Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Есеп және аудит

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 59 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Тауарлы-материалдық қорлардың есебі


Мазмұны
Кіріспе 5
1 Тауарлы-материалдық қорлар есебі 8
1.1 Материалдық қорлардың құрамы мен олардың жіктелуі 8
1.2 Материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы және материалдар номенклатурасы 11
1.3 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау 21
1.4 Материалдық қорларды бағалау әдістері 24
2 «Төленді» ЖШС мысалында тауарлық-материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы 26
2.1 Кәсіпорынның қаржы-экономикалық сипаттамасы 26
2.2 Материалды құндылықтардың келіп түсуі мен шығысының есебі себі 33
2.3 Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебі 39
2.4 Материалдық құндылықтарды түгендеу 41
3 Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдау және тиімділігін арттыру бағыттары 44
3.1 Кәсіпорынның материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау 44
3.2 Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдау 49
Қорытынды 57
Пайдаланылған әдебиеттер 59

Кіріспе
Диплом алды тәжірибе туралы есеп беруім кәсіпорынның бухгалтериясындағы тауарлы-материалдық қорлар, негізгі құралдар,дебеторлық берешек,жалақы және тағы да басқа құжаттарына сәйкес құрастырдым. Сонымен қоса осы құжаттарға сүйене кәсіпорынның алдағы болашақтағы қаржылық дамуын көруімізге болады.
Бұл жұмыстың басты мақсаты бухгалтерия жұмысын меңгеріп,үйрену және осы кәсіпорын бухгалтериясындағы алған білімдерімді мен іс-тәжірибем болашақ уақытта кәсіби қызметімде қолданылуыма көмек болып табылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалды сол ұйымның тауарлық-материалдық қоры түріндегі ағымдары активі болып табылады.

1 Тауарлы-материалдық қорлар есебі
1.1 Материалдық қорлардың құрамы мен олардың жіктелуі
Қазақстан Республикасының субъектінің қаржылық-шаруашылық әрекетінің бухгалтерлік Бас шоттар жоспарының тауарлы-материалдық қорларына жатады:
- шикізаттар мен материалдар,сатып алынатын жартылау фабрикаттар,толықтырылатын бұйымдар,конструкторлар мен детальдар,қосалқы бөлшектер,қайта өндеуге жіберілген материалдар,құрылыс материалдары және т.б,.
- аяқталмаған өндіріс
- сату үшін алынған дайын өнім мен тауарлар
Аналитикалық есепте тауарлы-материалдық қор есебі материалды жауапты адамда әрбір материалдың аты бойынша жүргізіледі (марка,сорт,өлшемі,номенклатуралық нөмірі және т.б).
Тауарлы-материалдық қорлар өзіндік құнның ішінен ең төмен баға бойынша және мүмкіндігінше сатылған тауардың таза құнымен бағаланады.

1.2 Материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы және материалдар номенклатурасы
Материалдық босалқы қорлардың барлық түрін есепке алу үшін 1300 «Материалдар» бөлімінің негізгі, активті, мүліктік шоттары пайдаланады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді: 1310 «Шикізат және материалдар», 1310 «Сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер, детальдар», 1310 «Отын», 1310 «Ыдыс және ыдыстық материалдар», 1310 «Қосалқы бөлшектер», 1310 «Басқа материалдар», 1310 «Қайта өндеуге берілген материалдар», 1310 «Құрылыс материалдары».
1310 «Шикізат және материалдар» шотында шығарылатын өнімнің негізін салатын немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде сондай-ақ өнімді шығаруға қатысатын немесе шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне сеғптігін тигізетін көмекші материалдыр да есепке алынады.

1.3 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау
Кәсіпорындар мен ұйымдарда материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмысымен арнайы бөлім және арнайы мамандар шұғылданады. Олар ұйым бойынша келерн жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем бойынша өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап, жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт жасайды. Шартта материалдардың аты, көлемі, бағасы, жеткізіліп берілетін уақыты көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жабдықтау бөлімі шартта көрсетілген келісімдердің орындалуын қадағалап отырады. Ол үшін материалдарды алып келген тасымалдау көлігінің жолдама құжаты, теміржол жүкқұжаты , көліктік жүкқұжаты, жабдықтаушыдан келген басқа да құжаттар алдымен жабдықтау бөліміне табыс етіледі. Бұл жерде, яғни жабдықтау бөлімінде келген құжаттар М-1 түрлі «келген жүкті есептеу» журналына тіркеледі. Одан кейін бұл құжаттарды материалды алып келетін экспедиторға береді. Сонымен қатар экспедиторға материалдарды алу үшін сенімхат беріледі. Экспедитор алған жүкқұжаттары мен сенімхатты алғаны үшін М-1 түрлі журналға қол қояды.

1.4 Материалдық қорларды бағалау әдістері
Өндірісте босатылған материалдар құнын анықталған кезде «Тауарлы-материалдық қорлар есебі» 7 БЕС мен ҚЕБХС 2 «Қорлар» ұсынған бағалау тәсілдері қолданылуы мүмкін :

2 «Төленді» ЖШС мысалында тауарлық-материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы
2.1 Кәсіпорынның қаржы-экономикалық сипаттамасы
«Төленді» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Наурзым ауданында орналасқан және қызметінің негізгі бағыты – құрылыс жұмыстарын жүргізу.
Серіктестіктің ќазаќ тіліндегі атауы: «Төленді» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Ќысќаша ќазаќ тіліндегі атауы: ЖШС» Төленді «. Серіктестіктің заңдық мәртебесі:
Серіктестік белгісіз мерзімге ќұрылѓан. Серіктестік мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылған болып саналады және заңды тұлѓа құқығына ие болады. Серіктестіктің мөрі, дербес балансы, банктік шоттары, өз атауы бар бланкілері болады. Серіктестік қызмет мақсаттарына жету үшін өз атынан мәмілелер жасауға, мүліктік емес ќұқықтарды иеленуге, мойынына міндеттемелер алуға, сотта талапкер немесе жауапкер болуға құқылы.

2.2 Материалды құндылықтардың келіп түсуі мен шығысының есебі себі
Материалдық активтерді негізгі құралдар деп танитын тұста бағалауға бірыңғай қарау қажетті шарт болып табылады. 6 «Негізгі құралдар есебі»БЕС мен 16 «Негізгі құралдар» ҚЕБХС-на сәйкес негізгі құралдар мыналар бойынша бағаланады:

2.3 Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебі
Материалдар өздері сақталып тұрған жері бойынша, яғни кәсіпорын қоймасында және кәсіпорын бухгалтериясында есептеледі. Материалдық қорлардың қоймадағы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және олардағы жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты. Қоймадағы материалдық қорлардың әрбір түрлері, сорттары бойынша бөлек сақталуы тиіс. Материалдардың маркасы, сорты, көлемі, номенклатуралық нөмірі, өлшем бірлігі, сақталып тұрған материалдардың мөлшері, тағы да басқа көрсеткіштері картон немесе фанерге жазылып, материалдарға байланып немес жапсырылып қойылады. Қоймадағы және цехтағы материалдардың аналитикалық есебі белгіленген түрі бойынша олардың ішінде сорттары мен маркалары бойынша жүргізіледі. Қоймада материалдық қорлардың тек қана сандық есебі жүргізіледі.

2.4 Материалдық құндылықтарды түгендеу
Қазақстан Республикасында осы күнгі қолданылып жүрген ереже бойынша кәсіпорындар жылына кем дегенде бір рет өздерінің меншігіндегі материалдық қорларына түгендеу жұмысын жүргізуі керек. Түгендеу жұмысы міндетті түрде мынадай жағдайда жүргізіледі:

3 Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдау және тиімділігін арттыру бағыттары
3.1 Кәсіпорынның материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау
Өнім өндірісі жоспарын орындау мен өнімнің өзіндік құнын төмендетудің, пайда мен рентабельділік деңгейін жоғарылатудың қажетті шарттарының бірі - өндірісті қажетті шикізат пен материалдармен толық әрі уақтылы қамтамасыз ету болып саналады.
Кәсіпорынның шикізат пен материалдармен қамтамасыз етілу деңгейі қолда бар материалдар көлемін олардың жоспарлы қажеттілігімен салыстыру арқылы анықталады.

3.2 Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдау
Материалдық ресурстар өндіріс шығындарының елеулі үлесін алады, сол себепті оларды пайдалану тиімділігін талдау мен оны арттыру жолдарын іздестіру кез-келген кәсіпорын үшін маңызды мәселе. Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігіне сипаттама беру үшін жалпылаушы және жеке көрсеткіштердің жүйесі қолданылады.
Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін сипаттаушы жалпылама көрсеткіштерге келесілер жатады:

Қорытынды
Кәсіпорынның шикізат пен материалдармен қамтамасыз етілу деңгейі, сатып алынған материалдардың сапасы, олардың стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкестігі өндіріс үрдісінің үздіксіз жүруі мен кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесін анықтаушы факторлар болып саналады. Себебі материалдық ресурстар шығындардың елеулі бөлігін құрайтын шығын элементі, оның өзгерісі шығын динамикасы мен өнімнің өзіндік құныны үлкен әсер етеді. Сол себепті материалдық ресурстарды үнемді па йдалану мен оны пайдалану тиімділігін арттыру кез-келген кәсіпорын үшін маңызды. «Ерназар» ЖШС де материалдық ресурстар есебінің ұйымдастырылуына баға беру мен оларды пайдалану тиімділігіне жүргізілген талдау негізінде келесідей қорытындылар жасауға болады: