Америка Құрама Штаттарына жалпы сипаттама
Жоспар
1 Америка Құрама Штаттарына жалпы сипаттама 3
1.1 Аумағы, шекаралары, жағдайы: қолайлы алғышарттар. Мемлекеттің құрылысы 3
1.2 Халқы: саны, өз қарқыны, сыртқы миграция, ұлттық құрамы, орналасуы 3
1.3 Шаруашылығының жалпы сипаттамасы: дүниежүзілік экономикадағы АҚШ-тың жетекшілік орыны 6
1.4 Көлік қатынасының географиясы: басты магистральдар мен жол тараптары 8
Әдебиеттер 9
1 Америка Құрама Штаттарына жалпы сипаттама
1.1 Аумағы, шекаралары, жағдайы: қолайлы алғышарттар. Мемлекеттің құрылысы
АҚШ аумағы жағынан әлем елдерінің ішінде төртінші орын алады. Ол мынадай үш бөліктен тұрады: 1. негізгі аумағы (немесе АҚШ-тың өзі) – шығыстан батысқа 4,7 мың, ал солтүстіктен оңтүстікке 3 мың шақырымға созылып жатқан үлкен төртбұрыш тәрізді. 2. Аляска: 3. Тынық мұхиттағы Гавая аралдары.
АҚШ ЭГЖ-сі өте қолайлы, ол барлық кезенде де елдің дамуына қолайлы жағдай туғызып отырады. Бұл, ең алдымен, теңіз шекарасының ұзындығымен (12 мың км), тамаша табиғи айлақтарының болуымен және негізгі аумағы екі мұхитын ортасында болуы айырықша ерекшелігімен түсіндіріледі. Канада және Мексикамен шектеседі құрлықтағы шекаралары шартты сызықтар, өзендер мен көлдер арқылы өтіп, сауда және экономикалық байланыстардың дамуына қолайлы жағдай туғызады.
1.2 Халқы: саны, өз қарқыны, сыртқы миграция, ұлттық құрамы, орналасуы
АҚШ халқының саны жағынан дүниежүзінде үшінші орынға иеленеді; ГФР, Франция, Ұлыбритания және Италия халқын қосып есептегенде де АҚШ-тың халқының санына жетпейді. Бұл ғана ХХ ғасырдың ішінде халқының саны 3,5 есе өсті.
Алайда, АҚШ жас ұлт ретіндегі халқының табиғи өсуі бойынша дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірінде тұрғын кезі баяғыдан өтіп кетті. 80-90 - жылдары мұндай өсім айтарлықтай төмендеп кетті, ол халықтың жасы мен жынысын сипаттайтын пирамидада айқын көрініс тапқан.
1.3 Шаруашылығының жалпы сипаттамасы: дүниежүзілік экономикадағы АҚШ-тың жетекшілік орыны
АҚШ XIX ғысырдың өзінде-ақ Ұлыбританияны қуып шеттіп, өнеркәсіп өндірісінің көлемі бойынша дүние жүзінде бірінші орынға шықты. Қазір өзінің экономикадағы қарқыны бойынша дүние жүзінің кез келген басқа елін көп артқа тастап, өзінің индустриялық даму деңгейі жағынан жетекші елдердің тобына қосылады.
1.4 Көлік қатынасының географиясы: басты магистральдар мен жол тараптары
Сыртқы сауда АҚШ-тың көлік тізбегінің негізгі қаңқасы Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа және канадалық шекаралардан мексикалық шекараға дейін созылып жатқан ендік және бойлық бағыттардағы континентальды көлік магистральдарын құрайды.