XVI тақырып. 1970-1990 жылдардағы Қазақстан
Жоспар
1 1970-1990 жылдары Қазақстанда өнеркәсіптің жоспарларын орындаудың барысы және оның дағдарысқа ұшырауы 3
2 1970-1990 жылдары Қазақстанда ауыл шаруашылық жоспарларын орындаудың барысы және оның дағдарысқа ұшырауы 7
3 1970-1990 жылдардағы Қазақстандағы әлеуметтік, экономиялық жағдай. Невада-Семей қозғалысы 9
4 Қазақстандағы демографиялық процестер және 1986 жылы желтоқсанда қорлық көргендер мен жәбірленгендер 12
Әдебиеттер 19
1 1970-1990 жылдары Қазақстанда өнеркәсіптің жоспарларын орындаудың барысы және оның дағдарысқа ұшырауы
1970-1990 жылдары Қазакстаңда өнеркәсіп кәсіпорындары мен цехтар салынды. Павлодар - Екібастұз, Қаратау - Жамбыл, Маңғышлақ, Теміртау - Қарағанды, Рудный - Алтай, Қостанай - Лисаковск және басқа да бірегей территориялық-өңдірістік комплекстер (ТӨК) іске қосылды және даму үстінде болды. Халық шаруашылығына жаңа салалары - газ, подшипник, трактор, фосфор, атом өнеркәсібі пайда болып, интенсивті түрде дамыды. Республика титан, магний, глинозем, шойын, кокс, жасанды каучук, полиметалл аммофос, көтергіш крандар, электро-двигательдер, осы заманғы сым созатын станоктар, ұстапресс машиналарын және басқаларды шығара бастады.
2 1970-1990 жылдары Қазақстанда ауыл шаруашылық жоспарларын орындаудың барысы және оның дағдарысқа ұшырауы
Тың игеру Қазақстанды еліміздегі ірі мықты аймақтың біріне айналдырды. Тың игергеннен бері республика совхоздары мемлекетке 17,7 млрд. пұттан астам астық сатты. 10-бесжылдықтан кейін Қазақстан жыл сайын мемлекетке орта есеппен 1 млрд. пұттан жоғары астық өткізіп тұрды. Елімізде өндірілетін товарлы бидайдың 25-28%-ін, жалпы одақ жүн өндірудің 24%-ін, қаракөл терісіне 33%-ін береді. С Республикада 2077 совхоз, 415 колхоз жұмыс істеді. Колхоздар мен совхоздарда қормен жарақтану 15 жылда 1(1967-82) 4 есе, электрмен жарақтану 3,4 есе өсті. Ауыл, (селоға қызмет көрсететін барлық салалар - химия, құрама жем, ауыл шаруашылық машиналарын жасау, су шашу және селолық құрылыс дамыды. Республика егістіктерінде 239 мың трактор, 109 мыңнан астам астық комбайындары, 184 мың жүк автомобильдері, көптеген басқа техника жұмыс істеді. Ауыл шаруашылық өндірісін мамандану мен шоғырландыру, оньщ агроөндірістік интеграциясы кең көлемде жүзеге асырылды. Ауыл шаруашылығын химияландырудың, жер суландырудың және жайылымдарға су жіберудің көлемі өсті. Мал бордақылау және ет өндіру жөніндегі мал шаруашылық комплекстері, ірі құс фабрика салалары, жүздеген совхоздар мен колхоздардың күшін біріктіретін шаруашылықаралық ұйымдар құрылды.
3 1970-1990 жылдардағы Қазақстандағы әлеуметтік, экономиялық жағдай. Невада-Семей қозғалысы
Әскери объектілер, ірі өнеркәсіп пен энергетикалық комплекстердің салынуы, қоршаған ортаға үлкен шығын әкелді.
Айырықша экологиялық жағдай Арал теңізі бойындағы аудандарды қамтыды. Арал теңізіндегі Сырдария мен Амудария суларын мақталы алқаптарға паңцаланды. Осының салдарынан теңіз суы 15 метрге төмендеп, көлемі 54%-ке азайды. Жағалауы оңтүстік пен шығысқа қарай 60-120 км кейін шегінді. Теңіз түбі 25 мың кв. километрге тартылды.
Мұның бәрі аймақтағы экологиялық және санитарлық-эпидемиялық жағдайын біршама нашарлатты. Бірден жұқпалы аурулар көбейді, әсіресе іш сүзегі, сары ауру, туберкулез бен онкологиялык аурулардың саны көбейді.
4 Қазақстандағы демографиялық процестер және 1986 жылы желтоқсанда қорлық көргендер мен жәбірленгендер
Қазақстанның Ресейге қосылуы қарсаңында басталған республика тұрғындары құрамын интернационализациялау Қазан төңкерісінен кейінгі уақытта тіптен күшейе түсті. Қазір мүнда 100-ден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады. 1939 жылы қазақтардың пайдасына қалыптаспаған тұрғындар саны мен олардың меншікті салмағы елу жылдан кейін ғана өзгерді. 1989 жылғы санақ бойынша Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамы мынадай еді: қазақтар - 39,7, орыстар - 37,8, немістер - 5,8, украиндер - 5,4, өзбектер мен татарлар - 2, ұйғырлар мен беларустар - 1,1, кәрістер - 0,6, әзербайжандар - 0,5, процент тағы сол сияқты. Сонымен, қазақтар 1926 жылдан кейін бірінші рет өзінің этникалық территориясында саны жағынан басқалардан озды. Міне, біз мұнан Қазақстан тұрғындары ұлттык құрамының соңғы жарты ғасырда этнодемографиялық дамуының және бір ерекшелігін көреміз.
Әдебиеттер
1. Назарбаев Н.Ә. «Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын». «Егемен Қазақстан». 1998, 16 қаңтар.
2. Қазақстан агроөнеркәсібі. 1990, №4.
3. Ақиқат. 1994, №5.
4. Қазақ тарихы. №4.
5. Краткие итоги Всесоюзной переписи населения 1989 г. КазССР. Алма-Ата, 1990.