Жай сөйлем синтаксисі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Жай сөйлем синтаксисі 6
1.1 Синтаксис туралы түсінік 6
1.2 Сөйлемнің (айтылу мақсатына қарай) түрлері 9
1.3 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері 12
1.4 Сөздердің түбір күйінде баяндауыш болуы туралы 15
1.5 Сөздердің грамматикалық болуы туралы 16
2 Есім баяндауыштар 20
2.1 Есім баяндауыш туралы түсінік 20
2.2 Зат есімдерден болған баяндауыштар 20
2.3 Сапалық есімдер мен есімдіктерден болған баяндауыштар 21
2.4 Есімдерден болған күрделі баяндауыштар 22
2.5 Құрама баяндауыштар 22
2.6 Құрама баяндауыштағы модальды сөздер 23
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27
КІРІСПЕ
Жай сөйлем синтаксисі өте кең әрі жиі талқыланатын тақырыптардың бірі. Осы «Жай сөйлем синтаксисі» атты курсттық жұмыстың өзектілігі мынада болып саналады. Жалпы алғанда, тіліміздегі сөйлемдердің санына қарай оның көптеген тәсілдер мен жолдар арқылы жасалуын да ескергеніміз жөн. Жай сөйлем түрлерінің жасалуы уақыт өте келе бір жерде тоқтап қалмай, дамып, байып келеді. Тілімізге басқа тілдерден енген сөздер арқасында осы жай сөйлем синтаксисі атты сала жақсы әрі қарқынды дамып келеді. Сол себепті дамып келе жатқан осы білім саласын жан-жақты зерттеп, қыр-сырын терең қарастырғанымыз дұрыс. Міне осы мәселелердің бәрін де қамтып қарастыру өзекті мәселе болып саналады.
1 Жай сөйлем синтаксисі
1.1 Синтаксис туралы түсінік
Синтаксис –(грекше Syntaxis)-морфология сияқты грамматиканың өзекті саласының бірі. Грамматиканың өзара тығыз бұл екі саласының қарастыратын объектілері –тілдің грамматикалық құрылысының мәселелері [3].
Морфология-сөздің грамматикалық жүйесін, құрылысын сөз таптарының грамматикалық жүйесін, құрылысын зерттейді. Синтаксис-грамматикалық ілім ретінде мынадай екі салаға бөлінеді:
1.2 Сөйлемнің (айтылу мақсатына қарай) түрлері
Хабарлы сөйлем
Бір нәрсенің немесе бір іс жайын хабарлау мақсатында айтылған сөйлем хабарлы сөйлем деп аталады.
Мысалы: Абай екі-үш күндік жолдан шаршап, ауылға кеше оралған еді. Оның ұлы үлкен қаладан үлкен оқу тауысып келген көрінеді. Ұлымызды балалар бақшасына бердік.
Хабарлы сөйлемдердің маөмуны әр түрлі болады. Олардың мазмуны сөйлемге қатысқан сөздермен, әсіресе баяндауыштардың мағыналық, тулғалық ерекшіліктерімен байланысты болады. Баяндауыштардың тулғалық ерекшеліктеріне қарай хабарлы сөйлемдер:
1.3 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Сөйлем құрауға негіз болатын өзара предикаттық қатынаста жұмсалатын сөйлем мүшелерін-турлаулы мүшелер дейміз. Турлаулы мүшелердің синтаксистік қызметі бірдей болмайды.
Бастауыш-сөйлемде айтылатын ойға негіз болады. Ал баяндауыш бастауыштың ісін, қимылын, күйін және басқа заттық, сындық сапасын білдіріп, бастауышқа бағанады. [11].
Тұрлаулы мүшелердің ең негізгісі-бастауыш. Дегенмен сөйлемдегі қызметі жағынан бастауыштан баяндауыштың синтаксистік қызметі анағұрлым басым болады. Ол сөйлемдегі ойды тиянақтап көптеген сөздерді ілестіріп барып, сөйлемді аяқтап турады. Яғни сөйлемнің ең негізгі уйымдастырушы мүшесі.
1.4 Сөздердің түбір күйінде баяндауыш болуы туралы
Баяндауыштың қызметі басқа мүшелермен, әсіресе бастауышпен қатар қойып айтқанда айқын болады: қара, керек деген сөздерді. Сен малға қара немесе Мысыққа ойын керек дегендей тіркесте айтқанда болмаса, олардың баяндауыш екендігі белгілі болмайды. Бірқатар сөздер жеке турып та. Баяндауыш бола алады. Көтеріңкі дауыспен Шық! Мақул! Дұрыс! Масқара! Дегенде, олар жеке турып-ақ баяндауыш қызметінде жумсалады. [14].
1.5 Сөздердің грамматикалық болуы туралы
Баяндауыштардың морфология-синтаксистік тулғасы-жіктік жалғаулары. Жіктік жалғаулары-әрі баяндауыштық тулға, әрі баяндауыш пен бастауышты өзара байланыстыратын синтаксистік тулға. Олар тек етістікке ғана емес, баяндауыш қызметіндегі 1,2 жақтағы есімдерге де жалғанады.Жіктік жалғаулары отыр, тур жатыр, жүр деген 4 қалып етістіктеріне тікелей жалғанып барып баяндауыштық қызмет атқарады. Бұлардан басқа етістіктерге жіктік жалғаулары (Есімше, көсемше, рай журнақтардан кейін жалғанады.
Ал есім сөздердің негізі, туынды түрлеріне, тіпті, жатыс, шығыс септіктеріндегі сөздерге де жалғана береді. Мысалы: Мен қырықтамын немесе сен отыздасың. Біз бәріміз Қостанайданбыз.
Бұдан біз жіктік жалғауының сөздерге жалғану мүмкіндігінің үлкен екенін, синтаксистік қызметінің екенін көреміз. Баяндауыш жасайтын негізгі грамматикалық форма екенін аңғарамыз [15].
2 Есім баяндауыштар
2.1 Есім баяндауыш туралы түсінік
Қазақ тілінде есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктер) қайсысы болса да, баяндауыш қызметінде жұмсала береді. Ол үшін олардың жанында көмекші етістіктің туруы шарт емес. Сонымен қатар есімді сөйлемдердің қазақ тілінде өзіндік ерекшелігі болады. Оны орыс тілімен салыстырғанда дұрыс түсінуі болады. Мысалы: Мен студентпін-Я есть студент. Бұл сөйлемде елеулі айырмашылық байқалады. Ол – студент деген сөйлемдегі деген баяндауышты бастауышсыз айтуға болмайды. Я-ученик дегенді де бастауышсыз айтуға болмайды. Бірақ қазақ тілінде студентпін, оқушымын деп ықшамдап айтуға болады. Сөйлем құрылысы жағынан ықшамдылық қасиет ие болған. Бұл қазақ тілінің өзгешелігі [18].
2.2 Зат есімдерден болған баяндауыштар
Зат есімдер түрлі тұлғада, тіпті кейбір септік жалғауларында турып та баяндауыш бола береді. Ондай зат есімдерден болған баяндауыштар бастауыштың заттық сапасын – кім екенін білдіреді. Мысалы:
1. Түнергенде-түнмін, күлгенде-күнмін
2. Сөзім-шекер, тілін-бал, лебізімнен алған нәр
3. Ағаш көркі-жапырақ, адам көркі-шүберек. (Мақал)
2.3 Сапалық есімдер мен есімдіктерден болған баяндауыштар
Сапалық есімдер де (сын есім, сан есім) есімдіктер де баяндауыштық қызметте жұмсала береді. Бірақ олардың баяндауыштық дәрежесі де, баяндауыштың қызметі де әр түрлі болады. Сапалық есімдер (сан есім, сан есім) әдетте зат есімдердің сындық, сандық сапаларын білдіріп анықтауыш болады. Сонымен бірге, баяндауыштық қызметте де жұмсалады. Олар анықтауыш болғанда анықтайтын зат есімнің алдында келсе, ал баяндауыш болғанда, бастауыштан кейін турады. Яғни, бастауыштың қанша екенін, қандай күйде екенін білдіреді.
2.4 Есімдерден болған күрделі баяндауыштар
Есімдерден құралған сөз тіпкестері де баяндауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы: 1.Бейбітшілік Ордасы-Қазақстан Республикасы. 2. Екі ауданның арасы-жүз шақырым.3. Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы. Есімдерден болған күрделі баяндауыштар қалай танылады? Егер зат есім баяндауыш болса, сол зат есімнің алдында анықтауышы болуы мүмкін [19].Олар көп жерде күрделі баяндауыш тәрізді болып көрінеді. Ондай өзара грамматикалық байланыста турған анықтауыштың бәрі баяндауыш бола бермейді. Мысалы:1) Ол-мектепті биыл бітіретін оқушы. Бастауыш-ол, баяндауыш-оқушы, Ортадағы сөздер-турлаусыз мүшелер. Оспан-еренбейтін мұғалім. Бастауыш-Оспан, баяндауыш-мұғалім.
2.5 Құрама баяндауыштар
Құрама баяндауыштар есімдер мен етістіктерден құралады. Мысалы: Мына төсекте сақалы жатқан-осы Нағиманың ері. Кәсібі-ағаш шабу. Мұндағы Нағиманың ері-күрделі есім баяндауыш. Оған еді, екен, болатын сияқты көмекші етістіктерді қосып айтсақ, баяндауышымыз болада. Ал Кәсібі-ағаш шабу дегендегі ағаш шабу-құрама баяндауыш. Құрама баяндауыштың негізгі сөзі есім болады. Есім баяндауыштардың қызметін тиянақты етіп, оларға шақтық, видтік, модальдік мағына беретін сөздер-олардан кейін жалғанатын әр түрлі көмекші етістіктер мен модаль сөздер. Мысалы: Асқар сағатынақараса, сағат түнгі тоғыз болып қалған екен. Мұндағы есім баяндауыш-тоғыз болып қалған екен. Тоғыз-негізінде, болып қалған екен-көмекші етістіктер.
2.6 Құрама баяндауыштағы модальды сөздер
Секілді, сияқты, тәрізді, шығар, болар, көрінеді, білем, керек, тиіс – деген модальды сөздер есім баяндауыштарға көмекшілік қызмет атқарады. Мысалы: 1. Өзі еңбекқор адам сияқты. 2. Терезеден қарасам, жерде қырау бар тәрізді.3. Маған көп кәмпіт керек. Бірнеше етістік бір есімге көмекшілік қызмет атқара береді. Мысалы:1. Сағат тоғыз болып қалған екен. 2.Оның маңдайынан тер бурк ете қалды. 3. Ол студент болған болар. т.б.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жай сөйлем синтаксисі өте кең әрі жиі талқыланатын тақырыптардың бірі екені бәрімізе де белгілі. Осы «Жай сөйлем синтаксисі » атты курсттық жұмыстың өзектілігі жалпы алғанда, тіліміздегі сөйлемнің түрлерінің санына қарай оның көптеген тәсілдер мен жолдар арқылы жасалуы деп жоғарыда кіріспеде айтып кеткен едім. Сөйлемнің жасалуы уақыт өте келе бір жерде тоқтап қалмай, дамып, байып келеді. Тілімізге басқа тілдерден енген сөздер арқасында осы сөз тіркесі атты сала жақсы әрі қарқынды дамып келеді. Сол себепті дамып келе жатқан осы білім саласын жан-жақты зерттеп, қыр-сырын терең қарастырғанымыз дұрыс. Міне осы мәселелердің бәрін де қамтып қарастыру өзекті мәселе болып саналады. Курстық жұмысымның мақсаты болып, жай сөйлем синтаксисін зерттеу болып табылады. Күнделікті оқып жүрген сөйлем түрлері саласын қарастыру. Осы орайда біз ендеше курстық жұмыстың мақсатын аша алдық дей аламыз. Бұл арада әдеттегідей жалпыланған, үстіңара жай шолудан өзгеше, тереңдей оқып, жан-жақты талқыладым. Жай сөйлем синтаксисі мәселелерін тек зерттеп қана қоймай, сонымен қатар егжей-тегжейлі талқыға салдым. Менің алға қойған мақсаттарымның бірі де осы еді . Осы жұмыста атқара алдым деген тұжырымдама шығардым [22].