Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 31 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдірудің негізгі бағыттары мен жолдары


Жоспар
Кіріспе 3
1 Негізгі бөлім 4
1.1 Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру бағыттары 4
1.2 Жеке кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын арттыру жолдары 17
1.3 Шағын бизнесті қолдаудың шетелдік тәжірибесін Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері 24
Қорытынды 30
Қолданған әдебиеттер тізімі 31

Кіріспе

Дамыған елдерде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саясатының жалпы мақсаты, ол жеке кәсіпкерлікке қолайлы ортаны қалыптастыру болып табылады, яғни экономикалық саясатының тұрақтылығы, нарықтық инфрақұрылымның дамуы, интеллектуалды меншікті қолдаудың тиімді жүйесі, жеңілдетілген әкімшілік талаптар, жеке бастамашылыққа дем беретін идеологиялық жағдайлар және тағы басқалар. Мысалы, АҚШ-та шағын бизнес мәселелерін шешетін арнайы ұйым шағын бизнес администрациясы бар. Японияда жергілікті билік органдары қарызды кепілдендіру жөніндегі ассоциация құрған және ұйымдастырған. Канадада бизнесті дамытудың федералды банкі арқылы кәсіпкерлерді несиемен, соның ішінде кепілдемемен қамтамасыз етеді.
Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті қолдау мәселесі алғаш рет 1992 жылы 4 шілдеде қабылданған. «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» заңында көрініс тапты. Соңғы уақытта шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында елімізде Қазақстан Республикасының Президентінің бастамасымен 3 заң, заңдық күші бар 7 қаулысы, бірнеше бағдарламалар қабылданған.
Сондықтан, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен ынталандыру бүгінгі күнгі мемлекетіміздің алдындағы өзекті мәселелердің бірі. Бұл тұрғыдағы негізгі мақсат - шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық қызметін тиімді атқаруына мүмкіндіктер жасап, өмір сүру мерзімнің неғұрлым ұзаруына ықпал ету болып табылады.

1 Негізгі бөлім

1.1 Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру бағыттары

Қазақстан Республикасының аса назар аударып жатқан аясы шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мен оны материалдық, құқықтық қамтамасыз етудің өзекті проблемаларын мүмкіндігінше шешу болып табылады. Ол үшін мемлекеттің көмегі қажет:
- біріншіден, құқықтық реттеудің ұтымды түрлерімен шегін белгілеу;
- екіншіден, кәсіпкерліктің қарқынын төмендетпеуге назар аудару;
- үшіншіден, салық салу жүйесін шешу жолдарын дамыту;
- төртіншіден; бақылау органдарының кәсіпкерлік объектілерін тексеру жөніндегі қызметтерін бәсеңдету.
Сондықтан бұл мәселе тіпті Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан 2030» бағдарламасында да көрініс тапқан: мұнда экономикалық өсу стратегиясының принципі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың мақсаты - оны дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. Негізгі басымдықтар:

1.2 Жеке кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын арттыру жолдары

Шағын бизнес бірқатар экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешуде маңызды рөл атқарады. Өйткені, жеке кәсіпкерліктің қарқынды дамуы ел экономикасының ғана емес, оның әлеуметтік сферасының дамуына да зор ықпалын тигізеді. Елдің жалпы ішкі өнімін арттыруға, сол арқылы халықтың әл-ауқатын жақсартуға және сонымен бірге жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік беретін болғандықтан да жеке кәсіпкерліктің экономикалық та, әлеуметтік те маңызы жоғары.
Шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметін реттеу әдістерінің бірі – инвестициялау. Шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметінде инвестицияның мәнін бағалау өте қиын. Шағын және орта бизнес өнеркәсіптері, егер олар өздерінің капиталдарын тиімді сала алса, өнім сапасын табысты көтеріп, шығындарды азайтып, өндірістік қуатты күшейтіп, өзінің өнімінің бәсекеге қабілеттілігін көтеріп және нарықтағы өзінің позициясын күшейте алады. Сондықтан мемлекет өзінің саясатын активті түрде жүргізеді.

1.3 Шағын бизнесті қолдаудың шетелдік тәжірибесін Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері

Бүкіл дүниежүзінде шағын және орта бизнестің экономика құрылымындағы үлесі жоғары. Сол жеке кәсіпкерліктің даму деңгейіне елдің экономикалық дамуының өсуі тәуелді болады. Әсіресе соңғы кезеңдерде АҚШ-та жеке кәсіпкерліктің кеңінен дамуы орын алып отырғандығы байқалып отыр. АҚШ-та шағын бизнеске жұмыскерлер саны 50 адамға дейінгі шағын және орта фирмалардың жиынтығына тең формалар болып табылады. Бұл фирмалар американдық фирмалардың 99%-тін қамтиды.Бұлардың негізгі бөлігі ұсақ, көбінесе жанұялық немесе жеке кәсіпорындар. Мұндай фирмалардың 87%-ында саны 20-дан аспайтын, ал 80%-ында 10-нан аспайтын адамдар жұмыс істейді.1980 жылдардың аяғында АҚШ-та шағын фирмалардың өсуі сандық және сапалық жағдайынан да ерекше байқалады.Мысалы үшін тек 1988 жылдардың өзінде ғана 1млн шағын кәсіпорындар пайда болса, ал 1999 жылы 1,3 млн шағын фирмалар құрылды.Мұның алдындағы жылдары жыл сайын 600 мыңға жуық қана жаңа кәсіпорындар өмірге келіп отыратын болады. АҚШ-та шағын және орта фирмалар ұлттық өнімнің 40%-ын өндіреді, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте 21%, құрылыста 80%, көтерме сауда да 86%, қызмет көрсету саласында 81% құрайды.