Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Заңгер этикасы

Тип: Реферат

Объем: 6 стр.

Полный просмотр работы

Канондық құқық және мораль

Құқықтық заңдар жүріс тұрыстың, әрекеттің сыртқы жағын есепке алады, олар жекелеген ниеттерді реттей алмайды, жеке қайғылар, үміт, өкіну сияқты адамның ішкі әлемімен тығыз байланысты діни сезімдерде көмек бере алмайды.
Діндер күннен күнге дамуда. Қазіргі кезде дәстүрлі ежелгі діндермен қатар жаңа, қазіргі заманғы діни конфессиялар мен қозғалыстардың қалыптасу үдерісі орын алуда. Бұрынғы діндер де, қазіргі заманғы діндер де қазіргі кезгі өмір шындығына бейімделуге, өзіне сенушілерді тартуға тырысуда.

Бесінші өсиет әке мен ананы сыйлауды талап етеді. Оның қажеттігі балалардың ата-аналарының еркіне бағынбауының қылмыстық факт екенімен ғана түсіндірілмейді (мысалы, Бес кітаптықта әкесі мен анасын ұрған немесе қарғаған бала үшін өлім жазасы белгіленетіні туралы норма бар). Он өсиеттің құрамында бұл өсиет ерекше мәнді иеленеді — ол қоғамдық жүріс тұрыстың жаңа діни ұлттық кезеңі ғасырлар бойы қалыптасқан ата-ананы дәріптеу заңын жоққа шығармайтынын көрсетеді.
Кейінгі өсиеттерді (алтыдан онға дейінгі) адамның жақынға деген қатынасын білдіретін нормалар ретінде сипаттауға болады. Бұл жерде жақын дегеніміз өз халқының барлық өкілдері.

Адамға қойылатын басты талап — жердегі барлық мақсаттар мен талпыныстардың мәнсіздігін түсіну, сезіну. Құндылықтардың ауқымын дұрыс анықтап алу керек және басты ақиқатты түсінген жөн: “Адамдар үшін жоғары деп танылатынның Құдайдың алдында төмендігі”. Исаның ойынша, әлемде құндылық жоқ: аспан патшалығымен салыстырғанда қаншалықты мәнді, әрі тартымды болып көрінгенімен ол төмен. Яғни, жердегі өмірдің кемшін тұстары көп және ондағы байлық та, атақ та адам талпыныстарының мақсаты болуға тұрмайды. Жүректің әлемге бағынуы мүмкін емес.

Иса қалыптасып қойған құндылықтар тәртібін мүлдем өзгертіп жібереді. Адамдар өз қайғыларын болдырмау үшін күнделікті нанды, материалдық құндылықтарды жиі ойлайды, ал шын мәнінде олардың қайғыларының себептері осылар, олар оны түсінбейді. Иса адамдарды өздерінің қайғылы тәжірибесін таразылауға шақырады. Мыңдаған жылдар бойы адамды толғандыратын басты мәселелер — не жеу, не ішу, нені кию. Оларда толығымен осы аталғандардың үшеуі де жоқ. Бары–тұрақты қайғылар мен бітпейтін шиеленістер. Адамдар негізгі мен қосымшаны шатастырып алғанға ұқсайды.