Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 21 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Ақпараттық өнімдерді өткізудің ақпараттық жүйесі


Жоспар

Кіріспе 3

1 Ақпараттық өнімдерді өткізудің ақпараттық жүйесі 4

1.1 Ақпарат өнімі 4
1.2 Ақпараттық жабдықтау құрылымына қойылатын талаптар 8
1.3 АӨӨАЖ-нің машинадан тыс ақпараттық жабдықтау 9
1.4 Кіріс ақпараттары 16
1.5 Шығыс ақпараттары 18

Қорытынды 20

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 21

Кіріспе

Ақпарат – латынның informatio деген сөзінен шыққан, яғни істің жай-күйі немесе біреудің іс-әрекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандай да бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны.
Ғылымның қандай салалары болса да, зерттеу барысы мен іс жүзінде біртекті әдістерді қолдана бермейді. Ғылыми ойларды дамытудың жаңа әдістеріне қолданбалы математика, ақпарат теориясы, кибернетика секілді ғылым түрлері себеп болады. Әр түрлі кезеңдер мен құбылыстарды, оның ішінде өндірістік-экономикалық және ақпараттық жүйелерді зерттеудің озық әдістеріне көбінесе жүйелік зерттеу тәсілі қолданылып жатады.
Кез-келген жүйені зерттеу мен тұрғызу және ендіру әдістемесінің негізіне өзара бір-бірімен қатынаста, байланыста болатын, әрі бүтіндей бірлікті құрайтын жүйе элементтерінің бірігуін жатқызуға болады. Жүйенің элементі деп, нақты функцияны орындайтын және берілген есеп көлемі бойынша әрі қарай бөлшектеуге жатпайтын объектіні айтамыз. Мысалы, егер нарықты жүйе ретінде қарастырсақ, онда оның әр түрлі ортадағы элементтеріне мыналар жатуы мүмкін: тауарды өңдеушілер, сатып алушылар, маркетологтар, тауарлар, бағалар, сұраныс, бәсекелестік, жарнама және т.б.

1 Ақпараттық өнімдерді өткізудің ақпараттық жүйесі

1.1 Ақпарат өнімі

«Өнім» термині адам қызметінің әр алуан салаларында кең қолданылады. Өнім әр түрлі болып бөлінеді, мысалы: халық шаруашылығының әр түрлі салаларының өнімі – ауылшаруашылық өнеркәсіптік және басқа да болып бөлінеді.
Өнім – адам еңбегінің нәтижесі қоғамды ақпаратпен жабдықтау болатын және оның тұтынушылығын қанағаттандыруға арналған ақпарат технологияларының қуатты индустриясын туындататын өнімді, яғни ақпарат өнімін қарастыратын боламыз.
Ақпарат өнімі – бұл әдеттегідей жолмен немесе электронды техника көмегімен алынған өндірістік шаруашылық әрекеттер, өнер туындысы және көңіл көтеру мен ақпараттың басқа да түрлері туралы әр түрлі мәлімдемелер, мәліметтер, білім жайлары.
Ақпарат өнімі ретінде алгоритмдерді, қолданбалы программалар пакетін, мәліметтер қоймасын, ақпаратпен қызмет көрсетуді және тағы басқаларды қарастыруға болады. Сондықтан ақпарат өнімі мен оны соңғы қолданушыға елеулі мөлшерде жеткізетін жабдық ақпарат технологиясы индустриясының нәтижесі болып табылады.

1.2 Ақпараттық жабдықтау құрылымына қойылатын талаптар

Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.
Ақпараттық жүйенің жабдықтау жүйелері, функционалды ішкі жүйелеріне қарамастан барлық экономикалық ақпарат жүйелеріне бірдей болады. Оның құрамы белгілі бір пәндік аймаққа қатысты емес. Жабдықтаушы ішкі жүйелеріне: ұйымдастырушылық, техникалық, математикалық, программалық, ақпараттық, лингвистикалық, және технологиялық ішкі жүйелері кіреді.

1.4 Кіріс ақпараттары

Кіріс ақпараты – бұл пернетақтадан түскен сигналдар, мәліметтер, құжаттар түрінде түскен ақпарат және ақпараттық жүйелердің функцияларын орындау үшін қажет.
Кіріс құжаттары және олардың негізінде алынған файлдар өз кезегінде шапшаң және шартты – тұрақты болып бөлінеді, бұл жерде материалдық, еңбектік, технологиялық және басқа да нормалар мен нормативтер және барлық керекті мәліметтер көрсетілген.
Қайта өңдеуге түсетін ақпарат бақылаудан өтуі қажет. Ең аз қажет етілетін бақылау пайдаланушының визуалды бақылауы болып табылады, сонымен қатар ақпаратты пакетке енгізу кезінде бағдарламалық бақылау қарастырылған. Есепті шешу кезінде қосымша әдістер мен бақылау формалары қарастырылуы қажет.

1.5 Шығыс ақпараттары

Шығыс ақпараты – бұл басқару объектісіне, қызметшіге немесе басқа басқару жүйелеріне берілетін құжаттар, мәліметтер және сигналдар түрінде берілетін және ақпараттық жүйелер функцияларын орындау нәтижесінде алынған ақпарат.

Қорытынды

Курстық жұмысымды қорытындылайтын болсам, оны жазу барысында ақпараттық өнімдерді қазіргі кездегі нарық жағдайында өткізудің ақпараттық жүйесін тұрғыздым.
Егер де біз экономика салаларының барлығында автоматтандырылған жұмыс орнын құратын болсақ біз тек қана жылдам қызметке қол жеткізіп қоймаймыз, сондай-ақ сапалы өнімдерге де ие боламыз.
Бірінші бөлімде ақпараттық өнім дегеніміз не, оның атқаратын қызметтері қандай, қандай түрлері болатынын, оның қалай іске асатынын көрсеттім. Дүниежүзіндегі саясатта болсын, нарықта болсын дамыған елдер маңызды орын алады, сондай-ақ нарық жағдайы, нарық ауа райы сол елдерге қарап өзгеріп отырады. Сондықтан ба онда ақпараттық өнімдерді өткізуді анықтайтын бірнеше жақсы тәсілдер бар.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Мақыш С.Б. “Коммерциялық банк операциялары” Алматы 2002 ж.
2. Смирнова Т. и др. “Проектирование экономических информационных систем ”.
3. Стороженко Л.А., Матвеева И.А. Информационно-ком¬пьютерные системы учета в Республике Казахстан./ Сборник статей “Информационные системы в экономике”. - Алматы: Экономика – 1997 г. - с.87-93.
4. Қ.С. Байшоланова Ақпараттық жүйелер теориясы, Алматы: Экономика -2002ж.
5. Н.Б.Бралиева, Қ.С.Байшоланова, Н.Л.Гагарина “Экономикадағы ақпараттық жүйелері”. Оқу құралы. Алматы, 2001 ж.
6. Н.Б.Бралиева, Л.А.Байбөлекова, Қ.Т.Балашов “Ақпараттық менеджмент негіздері”. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2000 ж.
7. Н.Б.Бралиева, В.Ф.Тимошенко, Н.Л.Гагарина “Информационные системы бизнеса”. Алматы, 1994 ж.