Бухгалтерлік есеп пен аудит Халық Банкінде
Жоспары
Кіріспе 3
1 Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі 6
1.1 АҚ «Қазақстан Халық Банкіде» бухгалтерлік есеп пен аудиттің құрастырылу принципі 6
1.2 Аудит түсінігі және түрлері 9
2. Практикалық аспектіде есеп, талдау және аудит 11
2.1 АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» меншікті капиталыңның есебі және талдауы 11
2.2 Тауарлы-материалдық қорлардың есебі, талдауы және аудиті 13
2.3 Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің есебі, талдауы және аудиті 15
2.4 Ақша қаражаттарының есебі, талдауы және аудиті 17
2.4.1 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша есебі 17
2.4.2 Ақша қаражаттарының инвентарлық тексеруі. 18
2.5 Еңбек ақы мен есептесудің есебі, талдауы және аудиті 19
2.6 Дебиторлық борыштардың есебі 20
2.7 Табыстар мен шығындардың есебі, талдауы және аудиті 21
3. Кәсіпорынның қаржылық есептілігін таныстыратын маңызды принциптері 22
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер 27
Кіріспе
Бухгалтерлік есепке тән негізгі принциптердің мәні мен маңызын түсінбей тұрып, ұйымдар қызметін басқару мен ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдау мүмкін емес. Сондықтан, экономикалық тұрғыдан тиімді шешім қабылдау үшін, бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізу мен бұларды өз орындарына қарай дұрыс қолдану, бастапқы құжаттар айналысын заңды түрде ұйымдастыру, есеп жүйесінде қолданылатын әдістемелерді сабақтастықпен пайдалану жолдарын және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттағы талаптарын білген жөн.
Бухгалтерлік есепті реформалауда жасалған тұжырымдама міндеттерінің бірі – ішкі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпорынды басқаруды жетілдіру болып табылады. Тиімді басқару принциптері мен есепті ұйымдастырудың жаңа амал – тәсілдерінің негізі ретінде Қазақстанда іс-әрекет етушіге неғұрлым жақын еуропалық құрылым алынды.
Ұсынылып отырған тәжірибе есебімнің мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық және әдістемелік негізі туралы мағлұмат беру, оны ұғыну, оларға талдау жүргізуге көмектесу.
Бұл талдау жұмысын біліктілікпен жүргізуге, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылығы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қорытынды беруге, өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін, жоғарыда көрсетілген еліміздің ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін басшылыққа үйлесімді басқару шешімдерін дайындауға мүмкіндік береді.
Осы есептің бірінші бөлімінде бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципінің бірінші бөлімшесі бойынша АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» бухгалтерлік есебі мен аудитінің жалпы құрастырылу принциптері көрсетілген. Ал бірінші бөлімнің екінші бөлімшесінде аудиттің түсінігі және түрлеріне азғана шолу жасалынған.
1 Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі
1.1 АҚ «Қазақстан Халық Банкіде» бухгалтерлік есеп пен аудиттің құрастырылу принципі
АҚ «Қазақстан Халық Банкі» өз алдына есеп саясатын жүргізеді және бухгалтерияның басқару формасын құрады.
Операцияларды орындау барысында олардың заңды болуына, бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына банктің басшылары және бас бухгалтер жауап береді.
Бас бухгалтердің құрылымдық бөлімшелерді тағайындау мен субъектінің бухгалтерлік есебі жүзеге асырылады. Бас бухгалтердің орнына арнайы жоғары білімі бар тұлғалар тағайындалады.
Тауарлы-материалдық қорларға, есеп айырысу және кредиттік міндеттемелерге, ведомстволарға, материалды жауапкершілік туралы келісім-шарттарға, төлем тапсырмаларына, ақша қаражаттарын беру және қабылдап алу құжаттарына Бас бухгалтер қол қоюға құқығы бар.
Бухгалтерлік жұмыстың мақсаты банктің ішінде болып жатқан шаруашылық процестердің және қаржылық нәтижелердің ақпараттарын қолдану мақсатында, барлық ақпараттарды пайдаланушы тұлғаларға анық, түсінікті және толық ақпараттармен қамтамасыз ету.
Бухгалтерия келесілерді орындайды:
1.2 Аудит түсінігі және түрлері
Қазақстан Республикасының заңы бойынша 20 қарашада 1998 жылы №304-I «Аудиторлық қызмет туралы» ( 10 шілде 2003 жылғы №483-II өзгертулерімен) заңы бойынша аудит – бұл қаржылық есептіліктің объективті құрастырылуының және тәуелсіз пікірді жеткізу мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептіліктерін тексеру б.т.
Аудит түрлері:
Міндетті – міндетті жылдық аудитқа мыналар жатады: банктер, кредиттік серіктестіктер, банктік операциялардың басқа да түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, зейнет ақы активтерін басқаратын компаниялар, инвестициялық қорлар, шетелдік қатысуы бар кәсіпорындар, халықтық акционерлік қоғамдар.
Аудитордың жұмысы – бұл қаржылық есептіліктің ұқыптылығын және есептің орнатылған дәрежеге сай келуі мақсатында профессионалды аудиторлық қорытынды жасау.
Аудит қызметінің негізгі принциптері мыналар болып табылады:
2. Практикалық аспектіде есеп, талдау және аудит
2.1 АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» меншікті капиталыңның есебі және талдауы
Меншікті капитал мыналардан тұрады:
- жарғылық капитал – бұл ұйымның құрылу барысында ұйымдастырушылар мен қатысушылардың ұйымның жарғылық қорына ақшалай және заттай қосқан үлесі.
- Резервтік капитал. Бұл бап бойынша кәсіпорында қалыптасқан резервтік капиталдың қалдығы көрсетіледі.
- Бөлінбеген кіріс (жабылмаған зиян).
2.2 Тауарлы-материалдық қорлардың есебі, талдауы және аудиті
БЕС №7 тауарлы-материалдық қорлар өзіне активтерді мына түрде ұсынады:
- шикізат және материалдар, отын, ыдыс және ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер;
- улы химикаттар, медикаменттер;
- дайын өнім;
- сатуға арналған тауарлар.
Тауарлы-материалдық қорлар мыналарға бөлінеді:
Негізгі – бұл дайындалатын өнімнің құрамына заттай кіретін және материалдың негізін қалайтын материалдар.
Қосалқы – бұл өндірілетін өнімнің құрамына кіретін, бірақ негізгіден айырмашылығы олар өндірістік өнімнің заттай негізін құрамайды.
Тауарлы-материалдық қорларды уақытында қолданғанда оның нақты құнына тауарлы-материалдық қорларды қолдануына байланысты (сатып алу құны, тасымалдау құны, көлікті дайындауға кеткен шығындар және т.б.) шығындар кіреді. Бұны дұрыс анықтау үшін, қанша тауарлар өз құнымен қалды, қаншасы өзіндік құнға кеткенін және ТМҚ бағалау үшін мына әдістерді қолданады:
2.3 Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің есебі, талдауы және аудиті
№6 БЕС бойынша «Негізгі құралдардың есебі» негізгі құралдар ұзақ мерзімге (бір жылдан астам) қызмет ететін құнына тәуелсіз материалды активтерді ұсынады. Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар уақытында келген бастапқы құнымен, оған қоса барлық нақты негізгі құралды кірістіруге және алуға кеткен шығындар, оның ішінде сатып алу кезінде төленген қайтарымсыз салықтар және алымдар (мысалы, ғимараттарды және жеңіл автокөліктерді сатып алған кездегі төленген ҚҚС, мемлекеттік баж, сатып алу келісім шартын құрған кезде төленген төлемдер және т.б.).
Негізгі құралдар қолданылған күннен бастап, өзіндік құнын толық шығынға жатқызғанға дейін, ай сайын амортизация аударылып отырады.
2.5 Еңбек ақы мен есептесудің есебі, талдауы және аудиті
Еңбек ақы мыналарға бөлінеді:
Негізгі – нақты атқарылған уақыты және барлық орындалған жұмыстары бойынша ақша аударылады.
Қосымша – кәсіпорында атқарылмаған уақыт үшін төлемдер (демалысқа шығу төлемі, жұмыстан босатылғанда жүріп қалған уақыты үшін жәрдем ақы). Жұмысшы тұлғалар мыналарға – басшылар, специалистер, қызметкерлер мен қарапайым жұмысшылар болып бөлінеді.
Еңбек ақы есептеудің негізін жұмыс уақытының табель есебі жүргізеді.Негізгі еңбек ақы мыналарға бөлінеді:
2.6 Дебиторлық борыштардың есебі
Дебиторлық борыштардың есебі өз алдына бөлек шоттармен, әр қайсысының түрімен және борышкермен жүргізіледі. Кәсіпорында жұмысшылардың борышы мына келесі операциялардан пайда болады.
Бухгалтерия жұмысшыға қызметтік командировкаға ақша береді. Командировка уақытында тәуліктік төленеді, командировкалық куәлік жазылады. Жұмысшы командировкадан қайтқаннан кейін 5 күн ішінде кәсіпорын бухгалтериясына аванстық есепті көрсетеді.
Жалға берілген негізгі құралдар бойынша амортизациялық аударымдар аренда алушымен аударылады және ол тек ағымдағы шығындар ретінде көрсетіледі. Ағымдағы жал бойынша шығындар ай сайын аударылып тұрады.
2.7 Табыстар мен шығындардың есебі, талдауы және аудиті
Қаржылық нәтиже – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің соңғы экономикалық қорытындысы және оның формасы табыс(зиян) түрінде болады.
Негізгі және негізгі емес қызметтен алынған табыстар жылдық табысты құрайды және де ол №5 БЕС сәйкес ескеріледі және мойындалады.
Табыстар табылған кезде, ал шығыстар мен зияндар шығындалған кезде бухгалтерлік есепте мойындалады және қаржылық есептілікте көрсетіледі.
Заказ берушілерден алынған аванстар және аралық төлемдер негізінде табыстар деп есептелінбейді.
Негізгі емес қызметтен түсетін табыстарға негізгі құралдар бойынша ғимараттарды жалға алғаны үшін төлем және басқа да түсімдер. Салық салынатын табысты табу үшін жылдық жиынтық табыстың салықтық есебі ұйымдастырылған.
3. Кәсіпорынның қаржылық есептілігін таныстыратын маңызды принциптері
Қаржылық есептілік кәсіпорынның өткен уақыты бойынша қаржы-шаруашылық қызметінің комплексті нәтижелерін көрсететін қорытынды көрсеткіштердің жүйесін ұсынады.
Есептілікті құру есеп жұмысының бітіруші кезеңі болып табылады.
Қаржылық есептіліктің мақсаты заңды тұлғаның нақты қаржылық жағдайын, қызметінің нәтижесі және есепті жылғы қаржылық жағдайының өзгеруі туралы пайдалы, керекті және маңызды ақпараттарды ақпаратты пайдаланушыларға ұсыну болып табылады.
Ақпаратты пайдаланушыларға нағыз және потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, жұмысшылар, мемлекеттік органдар, қоғамдар. Қаржылық есептілік инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін өте қажетті және пайдалы ақпараттарды қамтиды. Есеп регистрлері жылдың басына дейін, жыл бойы және жыл соңына есептілікті құру үшін керекті ақпараттар жиналған аналитикалық мәліметтері болуы тиіс.
Қорытынды
АҚ «Қазақстан Халық Банкіде» практикамды атқара отырып мыналарды айтып кетсем деймін.
Қазақ экономикалық университетінде теориялық түрде алған білімімді практикада қолдана отырып, бухгалтерияда бухгалтерияның жұмыстарын істедім және өз білімімді әжептеуір тереңдеттім.
Мен бухгалтерияда әр түрлі бастапқы құжаттармен жұмыс істей отырып, олармен таныстым. Мерзімді және жылдық есепті құруға көмектестім және де әр түрлі бланкілерді толтырдым.
Банкіде практиканы өте жүріп, айта кету керек, мен әр түрлі көптеген программалармен жұмыс істедім және де сол программалардың ішінде әсіресе «Colvir» программасы бойынша білімімді шыңдадым.
Қолданылған әдебиеттер
1. Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030. процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана.
2. Налоговый кодекс. О налогах и других обязательных платежах в бюджет. – Алматы: Юрист, 2003.
3. Закон Республики Казахстан «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 24 июня 2002 года, №329-1 // Нормативные акты по финансам, налогам, бухгалтерскому учету, страхованию: «Қаржы-қаражат» Официальные материалы // Қаржы-қаражат . – 2002. - №7.
4. Постановление Национальной комиссии по бухгалтерскому учету от 13.11.96. №3.
5. Стандарт бухгалтерского учета «Представление финансовой отчетности» (Приказ министра финансов РК 17 января 2003 г. № 14) // Бухгалтерский учет и аудит. – 2004. - № 2.