Бизнес-жоспар
Мазмұны
1 Резюме 3
2 Өндіріс объектісінің сипаттамасы 4
3 Саланы сипаттау 7
4 Ұйымдастырушылық жоспар 9
5 Маркетингтік жоспар 10
6 Қаржылық жоспар 12
Қорытынды 13
1 Резюме
Кәсіпкершілік қызметтің ең алғашқы маңызды құжаттарының бірі болып бизнес жоспар саналады. Кәсіпкершіліктің басқа да түрлері сияқты супермаркет «семьяның» да негізгі мақсаты пайда табу. Супермаркет қызмет көрсету, тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыру сапасында жұмыс істейді. Бұл проекттен өзіне жұмсалған шығыннан 70% пайда түсіру көзделген.
2 Өндіріс объектісінің сипаттамасы
Супермаркет «Семья» тауарларды, өндірілген дайын өнімдерді сатумен, яғни тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандырумен айналысады. Сауда орталығы қаланың ортасында орналасқан және бұл жерге орналасу барысында жергілікті тұрғынның әлеуметтік жағдайы зерттелген, яғни жергілікті тұрғынның тұтынушылық деңгейі және олардың қандай тауарларға деген сұранысы зерттелген.
3 Саланы сипаттау
Супермаркет «Семья» қызметі ұзақ мерзімге жоспарланған. Бизнес жоспар құру кезінде клиенттермен алдын – ала келісіп, оларға қандай тауар керектігі анықталған. Ұзақ мерзімді ірі кәсіпкершілікте өте қиын жағдай туындайды. Ол кәсіпкердің тауарына деген сұранысының өзгеруін анықтау, оның сатылуы, тұтынылуы. Бизнес жоспар жасағанда бағалау, есептеу және болжау негізінде құрылады. Бұл салада тұтыну тауарларын сататын басқа да супермаркеттер, дүкендер көптеп кездеседі. Олар негізгі бәсекелестер болып табылады.
4 Ұйымдастырушылық жоспар
Супермаркет жұмыс істеу барысында онда жұмыс істейтін мамандар мәселесі туындайды. Жұмысшы жалдау барысында олардың кәсіби біліктілігін ескерген жөн. 2 – кестеде супермаркетке керекті мамандар және оларға төленетін еңбекақы сомасы көрсетілген. Супермаркетке тұтыну тауарларын, тұрмыстық техника, киім – кешек сататын үш бөлім болғандықтан үш бөлім бастығы тағайындалады. Олар өз бөлімдерінің қызмет ету сапасын көтеру үшін, сол бөлімдегі жұмысшыларды басқару үшін керек.
5 Маркетингтік жоспар
Қаламызда супермаркеттер көптеп кездеседі. Олардың көздеген мақсаттары бір: пайда табу. Қазіргі кезде супермаркеттер ашу өте тиімді бизнес. Бұл салада аз ақша салып мол табыс табуға болады. Сол себепті қазіргі кезде көптеп сауда орындары ашылып жатыр.
6 Қаржылық жоспар
Супермаркет бірінші кезекте өзін - өзі қаржыландаруға ұмытылуы. әдістің басқаларға қарағанда ерекше. Біріншіден өзін - өзі қаржыландырылғаннан кейін банкротыққа ұшыраудың қаупі төнбейді және сыртқы экономикалық жағдайға тәуелді болмайды. Бұл нарықта беделінің өсуіне ықпал етеді, себебі бәсекелестерден озып шығып, нарықта сенімді серіктестер табуға мүмкіндік туады.
Қорытынды
Әр адам өзінің кәсіпкершілігін бастағанда алдымен бизнес жоспар құрады. Ол үшін сол сападағы нарықтың даму деңгейін зерттеп білу керек. Мүмкін болатын тәуекелділікті толығымен зерттеп білу керек. Себебі кейін салған ақшаң қайтарылмай қалуы мүмкін. Супермаркеттегі тауарлар өтпей қалуы мүмкін. Оның бірнеше себебі бар, біріншіден болашақ тұтынушының белгелі бір тауарға деген сұранысын білу керек, екіншіден сол салада жұмыс істейтін бәсекелестердің мүмкіншілігін білу керек.
3 – кесте. Супермаркеттің негізгі капиталы.
Тәуекелдерді талдау
Көптеген кәсіпкерлер қажетті қаржысы бола тұрып, супермаркет ашарда көптеген қателіктер жіберіп жатады. Бұл оның кейін банкрот болып пайда таппақ түгілі кеткен шығынын да жаба алмай қалады. Белгілі бір бизнес бастағанда онда болатын тәуекелдерді ескеру керек.