Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 26 стр.

Год: 2015

Предварительный просмотр

Азаматтық іс-жүргізу құқығы және азаматтық құқықтық мемлекет пен қоғамның бүгінгі даму сатысында


Мазмұны
Кіріспе 3
І тарау. Азаматтық құқық ұғымы 6
1.1 Азаматтық құқықтың пайда болуы, жүйесі 6
1.2 Азаматтық құқықтың бөлімдері 7
1.3 Азаматтық құқық принциптері 11
ІІ тарау. Азаматтық іс жүргізу құқығы 15
2.1 Азаматтық іс жүргізу ұғымы 15
2.2 Азаматтық іс жүргізу сатылары 20
2.3 Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары 22
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26

Кіріспе
Тарихта адамның ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасының ескі тәртіпті жоюды талап еткен түрліше революциялық ақыл-ойдың шабыттануы, ұлт-азаттық қозғалыстарының толқуыныңда қайта едәрілеп отырған тегін емес. Мұның жарқын мысалдары ретінде адам мен азамат құқықтарының деклорациясын (Франция), Тәуелсіздік деклорациясын (АҚШ), «Құқықтар туралы билльді» (АҚШ), Вирджиния штатының конституциясын (АҚШ) алуға болады. Адамның ажырамас абсолюттік құықтары доктринасы көптеген қазіргі мемлекеттердің, соның ішінде АҚШ, Франция, Италия, Испанияның конституцияларында көрініс тапты. Қазіргі дамыған елдерде адамның құқықтары мен бостандықтары конституциялық жолдармен бекітілген, бұл мемлекеттің адамға байланысты басып-жаншу мен зорлық-зомбылық жасауына тыйым салып, оның дербестігін және адам құқықтарының мемлекетке қарағанда басымдылығын қорғайды.

І тарау. Азаматтық құқық ұғымы
1.1 Азаматтық құқықтың пайда болуы, жүйесі
ҚР біртұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінеді. Солардың бірі-азаматтық құқық. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі. Бұл сала адамдар арасындағы мүлікке қатысты қатынастарды реттеу жағынан қарастырады, яғни жеке және заңды тұлғалардың,мемлекеттің және оның әкімшілік-аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс-әрекеттерімен тығыз байланыста. Жалпылай алғанда,азаматтық құқық дегеніміз – бір-бірімен мүліктік оқшауланған субъектілер арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Азаматтық құқықтар және міндеттер АК-тің 7-бабында көрсетіл-гендей, заңдарда көзделген негіздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекет-тер азаматтық заңдарда көрсетілгенімен, олардың жалпы негіздері мен мәніне байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады.

1.2 Азаматтық құқықтың бөлімдері
Азаматтық құқықты қолдануды жеңілдету үшін оны жалпы және ерекше бөлімдерге бөледі. Азаматтық құқықтың жалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады. Олар: келісімшарт, меншік құқығы және міндеттемелік құқығы. Екі жақты мәмілелер шарт болып табылады. Шарт адамзат тарихында адамдардың арасында туындайтын қатынастарды реттеудің ежелгі дәуірлерден келе жатқан, кеңінен тараған әдістерінің бірі. Шарт – сату – сатып алу, айырбас, рента, мүлікті жалға беру, сақтау және т.б. қатынастар негізінде жүзеге асырылады [6].
Шарт дегеніміз – екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттердің белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісім. Шарт еркіндігі – шарт жасаудың басты әрі айнымайтын қағидасы. Шарт еркіндігінің қағидасы:

1.3 Азаматтық құқық принциптері
«Принцип» (қағидат) термині латынның сөзі - бастау, негіз дегенді бідціреді. Азаматгық принщштері (кағидаттары) - ол нормативтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтык-құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз. Ол Қазақстан Республикасы азаматгық заңының мейлінше маңыз-ды тұстарын көрсетеді. Демек азамаггық заңды түсіну мен оны қолдану азаматтық қүқықтың тек жалпы принциптері (қағидаттары) арқылы мүмкін болады. Принциптер (қашдаттар) Азаматтық құқық жүйесінде әрқа-шанда бастапқы норма болып саналады. Сондықтан да баска нормалар онымен жанама түрде көрініп, жалпы сипат алады, демек принциптер өзгелерден басым түседі [11]. Принциптер азаматтық-қүқықтық нормалардың барлық жүйесін қамтып, бас-шылыққа алынады. Азаматтық кодекстің 2-бабындағы азаматтық зандардың жалпы негіздері мен мәнісі бекін түсуіне байланысты, енді принциптер нормативтік мәнге ие болды және оны колдану мівдеттілікке айналды. Бұрын-сонды азаматтық прин-циптер заң нормаларында арнайы термин немесе тиянақты тұжырьшдама ретінде бекітілмеген еді, тек "азаматтық заны жалпы негіздері мен мәнісіне байланысты" деген жалпы тұжырымдамамен шектелетін (Қазақ КСР АК-тің 4-бабы).

ІІ тарау. Азаматтық іс жүргізу құқығы
2.1 Азаматтық іс жүргізу ұғымы
Азаматтық іс – азаматтық іс іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіппен азаматтық сотта қаралатын іс. Азаматтық іске: жеке адамдар мен заңды тұлғалардың құқылары мен заңды мүдделерін қорғайтын азаматтық құқық бойынша дау - дамайлар жөніндегі іс басқару органдарының немесе лауазымды басшылардың өз уәкілеттерін бұза отырып, азаматтардың құқыларына нұқсан келтірген іс - әрекеттеріне шағым бойынша заңды мәні бар деректерді айқындау жөніндегі іс; азаматтық құқық субъектілерінің мүліктік емес жеке құқыларын (яғни ар – намысын, абыройы мен іскерлік беделін, т.б. Құқық қорғауға байланысты іс жатады. Азаматтық іс арнаулы заңдарда көзделген қағидаларға сай жүргізіледі. Азаматтық іс жүргізу құқығы – азаматтық істерді сотта қараудың шешудің тәртібін, сондай – ақ соттардың және басқа да кейбір органдардың қаулыларын орындау тәртібін реттейтін құқық саласы [17].

2.3 Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары
Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары дегеніміз – азаматтық іс жүргізу әрекеттер тәртібін реттейтін жалпы және деректі ережелер, нормативтік-құқытық актілер. Азаматтық істерді жүргізу заңдары- азаматтық, отбасылық, еңбектік-құқықтық қатынастардан туатын даулар жөніндегі істерді, әкімшілік-құқықтық қатынастардан туатын істерді және ерекше сипаттағы істерді қарау тәртібін белгілейді. Бұл заңдардың құрамына ҚР АІЖК-сі және басқа заңдар кіреді. Ең алдымен заң күші жоғары ҚР Конституциясы туралы айту керек және оның оннан аса баптары азаматтық іс жүргізу әрекеттерге жататынын ескеру қажет. Мәселен, ҚР Конституциясының 14-бабының 1 бөлігінде былай жазылған «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең». Содан кейін азаматтық іс жүргізу құқығына келесі номативтік актілердің қандай байланысы бар екенін айту қажет ҚР сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық заңы, Халықаралық шарттар. Мына азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары бар заңдарын оқып танысу керек. Оған қоса соттық прецеденттер және әдет-ғұрыптарды да жатқызылады.

Қорытынды
Сот билігі – еліміздің мемлекеттік символы болып табылады. Ұлттық санада да сот билігі халыққа етене жақын тұрған билік саласы деп айтсақ қателеспейміз. Еліміздің болашағы біз, демек ертеңгі әділдік шыңын жіберуші мемлекетіміздің ата-бабаларымыз қалап тастап кеткен іргесін мықтап ұстап, шыңын биік белестерге жеткізу біздің мақсатымыз. Сол себепті жоғары оқу орындарында оқытылып келе жатқан азаматтық іс-жүргізу құқығының маңызы зор. Қазақстан Республикасының ата заңы болып табылатын конституциялық нормаларда елімізді демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік деп көрсеткен. Нәтижесінде елімізде жаңа, кәсіби заңнамаларды қабылдау, соттың жемісті және жақсы жұмыс істеуін және судьялардың қол сұқпаушылық деңгейін белгіледі. Соның арқасында халқымыз бұл заңның кепілдігі мен шынайлығына сенеді.