Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Саясаттану

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 10 стр.

Полный просмотр работы

Әлеуметтік этникалық қоғам және ұлттық саясат


Жоспар
1 Ұлт этностың жоғарғы түрі ретінде. «Ұлт» категориясын түсіну 3
2 Ұлттық мәселесі оны шешу принциптері 6
3 Қазақстан поликонфессионалды қоғам ретінде 9
Әдебиеттер 10

1 Ұлт этностың жоғарғы түрі ретінде. «Ұлт» категориясын түсіну.
«Этнос» ұғымы « халық» ұғымымен салыстырғанда сатылы жүйені бейнелейді. Бұл жүйеге, негізгі деңгейдің этникалық бөлімшелерімен қатар, этникалық құрылымның екі деңгейі – төменгі және аралас деңгей жатады. Төменгі этникалық қауым ерекше белгілері мен өзінің сана – сезімі, яғни ішкі ұлттық айырмашылығы бар халық этносының бір бөлігі деген ұғымды білдіреді. Егер олардың сана – сезімі болмаса, онда олар этнографиялық топтар деп аталады. Аралас қауымдар дегеніміз – ортақ тарихи-мәдени белгілерге және ортақ сана-сезім элементтеріне ие болатын халықтар тобы.

2 Ұлттық мәселесі оны шешу принциптері
Ұлт саясатының ұғымы. Ұлт саясаты жалпы, әлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады. Ұлттар ұлттық идеяға, ұлттық идеологияға ие болғанда ғана саясат объектісіне айналады және оларды тәжірибеде жүзеге асыруға қабілетті болады. Әдебиетте ұлт саясатының екі түсініктемесі кездеседі, олар: кең және тар мағынадағы түсініктемелер деп аталады. Біріншісі – көп этникалық мемлекеттердің, этностардың ұлт мәселесіндегі, тілдік-мәдени дамуындағы, сонымен бірге ұлтаралық қатынастарды дамытудағы ұлт саясаты мемлекеттің, саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың стратегиялық бағыты ретінде қарастырылады. Бұл бағыт конституцияларда және ұлттық бағдарламаларда баянды етілген. Екіншісі - ұлт саясаты, бұл этностар өмірін және олардың арасындағы өзара қатынастарды ұйымдастыруға бағытталған мемлекеттің заңнамалық, ұйымдық және идеологиялық шараларының жиынтығы.

3 Қазақстан поликонфессионалды қоғам ретінде
Қазақстан Республикасы - әлемдегі көпұлтты ірі мемлекеттердің бірі. Ресми деректер бойынша, Қазақстан аумағында 130-дан астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады, олар әртүрлі ұлттық мәдениеттің, дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың өкілдері, мұның өзі саяси мәні тұрғысынан бірдей емес ахуалды — қатар өмір сүру, мүдделер күресі, өзара тәуелділік, байланыстылық, жанжалдар және т.т. ахуалын туғызады.
Қазақстандағы осы заманғы ұлт саясаты ұлттардың, этностардың мүдделерін білдіретін негізгі субъектілер ретінде ұлттық-мәдени орталықтар деп аталатын қоғамдық ұйымдарды, одақтарды алға тартады.