бастады ( Ғ. Мүсірепов). Тиянақсыз сыңарлар санының артуы көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің қанат жайып, кеңейе беретінін көрсетеді.

2.4 Көп құрамды аралас құрмалас сөйлемдер
Аралас құрмалас сөйлемнің құрылысында басқаша бір түзілім болатындығын оны жақын тарта келе тануға болады. Мәселен, басқа көп сыңарлы құрмалас сөйлемдер түріндегі негізгі предқикативтілік бөліктер саны көбіне төрт-бестен аспайтын болса, аралас құрмалас сөйлемнің құрамында бұлардың көрінісі жиі және сыңарлардың одан әрі жайылмалануында шек болмайды. Оларды төмендегідей құрамда жеке топтап көрсеткен орынды деп санаймыз:

2.5 Құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеу әдістері

Оқыту әдістерін тиімді пайдалану үшін шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы оқушылардың пәрменді ойлауын дамытудың негізі болып табылатын әдістеме теориясының тірегі – әдістерді анықтап алу басты міндет. Анализ әдісі – ойлаудың логикалық тәсілі, ал синтез – таным деңгейін көтеру әдісі. Синтез – талдау барысында бөлшектенген ұғымдарды жинақтау, біріктіру деген сөз. Жалпы мен жекенің бірлігі танылып, өзара байланыстағы тұтастық жасалады. Құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеудегі білімдерін өзіндік таным тұрғысынан жинақтауға жетелейді. Ұсынылып отырған құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеу әдістемесінде индуктивті-дедуктивті, эксперимент әдісі, салыстыру, қатысымдық, проблемалық, жаттығу, интерактивтік әдістер қолданылады. Салыстыру әдісі – дамыта оқыту технологиясының белсенді әдістерінің бірі. Құрмалас сөйлемдерді оқытуда салыстыруға негізделген тапсырма түрлері әртүрлі қырынан беріледі. Салыстыруға негізделген жаттығулардың мазмұны төмендегіше құрылды:

ҚОРЫТЫНДЫ
Құрмалас сөйлемнің заңдылықтары жеке жай сөйлемдердің өзара үйлесе бірігуінен шығып жатады. Бұл ретте өзара байланыстырушы амалдар мен мағыналық үйлесімділіктің бір-бірімен сай түсіп жатуы өте қажет-ақ. Бұлай болмаған күнде бір бүтін құрмалас сөйлем де туындап жатпаған еді. Сонымен қатар әрбір жеке жай сөйлемдердің грамматикалық құрылысы да айрықша мән атқарады. Ол – ең алдымен предикаттық қатынасқа негізделеді. Сонда құрмалас сөйлемнің құрылысы ең кем дегенде екі предикаттық қатынастың негізінен шығатын болады. Осы жұмысты жазу барысында мен мұны ең басты критерийдің бірі ретінде берік ұстадым. Бұлай болмайынша құрмалас сөйлемнің табиғатын айқындай білуде көптеген қиындықтар кездеседі.