Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 63 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту арқылы тәрбиелеу жолдары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК 7
1.1 АБАЙ ЖӘНЕОНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ 7
1.2 АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ АЛАТЫН ОРНЫ 17
1.3 АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ОРНЫ 22
1.4 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА БЕРІЛГЕН АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫ 25
2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН МЕҢГЕРТУДІҢ МАҢЫЗЫ 40
2.1 АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН МЕҢГЕРТУ АРҚЫЛЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 40
2.2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕТІН ТӘРБИЕ 46
2.3 АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ 50
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 62
ҚОСЫМША А 63

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Абай Құнанбаев шығармашылығы.өмірбаяны, туған жер, өскен ортасы жайлы оқушылар сабақ үстінде мәліметтер алады. Ақынның өсіп келе жатқан жас буындардың күнделікті өміріне іс жүзінде қажетті аса құнды ой-тұжырымдарын бастауыш сыныптан бастап жас ерекшеліктеріне лайықтап танытудың қажеттілігі мақсатты түрде алға қойылуда. Бастауыш мектепте қазақ тілі, ана тілі пәндеріне баса назар аударылады. Себебі ана тілі ерте меңгерілсе , басқа пәндерді де соғұрлым оңай және толық меңгереді. Ана тілі арқылы оқушылардың тіл байлығын арттырумен бірге дүниетанымын қалыптастырып, өмірге бейімдейді. Ақын шығармашылығы мен өміріне қатысты бастауыш сыныптарда өткізілетін тақырыптар көп жағдайда педагогикалық жүйелілік, бірізділік , сабақтастық секілді т.б қағидаларға сәйкес келе бермейді.
Міне, осындай мәселелерді шешуге үлес қосу мақсатында осы дипломдық жұмысымызды арнап отырмын.
Зерттеудің мақсаты:

1 АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 АБАЙ ЖӘНЕОНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ
«Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!..»[1.32]
Абай болашақ ұрпақ, біздерге сөзін осылай арнады. Бұл сөз өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шамшырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті.

1.2 АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Абай шығармаларындағы мақал-мәтелдердің қызметі мен өзіндік сипаты ерекше көңіл аударарлық. Мақал-мәтелдер – бүкілхалықтың рухани әлемі сіңірілген тілдік құбылыс.
Мақал-мәтел мазмұны этнос тарихымен тығыз байланысты. Тіпті сонау көне дәуір ескерткіштері тілі мен М.Қашқари «Ұлғатының» өзегінде ел мен жер жайлы, халық пен қоғам тарихынан сыр тарқатар мақал-мәтелдер көптеп кездеседі. Абай шығармаларындағы мақал-мәтелдердің тілдік-танымдық мәнін анықтау арқылы қазақ тіл өнерінде көркем сөздің алатын орнын сараптай аламыз. Тілдік қордағы әрбір мақал-мәтел мағынасының қалыптасу және даму заңдылығы болатындығына Абай шығармалары арқылы тағы бір көз жеткізе аламыз. Ақын шығармалары тіліндегі мақал-мәтелдердің табиғаты мен этнолингвистикалық сипатын анықтай оның өзіндік ерекшелігін де айқындауға мүмкіндік аламыз.

1.3 АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ОРНЫ
Жас ұрпақты адамгершілікке, әдептілікке, имандылыққа тәрбиелеуде ұлттық сана-сезімнің қайнар бұлағы – мақал-мәтелдер, құнды әдеби мұралар, нақыл сөздер болып табылады.
Академик Г. Н. Волков «… батыстан келген бұл рухани апаттан жастарды аман алып қалудың жолын қарастыруымыз керек. Ол әр халықтың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбисінде қалыптасқан, түрлі сыннан сүрінбей өткен халықтың бай тәжірибесіне сүйенген халықтық педагогика болмақ» –деп жазады [13.36].
Жас ұрпақ тәрбиесінде таптырмас тәрбие құралы болып саналатын қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде қалыптасып, осы мәселе төңірегінде алғаш төл туындылар жазған демократ ағартушы Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтардың есімімен байланысты.

1.4 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА БЕРІЛГЕН АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫ
Ия, тәуелсіздіктің жарқын таңы атты. Ата-бабамыз армандап, аһ ұрып аңсап өткен күнді көру бақыты біздің маңдайымызға жазылыпты. Ақты ақ, қараны қара деп жалтақтамай, ешкімге жалбақтамай сөйлеу еркіндігіне қол жетті.
Ендеше, Абай мұрасын оқытуда да бұрын айта алмай, бата алмай келген көп жайды жас ұрпаққа білгірлікпен, білімділікпен жеткізу, тереңінен тартып, сөз ұқтыру – ұстаздар қауымының алдында тұрған өрелі міндеттердің бірі.

2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН МЕҢГЕРТУДІҢ МАҢЫЗЫ
2.1 АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН МЕҢГЕРТУ АРҚЫЛЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Пәндерді бір-бірімен байланыстыра оқыту оқушыларға жүйелі білім берудің тиімді тәсілдерінің бірі болып саналады. Себебі көптеген ғылымның жалпы табиғатында, шығу тегінде туыстық бар. Мысалы тіл мен әдебиет ғылымдарының төркіні – ортақ. Ол –тіл. Солай бола тұрса да бұл екі ғылымның әстетикалық әсері, құрылымы, жасалу жүйесі сияқты бір-біріне ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан бұл екі пәнді өзектестіре оқыту ісі мұғалімнен жан-жақты білімділікті, мол тәжірибені талап етеді. Көркем шығарма адамның психологиялық болмыс, бітімін бейнелейді, азаматтық рухты, халықтық қасиеттерді, уақыт тынысын, заман сипатын өрнектейді. Әдеби туындының сол қасиетін жақсы түсініп, одан рухани нәр алуы үшін оқушы тілдің, оның түрлі заңдылықтарын жете түсінуге тиіс.

2.2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕТІН ТӘРБИЕ
Абайдай ұлы адамның өз бойындағы ақындық қасиетін халықты тәрбиелеуге бағытталғандығы «Жаздым үлгі жастарға бермек үшін» – деген ойларынан айқын байқалады. Ақын шығармаларын мектепте бастауыш сыныптан бастап сабақта, сабақтан тыс жұмыстар арқылы оқушы бойына сіңіруге болады. Бастауыш сыныпта тәрбиелік сағат түрінде өткізіледі.
Онда – тақпақ айтқызу, ақын әндерін орындату, шығармаларынан сахналық көріністер көрсету, қара сөздерінің ішінде тәрбиелік мәні жағынан оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, қажеттісін түсіндірген дұрыс.

2.3 АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ
Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс-тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиісті деп табылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.

ҚОРЫТЫНДЫ
Абай мұрасын оқытуда да бұрын айта алмай, бата алмай келген көп жайды жас ұрпаққа білгірлікпен, білімділікпен жеткізу, тереңінен тартып, сөз ұқтыру – ұстаздар қауымының алдында тұрған өрелі міндеттердің бірі.
Азат елдің азаматы егеменді елінің тұтқасын қолына берік ұстайтын, тәуелсіздіктің мән-мағынасын терең түсінетін сабырлы, сауатты экономика құпиясын меңгерген, салауатты азамат болуы қажет. Ол үшін бүгінгі ұрпағымызды осы талапқа лайықты азамат етіп тәрбиелеуде ұстаздар алдында үлкен міндет тұр. Сол міндеттің бірі – бастауыш сыныптан бастап, оқушыларға жан-жақты білім беру, сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту. Балалардың сөйлеу тілі отбасынан басталып, мектепте қалыптасып дамиды.