Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Химия

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 18 стр.

Полный просмотр работы

Химиялық элементтер, олардың периодтық жүйедегі орны

Жоспар
1 Атомдар және химиялық элементтер 3
2 Элементтер қасиеттерінің периодтық өзгеруі 4
3 А-тобы элементтерінің жоғарғы және төменгі тотығу дәрежелері 6
4 Бейметалдар 8
5 Галогендер 10
6 Халькогендер 12
7 VА-тобының элементтері 14
8 IVА-тобы элементтері 15
9 Металдар 17
10 Б-тобы элементтері 18

1 Атомдар және химиялық элементтер
Атом – заттың ең кіші химиялық бөлшегі. Бүлінген кезде атом өзін құрастыратын өте кіші («элементарлық») физикалық бөлшектерге ыдырайды. Бұл бөлшектердің саны әр атомда әр түрлі болады.

2 Элементтер қасиеттерінің периодтық өзгеруі
Элемент атомының электрондық конфигурациясы осы элементтің Периодтық жүйедегі қасиеттерін анықтайды. Берілген элемент атомының энергетикалық деңгей саны период нөміріне, ал валенттілік электрондарының саны топ нөміріне тең. Егер валенттілік электрондары тек атомдық s-орбитальда орналасса, онда ол элемент s-элемент секциясына (бөліміне) жатады (IА, IIА-топтар); егер элемент элктрондары s- және p-орбитальдарда орналасса, онда олар p-элементтер секциясына жатады (IIIА-дан VIIIА-топтарына дейін).

3 А-тобы элементтерінің жоғарғы және төменгі тотығу дәрежелері
Оң тотығу дәрежелерді фтордан басқа барлық элементтер көрсете алады. Ядро зарядының өсуіне қарай олардың шамалары артады және ақырғы энергетикалық деңгейдегі (оттегінен басқа) электрондар санына тең болады. Бұл тотығу дәрежелері деп атайды. Мысалы, фосфордың жоғарғы тотығу дәрежесі +V-ке тең.
Теріс тотығу жәрежелерін көміртегі C, кремний Si және германий Ge элементтерінен бастап көрсетеді. Олардың шамалары 8ге жетпейтін электрондар санына тең. Бұл жағдайда төменгі тотығу дәрежелері туралы айтылады. Мысалы, фосфор атомының ақырғы энергетикалық деңгейінде 8-ге 3 электрон жетпейді. Фосфордың төменгі тотығу дәрежесі -III-ке тең.

Атом құрылысы теориясы элементтің реттік нөміріне және Периодтық заңның өзіне физикалық түсінік (негіз) береді, заңның негізгі орны мен қорытындыларын түсіндіруге көмектеседі.
Периодтық заңның қазіргі анықтамасы:
Химиялық элементтердің қасиеттері реттік нөмірлеріне периодты тәуелділікте болады.

4 Бейметалдар
Бейметалдық қасиеттері бар элементтер Периодтық жүйенің IIIА–VIIА-топтарында орналасады:

Табиғатта таза бейметалдар N2 және O2 (ауада), күкірт (жер қартысында) кездеседі, бірақ табиғатта бейметалдар көбінесе химиялық байланысқан түрде болады. Ең алдымен бұл – су және онда еріген тұздар, минералдар, тау жыныстары, мысалы әр түрлі силикаттар, алюмосиликаттар, фосфаттар және бораттар. Жер қыртысында таралуы бойынша бейметалдар әр түрлі орын алады: ең жиі кездесетін үш элементтен (O, Si, H) және ең сирек кездесетін элементтерге дейін (Al, Se, I, Te).

5 Галогендер
Периодтық жүйе VIIА-тогбы элементтерінің жалпы топтық атауы - галогендер.

6 Халькогендер
Периодтық жүйенің VIА-тобы элементтерінің топтық атауы – халькогендер (оттегіні көбінесе бөлек қарастырады). Бұл элементтер атомдарының валенттік деңгейлерінің электрондық формуласы ns2np4. Оттегі қосыларда көбінесе теріс, жиірек –II, сирек –I тотығу дәрежелерін көрсетеді.
Басқа халькогендерге +IV және +VI, сонымен бірге –II тотығу дәрежелері тән. Электртерістіктері бойынша O және S – бейметалдар, ал Se, Te және Po – амфотерлі элементтер; Se мен Te бейметалдық, ал Po металдық қасиеттерді басымырақ көрсетеді. Бұл күйінде оттегі O2 – газ, ал күкірт және оның аналогтары – қатты заттар. Оттегіні полонийға қарай жай заттардың тотықтыру мүмкіндіктері азаяды.

9 Металдар
Металдық қасиеттері бар элементтер Периодтық жүйенің IА–VIА-топтарында орналасады.

10 Б-тобы элементтері
Қазіргі кезде Периодтық жүйенің Б-тобының 68 элементі белгілі. Бұл элементтер атомдарының ерекшелігі – ішкі (n–1) d-немесе (n–2) ƒ-деңгейлер, ns-деңгейшелер (IА- және IIА-тобы s-элементтерінің) толғаннан кейін және np-деңгейшелер (IIIА–VIII-топтарының p-элементтерінің) толуы алдында өтеді.