Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі

Тип: Реферат

Объем: 18 стр.

Полный просмотр работы

Қазақ тілінде сөз таптастырудың негізгі принциптері туралы

Қазақ тіл білімінде қалыптасқан сөз таптастырудың үш принципі бар:
1. семантикалық,
2. морфологиялық,
3. синтаксистік.
Семантикалық принцип бойынша сөздің лексикалық мағынасына қарайды, морфологиялық принцип бойынша сөздің түрлену жүйесін басшылыққа алады, ал синтаксистік принцип бойынша сөздің қай сөйлем мүшесі болуына сүйенеді.

». Ғалым грамматикалық мағынаны жасалу тәсілдеріне, сөздің грамматикалық сипатын анықтаудағы мәніне қарай жалпы грамматикалық мағына, категориялық мағына, қатыстық мағына (терминдер де С.Исаевтікі) деп іштей үшке бөлінеді. Автор жалпы грамматикалық мағынаның сөздің лексикалық мағынасының жалпылануы арқылы, ғалымның өз сөзімен айтсақ, «грамматикалық формасыз-ақ ішкі семантиканың абстракциялануы, жалпылана түсуі арқылы» - қалыптасу процесін дәл байқап, сөз таптастырудың семантикалық принципі негізінде осы жалпы грамматикалық мағына жатқанын айтады, яғни осы процесс нәтижесінде:
«1) сөздердің семантикалық жақындығы;
2) ортақтығы пайда болып;
3) грамматикалық топтар құрылады» − дейді.

Осындай ортақ сипатты негізінде бір топ болып танылған шылау сөздер сөз табына қойылатын талаптар (критерий) тұрғысынан саралағанда, өзара мына үш тапқа бөлінеді:
1. Септеуліктер.
2. Жалғаулықтар.
3. Демеуліктер.
Сөз таптарының қатарына шылаулар осы тапқа сай дараланып енеді – делінген онда. Алайда қазақ тілі білімінің кейінгі дамуы барысында бұл тұжырым орныға алмады, яғни қазіргі кезде жалғаулық, септеулік, демеуліктер біріктіріліп, шылау сөздер атауымен бір сөз табы ретінде белгілі.

Қазақ тілі білімінде қалыптасқан сөз таптастыру теориясы бойынша сөздерді түрлі топтарға жіктеу барысында әлі де болса, бірқатар қиыншылықтар, шешемін таба қоймаған ірілі-ұсақты проблемалар кездеседі. Соның бірі, сөз таптастырудың синтаксистік принципін қолдану кезінде әрбір сөз табының сөйлемде атқаратын қызметімен қатар жүйелі түрде олардың (белгілі бір сөз табына жататын сөздердің) тіркесу қабілетін нақты анықтаудың өз дәрежесіне емес екені болса, келесі бір сөз таптастыруға қатысты шешімін күтіп тұрған үлкен проблема – сөздердің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысуы процесін зерттеу болып табылады.

Г.Бегалиев пен Н.Сауранбаевтың 1948 жылы педагогикалық училищелерде арналып басылып шыққан «Қазақ тілінің грамматикасында»: «Сөйлемде сөйлем мүшелерімен ешбір грамматикалық байланысы жоқ, тек сөйлемдегі ойдың кімге, неге айтылғанын, айтушының сол ойға көзқарасын, ішкі сезімін білдіру үшін айтылған сөздерді оқшау сөздер дейміз. Оқшау сөздер қызметіне қарай үш түрлі болады:
1) қаратпа сөз;
2) қыстырма сөз;
3) одағай сөз.
Оқшау сөздердің бірі – одағай. Одағай сөйлемдегі айтылған ойдағы сөйлеушінің ішкі сезімін,көңіл-күйін білдіреді. Қаратпа сөз сияқты одағайлар да сөйлем мүшесі бола алмайды,» - делінеді.