Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бухгалтерлік есеп

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 30 стр.

Год: 2007

Предварительный просмотр

Кассадағы және есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттар есебі


Мазмұны

Кіріспе 3
I бөлім. Ақша қаражаттар есебінің теориялық негіздемесі 4
1.1 Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәні мен мақсаты 4
1.2 Есеп айырысу шоты операцияларының есебі 5
1.3 Валюталық шот операцияларының есебі 9
ІІ Тарау. Касса операцияларының есебі 14
2.1 Банктердегі арнайы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі 17
2.2 Төлем карточкаларының есебі 22
Қорытынды 28
Пайдаланған нормативті - құқықтық актілер және арнайы әдебиеттер 30

Кіріспе

Бухгалтерлік есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелімен күшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық та мойындады. Бұндай жағдайда біздің республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдік нарықта бәсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым күп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың деңгейі де жоғарлай береді. Бұл бүгін, ертең, алдыңғы отыз жыл ішінде де ең үзекті мәселелердің бірі болатыны Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан - 2030» деген халыққа жолдауында да ерекше аталып кеткен. Ал кәсіпорын қызметінің дұрыс жолға қойылуы күптеген факторларға байланысты болып табылады. Соның ішінде бухгалтерлік есептің, аудиттің, оның ішінде қаржылық есептің, ішкі аудиттің және талдаудың дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуі үлкен роль атқарады. Бұл қызметтердің мәні «тірі» ақпаратта. Ал кім ақпаратқа ие болса, сол әлемді билейді деген сүз бар. Бухгалтерлік есептің маңызын осыдан ақ білуге болады.

I бөлім. Ақша қаражаттар есебінің теориялық негіздемесі

1.1 Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәні мен мақсаты

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі жанындағы «Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің» №4 № «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп»- деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субьектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді» делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында:«Заңды тұлғалар, субьектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады» делінген.

1.2 Есеп айырысу шоты операцияларының есебі

Барлық шаруашылық субъектілер ақша қаражаттарын банктердің сәйкес мекемелеріндегі шоттарда сақтайды және міндеттемелер бойынша төлемдерді жүзеге асырады. Көп жағдайда бүл төлемдер қолма-қолсыз есеп айырысу нысанында болады, ал қажетті қолма - қол есеп айырысулар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативті құжаттарымен бекітілген мөлшерде ғана жүзеге асады. Заңды тұлғалар арасындағы төлем 4000 айлық есеп айырысу көрсеткішінен артып кеткен жағдайда, есеп айрысу тек қолма - қолсыз түрде жүзеге асу керек.1 Ақша қаражаттарын сақтау және заңды тұлғалармен есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банктік шоттарды ашады. Банктік шот депозит қабылдаумен, келісім - шартта қарастырылған клиентке банктік қызмет күрсетумен байланысты операцияларды жүзеге асыру бойынша банк пен клиент арасындағы келісім - шарт қатынастарын күрсету амалы. Банктік шоттар теңге мен шетел валютасында жүргізілуі мүмкін және есеп айырысу (ағымдағы), жинақ, корреспонденттік шоттар болып бүлінеді.

1.3 Валюталық шот операцияларының есебі

Резиденттер арасындағы операциялар бойынша нормативті актілермен қарастырылған жағдайлардан басқа барлық төлемдер тек теңгеде жүзеге асу керек. Қазақстан Республикасында резидент және резидент еместердің жүргізетін валюталық операциялары үкілетті банк пен банктік емес қаржылық мекемелері арқылы жүзеге асады. Валюталық операцияларды жүргізудің негізі №115 2001ж. 20 сәуірде Ұлттық Банк қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» № 54-1 1996ж. 24 желтоқсандағы Заңы және «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу ережелері» болып табылады. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің негізгі органы Ұлттық Банк болып табылады. Өкілетті банктерде заңды тұлғалар - резиденттермен шетел валютасындағы шоттардың ашылуы, жүргізілуі және жабылуы №266 2000ж. 2 маусымдағы «Қазақстан Республикасының банк клиенттерінің банктік шоттардың ашылу, жүргізілу және жабылу тәртіптері туралы» Нұсқаулықта күрсетілген тәртіпте жүзеге асады.

2.1 Банктердегі арнайы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі

Кәсіпорындар ұйымдар, фирмалар үздерінің ақшалай қаржыларын сақтауға банк мекемесінен арнайы шот ашуына болады. Бұл шотта ашылған аккредетивтердегі ақшалай қаржылар, чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылар, банктердегі арнайы шоттардағы ақшалар және басқа да ақшалай қаржылыр есептелінеді.
Аккредитивтермен есеп айырысу. Шаруашылық субъектілер 421-«Аккредитивтердегі ақшалай қаржылар» - деп аталатын шотта жабдықтаушы және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың аттарына ашылған аккредетивтегі ақша қаражаттарын есептейді. Негізінен есеп айырысудың бүл түрі басқа қаладағы (субъекті орналасқан жерден басқа жерде тұратын) жабдықтаушылармен қолма қол ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады.

Қорытынды

Сонымен, бухгалтерлік есеп бүгінгі таңда басқару жүйесінде маңызды орындардың бірін алады. Ол өндірістің, айналыстың, бүлудің және тұтынудың нақты үрдістерін көрсетіп, кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешімдерін қабылдаудың негізі болып табылады. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп Бухгалтерлік есеп стандарттарында және Типтік шоттар жоспарында бекітілген принциптеріне сәйкес жүргізіледі.