Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Мемлекеттік және жергілікті басқару

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 71 стр.

Год: 2009

Предварительный просмотр

Мемлекеттегі еңбек нарығы


Мазмұны
Кіріспе 6
1 Еңбек нарығының мәні, оның құрылымы 11
1.1 Қазіргі еңбек нарығындағы өзгерістердің факторлары мен ағымдары 11
1.2 Тұрғындарды жұмыспен қамтудың ерекшеліктері 13
1.3 Инфляция және оның экономикаға тигізер әсері 15
1.4 Еңбек нарығында тұрғындарды жұмыспен қамту және кәсіби дайындық түрлерінің тиімділігін талдау 22
2 Қазақстанның қазіргі даму кезеңіндегі еңбек нарығын реттеу қажеттілігі 36
2.1 Жұмыссыздық және жұмыс 36
2.2 Қазақстанның қазіргі еңбек нарығының сипаты 44
2.3 Еңбек нарығының бәсекеге қабілеттілігі және халықтың жұмыспен тұрақты қамтылуы 51
3 Қостанай облысы тұрғындарын еңбекпен қамтудың 2006 – 2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы 55
3.1 Халықты жұмыспен қамтамасыз ету жағдайы 55
Қорытынды 65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 68
Қосымша 71

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан экономикасындағы оң ағымдар және елдің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруге бет бұруы мемлекеттік реттеу алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Солардың бірі – халықты жұмыспен қамтудың жоғары деңгейіне жеткізу. Бүкіләлемдік экономикалық форум және Менеджментті дамыту институтының елдердің бәсекелестік қабілетін анықтау әдістемесі бойынша халықты жұмыспен қамту көрсеткіші баға, халықаралық сауда, ішкі экономиканың дамуы көрсеткіштерімен қатар «экономикалық даму» деп аталатын блокқа кіреді.

1 Еңбек нарығының мәні, оның құрылымы
1.1 Қазіргі еңбек нарығындағы өзгерістердің факторлары мен ағымдары

Еңбек нарығы экономикалық категория ретінде көп уақыттар бойы тек капиталистік елдерге ғана тән құбылыс ретінде, ал жұмыссыздық еңбек пен капитал арасындағы түрлі қайшылықтардың нәтижесінде пайда болатын құбылыс ретінде қарастырылып келді.
Көп ғасырлық тарихы бар еңбек нарығының дамуы оның қызмет етуінің айтарлықтай ерекшеліктерін көрсетеді.
Еңбек ресурстары мемлекет өмірінде маңызды рөл атқарады. ХХ ғасыр соңында, яғни, 90 жылдардың бас кезінде Кеңес одағы ыдыраған шақта Қазақстан Республикасында экономикалық құлдырау басталды. Бұл Қазақстанда миграция құбылысын туғызды. Көптеген ұлт өкілдері өздерінің бұрынғы тарихи мекеніне: немістер – Германияға, орыстар – Ресейге қоныс аударды. Нәтижесінде Қазақстан өзінің көптеген мамандарынан айырылды, бірінші кезекте еңбек нарығындағы бәсекелестікке төтеп беретін жоғары білікті мамандығы және кәсібі бар мамандар кетті. Осы кезеңде Қазақстанда әр түрлі бағыттағы мамандарды даярлайтын оқу орындарының саны өсті. Көптеген адамдар тез арада өзгеріп отырған еңбек жағдайына байланысты мамандығын өзгертуге мәжбүр болды. Өкінішке орай, 90-жылдардың басында жоғары білікті мамандар экономиканың күйреуіне және мекемелердің жабылуына байланысты жұмыссыз қалды [2,142].

1.2 Тұрғындарды жұмыспен қамтудың ерекшеліктері
Әлемнің дамыған елдерінің бәрі тұрғындарды, жұмыспен қамтылуы білім берудің үздіксіз және икемді жүйесімен, жұмыскердің еңбек нарығына алғаш шығуын ескеретін арнайы жобаларды жүзеге асырылуымен байланысты мақсатты топ ретінде қарастырады.
Тұрғындардың мақсатты саясатын дайындау үшін әлемдік тәжірибені пайдаланған кезде тұрғындардың еңбек нарығының ерекшеліктерін біріктіру аса маңызды болып табылады (кесте 1).

1.3 Инфляция және оның экономикаға тигізер әсері
Инфляция - латыншадан «іnflatіоn» аударғанда «қампию» дегенді білдіреді. Инфляция түсінігі 1861-1865 жж. азаматтық соғыс кезінде пайда болған. Алайда, инфляция кұбылысының өзі айналымға ақша енгізумен байланысты ежелгі Рим мен ежелгі Қытайда болып тұрған. Жоғарыда айтқанымыздай, алтын мен күміс ақша айналымында инфляция болмайды, өйткені олар артық болған жағдайда қазынаға салынып, ал қажеттілік туған кезде қазынадан айналымға келіп түседі. Осылайша, ақша айналымы өзін-өзі реттей алады. Нақты қағаз ақша айналымында, яғни толымсыз ақша көрсеткіштері, нақты ақша өкілдері айналымында міндетті түрде инфляция болады.

1.4 Еңбек нарығында тұрғындарды жұмыспен қамту және кәсіби дайындық түрлерінің тиімділігін талдау
Еңбек нарығында тұрғындарды жұмыспен қамту жалпы халықты жұмыспен қамту саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Қазір елдерде өзіне сай халықты жұмыспен қамтуға ықпал етудің ұйымдастырушылық - экономикалық механизмі қалыпта-суда. Қазақстандық еңбек нарығын талдау үшін ҚР-дағы халықты жұмыспен қамтуға ықпал етудің ұйымдастырушылық-экономикалық схемасы анықталды, онда жұмыспен қамтуға ықпал ету механизмі макро- және аймақтық болып екі деңгейге бөлінетін (сурет 1).

2 Қазақстанның қазіргі даму кезеңіндегі еңбек нарығын реттеу қажеттілігі
2.1 Жұмыссыздық және жұмыс
Жұмыссыздық қоғам өміріне тән құбылыс. Ол бұған дейін де болған, алдағы уақытта да бола бермек. Бұдан кейде әрқилы әлеуметтік-экономикалық проблемалар да туындап қалып жатады. Қазіргі нарық жағдайында қай жерде болсын жұмыссыздар санының көбейе түсер ықтималдығы да мол. Себебі, оның мынандай факторлары бар екендігі екінің біріне белгілі жайт. Мысалы, өндірістің жаппай автоматтандырылып, механикаландырылуы, еңбекті интенсивтендіру деңгейінің артуы, өнеркәсіптің т.б. мекемелердің дағдарысқа ұшырауы, тіпті соның кесірінен жабылып қалуы, сондай-ақ мамандандырылудың біржақты жүргізілуі – осындай себептерден жұмыссыздық асқына түсері мәлім.

2.2 Қазақстанның қазіргі еңбек нарығының сипаты
2007 жылдың бірінші тоқсанында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 2735 адам өтініш жасады. Өтініш жасағандардың 1698 адамы немесе 62,1 % әйелдер, 804 немесе 29,4 % 24 жасқа дейінгі жастар құрайды.
Жұмыспен қамту қызметінің қатысуымен еңбек делдалдығына өтініш жасағандар санынан 2335 адам немесе 85,4 % жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамтылғандардың ішінде әйелдер – 60 %, жастар – 28,3 %, 50 жастан асқандар – 22 % құрайды. Жұмыссыздар санынан 853 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысты.

2.3 Еңбек нарығының бәсекеге қабілеттілігі және халықтың жұмыспен тұрақты қамтылуы

Еңбек нарығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен халықты жұмыспен тұрақты қамту алдағы кезеңдегі өзінің мақсаты деп тани отырып, Тараптар еңбек нарығы мен еңбек көші-қонын заңдастыру, жұмыс орындарының сапасын арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру, кадр әлеуетін сақтау және дамыту, еңбек ресурстарын дамытудың тиімді жүйесін құру міндеттерін шешуде күш-жігерді біріктіру қажет деп есептейді және өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

3 Қостанай облысы тұрғындарын еңбекпен қамтудың 2006 – 2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы
3.1 Халықты жұмыспен қамтамасыз ету жағдайы
Қостанай облысы тұрғындарын еңбекпен қамтудың 2006 – 2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама жұмыссыздық айғағының өсуін ескерту, тұрғындардың еңбекке қабілетті бөлігімен іскерлікте болу, жұмыс күшінің сапасын арттыру, еңбек нарығының ішкі қорғанысын тұрақтандыру мақсатында әзірленген.

Қорытынды
Дипломлық зерттеу нәтижесінде төмендегідей қорытындылар мен ұсыныстар жасалып отыр:
1. Бүгінгі таңда еңбек нарығы өндірістің тұрақты өсуі кезеңіне сай қалыптасып, қызмет етіп келеді. Әйтсе де, еңбек нарығының дамуына нарықтық экономиканың құрылуы кезінде қалыптасқан қиындықтар және халықтың әлеуметтік топтары арасындағы жұмыссыздық өз ықпалдарын тигізіп отыр. Әлеуметтік топтар құрамына тұрғындар да кіреді.