Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 53 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Сын есімнің семантикалық және стилистикалық сипаты


Мазмұны
Кіріспе 6
1 Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат 8
1.1 Сын есімнің жалпы сипаты 9
1.2 Сын есімнің семантикалық топтары 10
1.3 Сын есімнің морфемалық құрамдары 12
1.4 Сын есімдердің жасалуы 13
1.5 Сын есімнің синтаксистік тәсіл арқылы жасалуы 20
1.6 Сын есімнің шырай категориясы 23
2 Сын есімнің мағыналық топтары 39
2.1 Сын есімнің заттану процесі 44
2.2 Адъективтену амалы 45
2.3 Сын есімнің морфологиялық құрылымы 46
2.4 Сын есімнің синтаксистік қызметі 49
Қорытынды 51
Пайдаланған әдебиеттер 53

Кіріспе
Тілдің грамматикалық құрылысы, белгілі топтағы сөздердің түрлену жүйесі мен соған сәйкес туындайтын әр түрлі грамматикалық мағыналар, грамматкиалық категориялардың өмір сүріп, жүйелі тілдік құбылыс болуы сипаттар тіліміздегі сөздердің белгілі – белгілі грамматикалық топтарға, сөз таптарына бөлінуіне байланысты. Өйткені сөздер сементикалық ( лексикалық емес, грамматикалық) сипаттарын түрлену жүйесінің, синтаксистік қызметтерінің ортақтығына қарай топталады. Әдетте қазақ тіліндегі сөз топтары атаушы немесе мағыналы сөздер, көмекші сөздер болып, кейде оған үшінші топ – одағай сөздер қосылып бөлініп жүр. Бірде айта кету керек, бұндай түісінік тілдегі сөздердің грамматикалық сипатын ашып бере алмайды, тілдегі грамматикалық құбылыс пен лексикалық құбылыстың өзара айырмашылығын, тілдің бөлек – бөлек деңгейі екенін ажыратып айқындап бере алмады.

1 Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
Сын есім – өзіндік мағынасы, морфологиялық белгілері, синтаксистік қызметі бар жеке сөз табы. Сын есім жеке сөз табы ретінде Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл құралы» оқулығында танылған. Оқулықта сын есімге «Сөздің кейбіреулеріне нәрсенің сынын аталады. Осындай нәрселердің сынын көресетін сөздер сын есімдер деп аталады. Сын есімнің сұрауы: қандай?, – деген қысқаша анықтама берілген [5,14].
Ғалымның қазақ тілді пән ретінде үйрететін оқулығындағы жеке сөз табы ретінде танылған сын есім туралы пікір кейінгі еңбекетрде же жалғасын тапты. Қ. Жұбанов «қазақ емлесі мен грамматикаының кейбір мәселелері» атты мақаласында заттың не істің сипат белгісін көрсететін, шырай үстеулері мен үстеуштерін ертетін, зат есімге де етісктікке де анықтауыш бола алатын түбірді сын есім деп атаған. [6,123].

1.1 Сын есімнің жалпы сипаты
Есімдер деп аталатын сөздердің ішіндегі зат есімнен кейінгі есесі де, еншісі де мол сөз табы – сын есім.
Семантикалық жағынан зат есім әр алуан заттық ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы болса, сын есім неше алуан сыр-сипатымен байланысты ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы ретінде бөлінеді. Сөйтіп, сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр – реңін ) және басқа сол сияқты сыр – сипаттарын білдіретін лексика – грамматикалық сөз табын айтамыз.

1.2 Сын есімнің семантикалық топтары
Сын есімдер заттың әр алуан сыр-сипаттары мен белгілерін тікелей де, басқа заттардың қатынастары арқылы да білдіреді. Осындай жалпы сипаттарымен байланысты, сын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай, сапалық (негізгі) сын және қатыстық (туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл сындардың қай – қайсысы болса да қандай? қай? (қалай?) деген сұрауларға жауап береді.

1.3 Сын есімнің морфемалық құрамдары
Ақ, қара, сары, көк, сұр, биік, үлкен, аласа, жылы, жұқа, қалың, тік, ірі, кіші сияқты сапалық сын есімдерді алсақ, қазіргі кезде олардың қай-қайсысы болса да, тиісті морфемаларға бөлшектенбейтін түбір сөздер есебінде қабылданып, ежелден келе жатқан негізгі сын есімдер ретінде түсініледі. Ал, бойшаң, алғыр, білгір, өткір, ашпалы, жаппалы, қалалық, ауылдық, ұйымшыл, ұққыш, көнбісті, көнтерлі, басқы, бастапқы, сөзшең, сөзуар сияқты қатыстық сын есімдерді алсақ, олардың бәрі де тиісті түбірлер мен жұрнақтарға мүшеленетін туынды сөздер есебінде қабылданып, белгілі қосымшалар арқылы жасалған туынды сын есімдер екені аңғарылып тұрады.

1.4 Сын есімдердің жасалуы
Сын есімдер морфологиялық (синтетикалық), синтаксистік (аналитикалық), морфологиялық – синтаксистік (семантикалық) тәсілдер арқылы жасалады.
Морфологиялық (синтетикалық) тәсіл бойынша туатын сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы жасалады.
Синтаксистік (аналитикалық) тәсіл бойынша туатын сын есімдер жалаң сын есімдердің бір-бірімен тіркесуі арқылы (ақ сары, қызыл сары; қара көк, ал қара көк; ақ құба, ақ сұр, ақ шабдар, ақ шұбар, ақ көк т.б.), негізгі сындар мен туынды сындардың бір-бірімен тіркесуі арқылы (ақ көйлекті, қара пальтолы т.б.), зат есім мен туынды сын есімнің бір-бірімен тіркесуі арқылы (көп балалы, ауыз жолды, жібек көйлекті), негізгі және туынды сын есімдердің қайталануы, қосарлануы арқылы (үлкен-үлкен, үлкен – кіші, таулы-таусыз, елді - күнді) жасалады.

1.5 Сын есімнің синтаксистік тәсіл арқылы жасалуы
Сын есімдер компонентерінің құрамына қарай жалаң сын есімдер және күрделі сын есімдер болып екі салаға бөлінеді.
Жалаң сын есімдерге ешқандай қосымшаларсыз – ақ негізгі сын есім есебінде қызмет ететін түбір сөздер (ақ, қара, көк, сұр, тік, аласа, тар т.б.) және жұрнақ арқылы жасалған туынды (малды, шөпті, құнарлы, өнімсіз, залалсыз, бойшаң, ұйқышыл, көтеріңкі т.б.) сын есімдер және өзге сөз таптарынан семантикалық жағынан дамып, адъективтенген сөздер (кебу, ауру, басқа, өзге т.б.) жатады. Сөйтіп, жалаң сын есімдерге жататын сөздердің құрамында бір ғана негізгі компонент болады, бірақ ол негізгі компонентте қосымша морфеманың болуы я болмауы шарт емес.

1.6 Сын есімнің шырай категориясы
Сын есімнің ғылымда танылған бір – ақ категориясы бар. Ол – сын есімнің шырай категориясы бар. Шырай категориясы бір түрлі сындық белгінің ақиқат өмірде түрлі дәрежеде болуын білдіреді. Мысалы биігірек, биіктеу, өте биік, біп – биік дегенде биік негізгі мағына сақталады, тек қана реңк қосылып, біркелкі сынның әртүрлі дәрежеде көрінуі байқалады. Сондықтан заттың белгісі я сипаты ( түрі, түсі, сапасы, көлемі, аумағы, салмағы, сыры т.б,) біркелкі болмай, рең жағынан әртүрлі дәрежеде болатынын, демек сипатының я белгінің бір затта артық, бір затта кем болатынын білдіретін сын есім формалары шырай формалары [ 32, 192] деп аталады.

2 Сын есімнің мағыналық топтары
Шындық өмірдегі заттар түрлі болғандықтан, олардың сындық белгілері де сан алуан. Сын есім сөздер заттың сапасын, түрлі қасиетін, көлемін, аумағын, мезгілге қатысын, заттың белгісінің басқа заттарға қатысын т.б. белгілерін білдіреді. Осымен байланысты сын есім – мағыналық құрамы өте күрделі сөз табы. Сын есімнің мағыналық ерекшеліктеріне қарай мынадай мағыналық топтарын көрсетуге болады:

2.1 Сын есімнің заттану процесі
Сөздер қолданыста, сөйлемде бір – бірімен түрлі қарым-қатынасқа түседі, сондай қарым өқатынаста сөз таптарының бір –бірімен алмасу, бір-біріне ауысу процесі де болып тұрады.
Мәселен, сын есім сөздер сөйлемде зат есім сөздермен алмасып, зат есім сөздердің орнына қолданылуы тілден орын алады. Мұндай жағдайда сын есім сөздер зат есім сияқты түрленеді, яғни септеледі, көптеледі, тәуелденеді. Бұл сын есім сөздер заттанған яғни субстантивтенген сын есімдер деп аталады.

2.2 Адъективтену амалы
Адъективтену – басқа сөз таптарының сын есімге ауысуын білдіретін конверсиялық процесс.
Қазақ тілінде сын есімнің өз алдына дербес грамматикалық топ болып қалыптасуына адъективтену процесінің атқарған рөлі зор. Себебі, негізгі сын есімдердің барлығы о баста бақа сөз таптарынан ауысып атрибутивтік мәнде қалыптасқан сөздер болып табылады. Қазақ тіліндегі сын есімдер тобындағы ауру, жамау, жүдеу, кебу, ақсақ, сасық, жасық, қайнар (бұлақ), жанар т.б. сөздер есім мен етістік тобындағы сөздерден ауысып, сын есімдерге айналған.

2.3 Сын есімнің морфологиялық құрылымы
Сын есімдер морфемалық құрамдарына қарай негізі және туынды сын есім Ғ.Мұсабаев, жалаң сын есімдер және күрделі сын есімдер А. Ысқақов, тұлғасына қарай негізгі және туынды, құрылысына қарай дара және күрделі Ж . Шөкенов, негізгі түбір, туынды түбір, біріккен,қосарлы, тіркесті сын есімдер С. Исаев болып бөлініп жүр. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы бағдарламасына А. Ысқақов үлгісі бойынша сын есімдер құрылымына қарай жалаң негізгі, туынды түбір және күрделі болып бөлінген. Біз осы бағдарламаны басшылыққа алдық.

2.4 Сын есімнің синтаксистік қызметі
Қазіргі қазақ тілінде сын есімдер сөйлемнің барлық мүшелері бола алады.
Сын есімдер семантикалық жағынан заттың әр түрлі сынны, сапа, белгісін білдіретін болғандықтан, сөйлемде, негізінен, анықтауыш қызметін атқарады.
Сөздерді тапқа бөлудің үшінші ұстанымына сай әр сөз табы сөйлемде белгілі бір қызмет атқарады. Сын есім мағына жағынан заттың сының белгісін білдіретін сөздер болғандықтан, сөйлемде көбінесе анықтауыш мүше болады [ 40,198]. Мысалы:

Қорытынды
Сын есім – өзіндік мағынасы, морфологиялық белгілері, синтаксистік қызметі бар жеке сөз табы. Сын есім жеке сөз табы ретінде Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл құралы» оқулығында танылған. Оқулықта сын есімге «Сөздің кейбіреулеріне нәрсенің сынын аталады. Осындай нәрселердің сынын көресетін сөздер сын есімдер деп аталады. Сын есімнің сұрауы: қандай?, – деген қысқаша анықтама берілген.