Соғыстан кейінгі (1946-1953) және 1960 жылдары мен 1980-жылдардың екінші жартасындағы Қазақстан (1946-1991 жж.)
Жоспар
1. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.).
2. Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964 жж.).
3. Қазақстан 1960 жылдың екінші жартысы мен 1980 жылдардың бірінші жартысында.
4. Қазақстандағы «Қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.)
1. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.).
Соғыстан кейін республика экономикасын қайта құру.
II дуниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Кеңес одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны – 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды. 2 млн. адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Станиград, Минск т.б. қалалардың көп бөлігі талқандалды.
Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кенес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды. 1945 жылдың шілде қыркүйегі бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді.
2. Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964 жж.).
Қоғамдық – саяси өмір.
50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды.
КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.
1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.
3. Қазақстан 1960 ж. екінші жартысы мен 1980 жылдар – бірінші жартысы.
XXғ. 60-80 жылдарындағы саяси өмір.
Н.С.Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы сияқты пайдаланып, көптеген тың тәжірибелерді, оның ішінде келешегі жоқ тәжірибелерді сынақтан өткізіп байқап көрді. Гидропоникалық әдіспен өсімдік өсіру, жүгері егу т.б. осы сияқты тәжірибелер Қазақстан шаруашылықтарында байқаудан өтті. Оның айтуымен республиканың оңтүстіктегі аудандары көршілес республикаларға берілді, өлкелер құрылды. Көптеген қосалардың аттары өзгертілді: Ақмола – Целиноград атанды, Батыс Қазақстан облысы – Орал облысы болды. Хрущевтің жолсыздықтары мен жөнсіз қылықтарын ашық айтпаса да халық оған наразы болды. Сойтіп, елдің экономикасын жаңа сатыға көтеру, халық шаруашылығын басқару, өндірісті жоспарлау мен ынталандыру жүйесін тубегейлі жақсарту қажеттігі кесіп жетілін келе жатты. Экономикалық мәселелерді шешуде субъектівизмде, валюнтаризмді жою қажеттігі барған сайын айқындала түсті.
Экологиялық жағдай
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда КСРО-да экологиялық жағдай күрделі проблемалардың біріне айналды. Бұл проблемадан Қазақстан да тыс қалған жоқ. Әлем тарихында «қырғи қабақ соғыс» («холодная война») соғыс аталған империалистік мемлекеттер мен социалистік мемлекеттер арасындағы жанталаса қарулану бәсекесі XX ғасырдың 2-ші жартасында дүниені шарпыды. Бұл бәсекеде басты орында АҚШ пен КСРО тұрды. Ең алдымен бұл екі мемлекет ядролық қарудың ошағына айналды.
4. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).
Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы .
КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мүндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді.
Дағдарыстың себебі өте көп болды.
Саяси саладағы белгілері: