Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Эссе (Реферат)

Объем: 6 стр.

Год: 2013

Полный просмотр работы

Орыс жылнамаларындағы түркі текті есімдердің әлеуметтік мәні мен тарихи этимологиялық сипаты

Көне түркі ономастикасына қатысты маңызды материалдар түркілер мен славяндардың ұзақ уақыт бойы тығыз қарым-қатынаста болғанын дәлелдейтін ежелгі славян ескерткіштерінде көрініс тапқан. Бұл қарым-қатынас пен өзара тығыз байланыс Киев Русінің қалыптасу кезеңінде және оның тарихи даму кезінде Шығыс Европада мекендеген, осы территорияда бірқатар мемлекеттік билігін жүргізген түркі тайпасымен тығыз қарым-қатынас орнату кезеңінде ерекше мәнге ие болды. Н.А. Баскаков славяндар мен көне түркі тайпаларының арақатынасын былай көрсетеді: «Ежелгі орыс жазба ескерткіштерінде, оның ішінде негізінен қолжазба ескерткіштері мен көркем шығармаларда Шығыс Европадағы көне түркілердің топонимдері, антропонимдері мен этнонимдері сақталған.

Половец қоғамындағы экономикалық мәдени-әлеуметтік өзгерістерге байланысты көптеген курен басшылары есімдерінің соңына «баспана», «тұрақ» мағыналарын білдіретін «оба» дейтін көне түркі сөзінен туындаған «опа», «епа» морфемалары қосарланып, содан Урсоба, Алтунопа, Аепа секілді кісі атаулары пайда болған.
Бірнеше тайпалардың бірлестігін С.А.Плетнева «орда» дейтін терминмен атаған. Половец және куман қоғамдарының әрқайсысынан бірнеше орда құраған. Ал орданы көптеген курендер құраған. Курен дегеніміз токсоба, төртоба, етибичи, иета секілді этнонимдердің бірлестігі. Қыпшақтану мәселесімен айналысқан зерттеушілердің барлығы дерлік токсоба этнонимінің бірінші компоненті - токс сөзін, тогуз немесе тоғыз сан есімінің ықшамдалған фонетикалық варианты. Ал, екінші компонент - оба сөзін, жоғарыда көрсетілгендей «ру – тайпа» мағынасын білдіретін көне түркі атауы деп қарайды. Осы сияқты тортоба да, төрт сан есімі мен оба дейтін көне түркі сөзінен біріккен екі компонентті этноним.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Тюркская ономастика. Алма-Ата:Наука, 1984. Баскаков Н.А. «Имена половцев и названия половецких племен в русских летописях» –С. 75 2. Плетнева С.А. Половцы. –Москва:Наука, 1990 С. 60
2. Арғынбаев Х., Мұқанов М., Востров В. Қазақ шежересі хақында. – Алматы:Атамұра, 2000. – 372 б.
3. Баскаков Н.А. Тюркизмы-энонимы в «Слове о полку Игореве». Сов., тюркология. 1982 №5
4. Востров В. Муканов М. Родо-племенной состав и расселение казахов. Алма-Ата, 1968
5. Жанпеисов Е. Этнокультурная лексика казахского языка (на материалах произведений М.Әуезова). – Алма-Ата: Наука, 1989. – 175 б.