Оқылған және жазылған мазмұндаманы ауызша айтып беру
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 . МАЗМҰНДАМАНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ АУЫЗША АЙТУДЫ ДАМЫТУ 7
1.1 МАЗМҰНДАМА КЛАССИФИКАЦИЯСЫ 7
1.2 МАЗМҰНДАМАНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ АУЫЗША АЙТУДЫ ДАМЫТУ 10
1.2.1 АУЫЗША АЙТУДЫ ДАМЫТУ 10
2 .ОҚЫЛҒАН ЖӘНЕ ЖАЗЫЛҒАН МАЗМҰНДАМАНЫ АУЫЗША АЙТЫП БЕРУ 12
2.1 МАЗМҰНДАМАЛАР ЖИНАҚТАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ 12
2.2 МАЗМҰНДАМА ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ МЕҢГЕРТУДІҢ ЖОЛДАРЫ МЕН АУЫЗША АЙТУ 14
2.3 ОҚУШЫЛАРДЫ МАЗМҰНДАМА ЖАЗУҒА ҚЫЗЫҚТЫРУ 22
2.4 МАЗМҰНДАУ- ОҚУШЫНЫҢ ШЫҒАРМА МАЗМҰНЫН ҚАБЫЛДАУЫНЫҢ САПАЛЫҚ КӨРСЕТКІШІ 24
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 28
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Мазмұндаманы ауызшы айтып беру қазіргі мектептердегі мәселелердің біріне айналып отыр. Әр мұғалім қазақ тілі сабақтарында мазмұндама жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті құбылысты жан-жақты түсіне білсе, ауызекі сөйлеуі әдеби тіл нормаларына сай келсе, құба-құп болар жағдай еді.
Жазба жұмыстарының бір түрі – мазмұндама жұмысы. Балалардың мектепке келіп түскен кездегі психикалық және дене даму ерекшеліктері жөнінде оқулықтарда берілген мағлұматтарға сүйене отырып, мазмұндама екінші сыныптан бастап жүргізуге мүмкіндік бар екендігі анықталды.
Мазұндама жұмыстары балалардың психикалық процестерін (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, қиял, сезім, ерік) күшейтеді, әсіресе ой қызметінің белсенділігін арттырып, мидың үлкен жарты шарлар қабығында өтіп жататын анализдеу, синтездеу әрекетін тудырады.
1 . МАЗМҰНДАМАНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ АУЫЗША АЙТУДЫ ДАМЫТУ
1.1 МАЗМҰНДАМА КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Мазмұндама дегеніміз - байланыстырып сөйлеу түрлерінің біріне жинақталып берілген атау. Бұл - мектеп өмірінде де, қоғамдық өмірде де, практикада жиі қолданылады. Мектеп жағдайында мазмұндама — оқылған текстің, естіген әңгіменің, көрген нәрсенің (фильм, спектакль) мазмұнын жазу түрінде беріледі. Мазмұндама, сонымен қатар, конспектілеу, жиналыста естігенін жазып отыру түрінде де іске асады. Мазмұндаманы белгілі бір жүйемен өткізіп отыру оқушылардың, бөгде сөзді мәнді логикалық - грамматикалық жақтан дұрыс жеткізуіне мүмкіндік береді, соған үйретеді. Мазмұндама байланыстырып сөйлеудің сұраққа жауап түрінен өз бетінше кеңірек баяндау түріне ауысып, мектеп жағдайында шығармаға да ұласады (оның ішінде іс қағаздарының тілі, баяндама, есеп, хаттама т. б.).
Жаттығудың басқа түрлері сияқты, мазмұндама да оқушылардың әр түрлі дағдыларын қалыптастыруға пайдаланылады. а) Бөгде сөзді немесе ұзақ не қысқа мәтіннің мазмұнын тыңдап, еске сақтап, одан кейін ауызша не жазбаша қайталап айту дағдылары; ә) логикалық ойлау дағдылары - мазмұндаудың бірізділігі, басты және негізгі еместері дұрыс іріктеу, текстік және түрлік қатынастарды айыру, дәлелдер, қорытындылар жасау дағдылары; б) сөз байлығын барынша және ор-нымен қолдану дағдылары; в) неғұрлым әсерлі мазмұндау үшін тілдің грамматикалық және стилистикалық құралдарын қолдану дағдылары.
1.2 МАЗМҰНДАМАНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ АУЫЗША АЙТУДЫ ДАМЫТУ
1.2.1 АУЫЗША АЙТУДЫ ДАМЫТУ
Оқушының жазбаша және ауызша тілін дамытудың көптеген ұқсас жақтары бар. Мазмұндама жазуға даярлық жүргізетін жаттығулар. Сөйлем құрастыру ауызша да, жазбаша да орындалады. Бірақ кейбір жаттығулар ауызекі сөйлеуді, оның дыбыстық жағын игеруді қажет етеді.
Қазақ тілі сабағында ауызша жауаптың екі түрі болады: 1) грамматика бойынша сұраққа толық жауап беру, ойынан құрастырып сөйлеу. Грамматика бойынша сұраққа толық жауап беру—белгілі бір тараулар са-ласынан оқып үйренгенді жинақтап, қорытып айтады. Өз ойынан құрастырып сөйлеу — әр түрлі және әр дәрежедегі пікірлер (мектепте не мектептен тыс жерде кепшілік алдында сөйлеу).
2 .ОҚЫЛҒАН ЖӘНЕ ЖАЗЫЛҒАН МАЗМҰНДАМАНЫ АУЫЗША АЙТЫП БЕРУ
2.1 МАЗМҰНДАМАЛАР ЖИНАҚТАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
«I-2 сыныптарда көркем әдебиет шығармаларын оқып үйренуде алға қойылатын негізгі міндеттердің бірі – оқушылардың тілін байыту, дамыту, ойларын ауызша және жазбаша түрде дұрыс, келісті баяндай білуге үйрету» - деп көрсетілген әдебиет бағдарламасының түсінік хатында. [8, 3]Міне, осы аталған міндетті әдебиет пен тіл пәндерінің ұстаздары жүзеге асыру үшін, оларға көмекші құрал ретінде «Мазмұндама текстерінің жинағы» ұсынылады.Әр жылда шыққан мазмұндамалар жинақтарын салыстырып, талдайтын болсақ, олардың құрамындағы мәтіндердің заман талабына сай өзгергендігін байқауға болады. Мысалы, 1981 жылы жарық көрген «Мазмұндама текстерінің жинағы» 1973 жылғы басылымға негізделіп жазылғанымен, оған едәуір өзгерістер, қосымшалар еңгізілген. Бірсыпыра аударма материалдар жинақтан алынып тасталып, олардың орнына төл әдебиетіміздің үлгілері берілген.Жаңа бағдарламаның талаптарына сәйкес тіл дамыту жұмыстарының ең негізгі түрі болып табылатын мазмұндама мен шығарма жаздыруда оның қай түрі, қалай жаздыру керектігі мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларда көрсетіліп отырылған. Мұндай тапсырмалар мәтіндерге үлгі ретінде ғана берілген. Бұдан тіл дамыту жұмысын тіл сабақтарының тақырыбымен ұштастыра, байланыстыра жүргізілуі керек деген міндет туып отырғаны байқалады. Сондықтан да мұғалімдер жинақты пайдаланғанда, тіл тапсырмаларының берілген үлгісін басшылыққа алып, басқа мәтіндердің материалдарын да пайдаланғаны жөн.1981 жылғы «Мазмұндама текстерінің жинағының» авторлары С.Омаров пен Н. Бәйділдаев мұғалімдердің пайдалануына қолайлы жағын ескеріп, мәтіндерді мөлшермен әр сыныпқа жеке-жеке бөліп берген. Жинаққа қосымша ретінде IV-XI сыныптарда жүргізілетін шығарма жұмыстарының үлгі тақырыптары берілген. Бірақ та авторлар әр мектептің, әр сыныптың өзіне лайық ерекшелігін күні бұрын дәлме-дәл болжау қиындығын айтады. [9, 3].
2.2 МАЗМҰНДАМА ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ МЕҢГЕРТУДІҢ ЖОЛДАРЫ МЕН АУЫЗША АЙТУ
Көркем мәтінді меңгертуде жиі қолданылатын жазу жұмыстарының бірі – мазмұндама. Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылар оқыған мәтінді қабылдап, сол қабылдағандарын қайта жаңғыртуға тиіс және естерінде қалған мәліметтерді өз сөздерімен жазып беруге дағдыланады, сөз тіркесін құру, сөйлем құрау шеберлігіне жаттығады. Мазмұндама жазу арқылы бірқатар сөз тіркестері мен сөйлемдер, бейнелі сөздер оқушының есінде қалады, оқылған мәтінді қайта жаңғырту үшін, сөздер мен сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыруға жаттығады.Мәтін мазмұнын айтып бергенде, оқушылар мұғалімнің баяндағанын қайталап қоймай, мәтін мазмұнын өз беттерінше меңгеріп, өз сөздерімен құрастыру талап етіледі. Атап айтқанда, оқушы жазған мазмұндама мәтініне мынадай талап қойылуы тиіс:
2.3 ОҚУШЫЛАРДЫ МАЗМҰНДАМА ЖАЗУҒА ҚЫЗЫҚТЫРУ
Неліктен балалар мазмұндама жазуды аса ұната бермейді? Біздіңше, мұғалімнің мазмұндаманы өткізуіне байланысты (бір сарынды, қызықсыз ғып өткізсе, әрине, балалар қызықпайды), екіншіден, мазмұндаманың негізгі мағынасын сақтай отырып, жоспар бойынша басқа біреудің ойын жеткізу қиын, үшіншіден, мұғалімнің айтқанымен, дайын оймен, ұсынылған бағыт бойынша жұмыс жасайды. Бұл оқушы үшін қызықсыз және баланың ешқандай шығармашылығы дамымайды, мазмұндаманы құлықсыз жазады. Оқушыларды мазмұндама жазуға қалай құлшындыруға болады? Ол үшін мұғалім мазмұндама жазудың басқаша жолын қарастыруы керек, екіншіден, бұрынғы жаздырып жүрген үлгіден (классикалық) бас тартудың қажеті жоқ, қайта оны жаңа әдістемемен байланыстырып өткізгені жөн. Оқушылардың шығармашылығын, ынтымақтастығын, белсінділігін арттыру үшін өздері жасап шығарған ережесін жұмыс барысында басшылыққа алған абзал. Тіпті оны көрнекті жерге іліп те қоюға болады. Жұмыс жасаудың ережелері мыналар:
2.4 МАЗМҰНДАУ- ОҚУШЫНЫҢ ШЫҒАРМА МАЗМҰНЫН ҚАБЫЛДАУЫНЫҢ САПАЛЫҚ КӨРСЕТКІШІ
Психолог ғалымдар: “Адамның сезім мүшелеріне әртүрлі заттар бір мезгілде әсер етіп отырады. Бірақ оның барлығы бірдей тең қабылданбайды. Қайсысына біз назар аударсақ, сол зат қана айқын, анық қабылданады да, басқалары бұлыңғыр, көмескі болып қабылданады”, - дейді. [14, 93] Сол тәрізді оқушылардың мәтін мазмұнын түсінуі, ондағы сөз кестелерін, түрлі суреттеулерді қабылдаулары бір мезгілде, бір деңгейде болмайды, солардың ішінен оқушы өзіне ерекше әсер еткендерін ғана толық қабылдап, соларды баса жазады. Ал оқушы назарына мәтін мазмұнына ұйытқы болып тұрған негізгі мәселелер емес, екінші қатардағы, қосалқы жайлардың көбірек ілігуі де ықтимал.Мазмұндама жазуға кіріспес бұрын бірқатар әзірлік жұмыстары жүргізіледі. Мәтіннің баяндалу формасы, диалог сөздер, суреттеулер анықталады. Әр сынып оқушының мәтінді мазмұндау дағдыларын салыстырғанда байқайтынымыз:
ҚОРЫТЫНДЫ
Өзгермелі әлем жағдайында бүгінгі күннің талабына орай мақсат, міндеттерді шешу үшін оларды іске асыратын болашақ ұрпақ қоғам дамуына сәйкес болуы қажет. Қоғамдағы өзгерістердің бағыт-бағдары мен талаптары сол қоғамда өмір сүріп отырған адамдарға да жаңа талап-тілектер мен құндылықтарды жүктеп отырары сөзсіз.
Мазмұндама оқушылардың көркем шығармашылық қабілетін дамытуда ерекше рөл атқарады. Көркем сөздің, көркем ойдың, ұшқыр қиялдың құдіреті сол: сөздің тазалығын, шынайылығын қалыптастыратын, адамның психикасын дамытатан сиқыр күш, жан бар онда. Балаға көркем сөз өнерін үйретудің, баулудың ең басты қажеттілігі – осында. Оқушылардың жазбаша тілін дамытуда мазмұндама мен шығарма жаздырудың алар орны ерекше. Әсіресе, бастауыш мектептерде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарында мазмұндаманың мәні зор. Мазмұндама: