Предмет: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Тип: Дипломдық жұмыс
Объем: 70 стр.
Год: 2013
Бастауыш мектепте оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы танымдық қабілеттерді дамыту
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 8
1.1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ 8
1.2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ДЕҢГЕЙЛІК САРАЛАУ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ 21
1.3 ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ САБАҚТА ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 29
1.4 ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ САБАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ САБАҚТАН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ 40
1.5 ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 45
2 ТӘЖІРИБЕЛІК –ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН НӘТИЖЕСІН ТАЛДАУ 48
2.1 ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 48
2.2 АНА ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 50
2.3 ЖҮРГІЗІЛГЕН ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ 58
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61
ҚОСЫМША А 62
ҚОСЫМША Ә 63
ҚОСЫМША Б 69
ҚОСЫМША В 70
КІРІСПЕ
Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алып, демократиялы қоғам құруға бет алғалы қоғамдағы өзгерістер білім беру саласына да өз әсерін тигізді.
Білім беру үрдісінде ұстаз да, шәкірт те жеке тұлға болып қарастырылатын болды. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жөн сілтеп, адам дәрежесіне келтіру керек. Демек, оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бұның өзі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін, дарынын ашу мұғалімдер қауымына зор міндеттер жүктейді.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: « ... жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру»,- деп атап көрсеткен. Біздер ұстаздар осы заң бойынша жаңа технологияларға көп көңіл бөлуіміз керек [1.13].
1 ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Үнемі тануға, білуге деген құштарлықтың болуы адамның болмысының басты ерекшелігі, сол ұмтылысының арқасында ол өзінің рухани жан-дүниесін байытып, дами береді. Бұл оқу әрекетіндегі бір-бірімен өзара тығыз байланыста туындап жүзеге асатын танымдық, әлеуметтік-мотивациялық компоненттердің бірлігі арқылы жүзеге асады.
1.2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ДЕҢГЕЙЛІК САРАЛАУ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ
Соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп практикасына енгізілуде. Сондай технологияларының бірі –деңгейлік саралау оқыту педагогикалық технологиясы. Біздің елімізде осы технологияның негізін қалаушылары Кобдикова Ж.У., Қараев Ж.А. болып отыр. Өз басым сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында оқушы қызметін белсендету негізінде деңгейлік саралау технологиясын сабақ үстінде кеңінен қолданамын.Өйткені, оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттары көлемінің ұлғаюы, оқушыларға түсетін «салмақтың» артуы басты себеп болды. Деңгейлеп оқыту – оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейіне оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеуі.
Бастапқы ғылыми идеялар:
1.3 ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ САБАҚТА ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ҚР «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген.
1.4 ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ САБАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ САБАҚТАН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ
Әр елдің білім көкжиегінде өзіндік ізденісі, сүрлеуі болуы – аса қажет нәрсе. Оған А.Байтұрсыновтың мына бір тұжырымын келтірсек: «Әдіс ерекшеліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмыс алатын орынның күш-қуатына қарай. Мәселен, сауаттау әдісін алсақ, бір жұрттың сауаттау ісіне қолайлы болған әдіс екінші жұрттың да сауаттау ісіне қолайлы боларға тиіс деп айтуға болмайды. Екеуінің тілінің заңы, емлесінің жүйесі бірдей болса, біріне қолайлы болған әдіс, екіншісіне де қолайлы болуы мүмкін. Егер де тілінің заңы, емлесінің немесе әрпінің жүйесі басқа болса, онда біріне жақсы болған сауаттау әдісі екіншісіне де жақсы болады деп ешкім айта алмайды» деді.[16.52] Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.
1.5 ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Құзірет, құзіреттілік дегеніміз не ? Бұл ұғымдар 12 жылдық білім беру жүйесінде, бастауыш білім беру сатысында дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда қандай роль атқарады ? Алдымен осы сұрақтардың жауабын тауып көрелік»
«Құзірет» термині соңғы кездерде ғылымның әртүрлі саласында қолданыс табуда. Қолдану мүмкіндігіне қарай құзірет, құзіреттілік, құзіретті ұғымдары дефференцияланды.
Құзірет – тұлғаның қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындығы. Сыртқы ресурстарға білім, білік, дағды, құзіреттіліктер(іс-әрекет тәсілдері), психологиялық ерекшеліктер, құндылықтар жатады.Мұны былай көрсетуге болады:
2 ТӘЖІРИБЕЛІК –ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН НӘТИЖЕСІН ТАЛДАУ
2.1 ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Зерттеу жұмысы 2012-2013 жылдар арасында жүргізіліп, үш кезеңнен тұрды: Эксперимент жұмысы анықтау, қалыптастыру, қорыту кезеңдері бойынша ұйымдастырылды. Алдымен бастауыш сынып оқушыларының жаңа технологиялар арқылы танымдық қабілеттерін қалыптастыруға арналған тәжірибелік-экспериментке материалдар дайындалып, белгіленген тірек мектепте ұйымдастырылып, эксперимент және бақылау сыныптары белгіленді.
Эксперименттік жұмыстың міндеттері:
2.2 АНА ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Тәжірибе жұмысының екінші кезеңінде (оқыту) ана тілі сабағында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға арналған жұмыстар тәжірибеден өткізілді.
Ана тілі пәнін оқытудың сапасы мен мақсатын одан әрі жетілдіру де бүгінгі күннің талабы. Халқымыздың бір туар азаматы, қазақтың ұлттық әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті қайраткері Ж. Аймауытов ана тілін оқытуда мынандай тұжырымдама жасайды: «Бала оқытуды тілден бастайды. Бастауыш мектептің көбінесе айналдыратын оқуы – тілдің мүмкіншілігін нық білдіріп, баланың тілінг дамыту.
2.3 ЖҮРГІЗІЛГЕН ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
Тәжірибенің үшінші кезеңінде (қорытынды) оқу үрдісінің, оқушы іс-әрекетінің және іс-тәжірибенің қорытындысы талқыланып, талдау жұмысы айқындалды. Бұл кезеңде оқушылардың танымдық қабілеттерінің даму нәтижесін тексеру үшін сөздік жұмыстары жүргізіліп, шағын шығармалар, мазмұндамалар жазылды. «Кім болғым келеді ?», «Халық қамқоршысы», «Туған елім», «Төл тілім» тақырыптарына шығарма, ал «Шие», «Көгершін», «Наурыз», «Әке мен бала» тақырыптарына мазмұндама жазғызу арқылы оқушы танымдық қабілеттерінің қаншалықты деңгейде дамығандығын аңғардым. Төрт-бес оқушыда грамматикалық қателер болғанменен, оқушылар түгелдей сауатты, көркем тілмен жазған.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі Қазақстан бастауыш мектептері жаңа өзгерістерді әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз етеді. Жаңа педагогикалық іздену және оларды қолдануға бағытталған жеке тұлғаның қалыптасу деңгейінің санасына, үнемі өсіп отыруына сәйкес, педагогикалық құралдары да тұрақты жаңарту қажет деп есептейді. Әрбір сабақ тақырыбын меңгеру барысында жеке тұлғаның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне сай білім беретін, ол орталарға көмектесіп, қабілеті жоғарғыларға ерекше назар аударылуы керек. Адам бойындағы қабілетті шыңдауға оның деңгейі ескеріліп, сараланып, дараланып отырулары тиіс.