Ақтабан шұбырынды және оның зардаптары
Осыдан 279 жыл бұрын қазақ халқы естілмеген талқандауға тап болды, соның артынша ежелгі жаумен - жоңғарлармен тарихи күрес және ұлттық рухтың жалпы өрлеуі басталды.
1718 ж. Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін қазақ феодалдарының арасындағы алауыздықтардың өршуі, қазақ жүздерінің бір-бірінен алшақтануы қазақ хандығын әлсіретуге алып келді. Жоңғар феодалдарының үздіксіз шабуылы, сауда жолындағы қалаларды тонауы және шұрайлы жайылымдарды басып алуы қазақ халқын ауыр экономикалық қиыншылыққа кіріптар етті.
Халық арасында жатталып, кең таралған «Елім-ай» әні осы кезеңді бейнелейді.
Бұл кезеңнің қиындығы тек жоңғарлардың шапқыншылығымен ғана сипатталмайды: Еділ бойындағы қалмақтар батыс сол түстіктен тиісті. Орта Азияға ығысып барған қазақтар көзге түрткі болды. Бір жағынан Қоқан бектері қоқаңдаса, екінші жағынан Бұхара мен Хиуа хандары оларды құлдыққа салуға тырысты. Иран шекарасына шоғырланған қазақтар Нәдір Афшар шахтың зорлығына душар болды.
Сөйтіп, ешбір халықтың тарихында болмаған, аяусыз жүргізілген 200 жылдық жоңғар - қазақ соғысында қазақтар түпкілікті жеңіске жетеді. Жоңғар мемлекеті қатер болудан қалды, жау қолында тұрған Жетісуды біржола босату - өз кезегінде шешілетін іске айналды. Қақтығысқа келе бастаған Цин императоры мен қазақ хандығының арасында дипломатия тілімен айтқанда «ағалы-інілі қатынас» орнайды, қысқасы жеңімпаз қолбасы, көреген саясатшы Абылай хан жерін жауға алғызбай, елін сақтап қалды, тәуелсіздік туын берік ұстайды.