Қалмыстық жаза
Жоспар
Кiрiспе 3
1 ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар 5
1.2 Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау 29
1.3 Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау 31
2 ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚАЙТАЛАНУЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ 35
2.1 Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау 35
2.2 Мерзімдерді қосу кезінде оларды белгілеу тәртібі және жаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу 38
Қорытынды 40
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 42
Кiрiспе
Қылмыстық жаза - мемлекеттiк күштеу шараларының бірi болып табылады және ол мемлекеттiң қылмыспен қарсы күрес жүргiзу құралдарының бiрi ретiнде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргiзуде әр түрлi ұйымдастырушылық, тәрбиелiк, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрiн кнiнен қолданады, сөйтiп қылмыстан сақтандыру мәселелерiне ерекше көңiл бөледi. Сондықтан да бiздiң жас, тәуелсiз мемлекетiмiз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негiзгi басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешушi мәселелер жоғарыда аталып экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерiнiң белсендiлiгiн, оларың құқықтық сана-сезiмiн жетiлдiру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттiк күштеу шарасы ретiнде тек арнаулы, заңда көрсетiлгне жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс iстеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттiң атқаратын функцияларының бiрi ретiнде қарастырылады. Әсiресе ауыр, өте ауыр қылмыс iс-тегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқықтық күштеу шараларын қолдану мемлекеттiң мiндетi болып табылады. Мемлекееттiк күштеу шаралары сан алуан. Оларға бөлек қылмыстық құқықтық шаралар ғана емес, азаматтық, әкiмшiлiк, тәртiптiк шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттiк күштеу шараларының жеке бiр түрi бола отырып, өз ерекшелiктерiммен оқшауланады.
1 ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар
Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінәлінің жеке-дара жауапкершілік принципін негігі басшылыққа алады. Сотталушының нақты қылмыс істеудегі кінәсі анықталғанжағдайда сот оған жазаны, істеген қылмысы үшін жауаптылық қаралған заңнын тиісті баптарында көрсеттілген шектен шықпай тағайындайды. Мұндай ретте,сөз жоқ, істелген қылмыстың ерекшелігі және кінәлінің жеке тұлғасы жан-жақтыеске алынады. Тек қана осы мәселелерді есепке алған жаза ғана әділ әрі заңға сай деп танылады.
Қылмыстық кодекстің 52-бабында жаза тағайындаудың жалпы негіздері көрсетілген. Онда былай делінген:
1.2 Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау
Қылмыстық кодекстін 29-бабында қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы туралы ғана айтылған. Бұл жерде катысудың түріне байланысты жазаны ауырлату немесе жеңілдету мәселесі сөз болмаған. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау Қылмыстық кодекстің 57-бабында арнайы карастырылған. Осы бапка сәйкес:
Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағаймндау кезінде оны жасауға адамның іс жүзінде қатысу сипаты мен дәрежссі, осы катысудың кылмыс мақсатына жету жөніндегі мәні, оның келтірілген немесе кслтіруі мүмкін зиянының сипаты мен мөлшеріне ықпалы ескерілсді.
Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза олардың іс-әрекеті сараланған Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көрсетілген санкция шеңберінде қатысудың нысаны мен түріне қарамастан тағайындалады.
Сот қатысушыларға жаза тағайындағанда жаза тағайындаудың жалпы бастамаларын (52-бап) және 57-баптың шарттарын басшылыққа алуға міндетті, Қылмыстық кодекстің 57-бабында жаза тағайындау кезінде оны жасауға қатысқан адамның 1) қатысу сипатын және дәрежесін; 2) кылмыс мақсатына жетудің мәнін; 3) келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зияиның сипаты мем мөлшерін ескеруді талап етеді. Қатысу сипаты катысушының атқарған ролімен сипатталады.
1.3 Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау
Сот тәжірибесінде бір адамның қылмыстық заңның әр түрлі баптарында көрсетілген екі немесе одан да көп кылмыстарды істеп, осы қылмыстардың бірде-біреуі үшін сотталмаған жағдайлары жиі кездеседі. Сондай-ақ, іс бойынша үкім шығарғаннан кейін, сотталған адамның алғашқы іс бойынша үкім шығарылғанға дейін басқа бір қылмысты істегендігі үшін кінәлі екендігі анықталатын жағдайлар да кездеседі. Мұндай жағдайлар қылмыстың жиынтығын күрайды.
2. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚАЙТАЛАНУЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
2.1 Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау
Қылмыстардың кайталануының түсінігі Қылмыстық, кодекстің 11-бабында белгіленген, Қылмыстық Кодекстің 59-бабының 1-бөлігінде көзделген жағдайлар кылмыстың қайталануы жағдайында жазаның түрі мен мөлшерін тағайындау мәселссін шешуде манызды роль атқарады. Қылмыстың қайталануы қылмыс істеген адамның іс-әрекетінің коғамға қауіптілігін және қылмыскердің тұлғасын сипаттайтын белгі болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 59-бабының екінші болігінде қайталанып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындаудың ерскшелігі көрсетілген. Баптың осы бөлігіне сәйкес: 1) кайталап жасалған қылмыс үшін жазаның мерзімі мен мөлшері жасалған қылмыс үшін көзделген ең қатаң жаза түрінік ең жоғарғы мерзімі мен мөлшерінің жартысынан төмен; 2) кылмыстардың қауіпті кайта-ланғаны үшін — үштен екісінен төмен; 3) қылмыстардың аса кауіпті кайталанғаны үшін — торттен үшінен төмен болмауға тиіс.
2.2 Мерзімдерді қосу кезінде оларды белгілеу тәртібі және жаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу
1. Қылмыстардың жиынтығы және үкімдердің жиынтығы бойынша жазаларды ішінара немесе толық қосу кезінде бас бостандығынан айырудың бір күніне:
а) қамаудың немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстаудың бір күні:
б) бас бостандығын шектеудің екі күні:
в) түзеу жұмыстарының немесе әскери қызымет бойынша шектеудің үш күні:
г) қоғамдық жұмыстарға тартудың 8 сағаты сәйкес келеді.
2. Айыппұл салу белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, арнаулы, әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру сондай-ақ мүлікті тәркілеу оларды бас бостандығын шектеу мен түзеу жұмыстарымен, қамаумен, тәртіптік әскери бөлімде ұстаумен, бас бостандығынан айырумен қосқан кезде дербес орындалады (Қылмыстық кодекстің 61-бабы).
Қорытынды
Жаза тағайындау - жасаған қылмыста айыпты деп танылған адамға айыптау үкімі шығарарда қылмыстыық ықпал жасаудың нақты шарасы соттың тандауы.
Жаза тағайындау, яғни айыптау үкімін шығарарда жаза таңдау сот қызметіндегі маңызды, жауапты сәті. Бұл жайында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 24. 06. 1999 жылғы «Жаза тағайындағанда соттардың зандылықты сақтау туралы» №3 қаулысында айтылған. Жаза мақсатының жүзеге асырылуы көбіне тағаындалғанжазаға байланысты.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
I. Нормативтік құқықтық актілер:
1. Қазақстан Республикасының Конститудиясы (өзгертулер мен толықтырулар қоса) 30 тамыз, 1995 жыл
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі (өзгертулер мен толықтырулар қоса). 16 шілде, 1997 жыл.
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексі. 13 желтоқсан, 1997 жыл.
4. Қазақстан Респулиқасының Қылмыстық Атқару Кодексі. 13 желтоқсан, 1997 жыл.
5. Қ Р Жоғарғы Сотының пленуымының «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықтарды сақтауы туралы» 30 сөуір, 1999 жыл.
II. Арнайы және оқу әдебиеттері:
1. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы 2001.
2. Кайыржанов Е.И. Угаловное право. Р. К. Общая часть. Алматы, 1997.
3. ҚР ҚК түсініктеме. Алматы, 2001.
4. Алауханов Е.О. Рахметов С.Н. Жаза практикалық оқу құралы. Алматы: Өркениет 1999 ж.
5. Уголовное право РК. Общая часть, Жеті жарғы, Алматы.-1998.
6. Уголовно-исполнительное право Р.К. Алматы, 1997.
7. Рахметов С.Н. Кулмуханбетова Б.А. Нурумбетов А.А. Наказание. Алматы, 1998.
8. Чукмайтов Д.С. Применение уголовное наказания в делах предупреждения редедивных преступлений. Алматы, 1997.
9. Ағыбаева А.М. Нәріпбаев М.С. Баймурзин Г.И. Русско-казахский терминологический словарь по уголовному праву. Алматы., 1994.