Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 64 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Балалар әдебиеті – бала танымын дамытушы басты құрал


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Көркем шығармадағы балалар әдебиетінің бала танымын дамытудағы қызметі
1.1 Поэзиядағы көркем сөздің қызметі 7
1.2 Ауыз әдебиеті үлгілері – ұлттық тәрбиенің бастауы 10
1.3 Абай және Шәкәрім шығармаларының тәрбиелік мәні 18
1.4 Қазіргі қазақ ақындары шығармаларындағы тәрбие мәселесі 21

2 Балаларға арнап жазылған шығармалардың танымдық сипаты
2.1 Көркем шығарма тілінің танымдық құрылымы 32
2.2 Көркем шығармадағы символдар 43
2.3 Кейіпкер тілінің берілу сипаты 53
Қорытынды 63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 64

ылған әдебиеттер тізімі 64
h3>

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Балалар әдебиеті – балаларға арналып жазылған әдеби шығармалар. Сондай-ақ, арнайы балаларға арналып жазылмағанымен, олардың ойлау, түсіну қабілетіне, талғамына, арман-қиялына әсер етіп, өзіне балаларды тартатын көркем шығармаларды да балалар әдебиеті қатарына жатқызуға болады. Балалар әдебиеті - сөз өнерінің арналы бір саласы. Әдебиеттің бұл түріне жататын шығармалар оқиғасының қызықты да тартымдылығымен, композициясының ширақтығымен ерекшеленеді.

1 Көркем шығармадағы балалар әдебиетінің бала танымын дамытудағы қызметі
1.1 Поэзиядағы көркем сөздің қызметі
Отбасы – бала өмірінде ұзақ та аса маңызы рол атқаратын ұжым түрі. Бала отбасында ғана өмірлік адами тәжірибенің бастапқы сатысынан өтеді, сәбидің алғашқы танымы жанұясында басталады, болашақ азамат әлеуметтік, тұрмыстық тәжірибені де отбасынан қабылдайды. Мектепке дейін ертегі, тақпақ тыңдап тілі дамып, ойы жетіле түседі. Ал мектепке келген соң ертегі, әңгіме, повест т.б оқып таным қабілеті арта түседі.
Ал сол балаларға арналып жазылған көркем туындының бала танымына әсер етер қызметі зор.

1.2 Ауыз әдебиеті үлгілері – ұлттық тәрбиенің бастауы
Әлемдік тәжірибеде мойындалған бір ақиқат бар. Ол – ел болудың биік мағыналы ұғым екені. Оның іргетасы – мемлекет, анығырағы ұлттық мемлекет. Әділіне көшсек, тек мемлекет құрған ел ғана әлемдік көшке ілесе алады, өзіндік келбеті бар өркениет жасай алады, өз кезегінде өркениет жасай алған ел ғана басқа өркениетті елдермен терезесі теңесе алады. Олай болса, еліміздің тап бүгінгі болмысы мен әлемдік кеңістіктен өз орнын табуға ұмтылысын мемлекетшілдік бастаулары деп айтуға толық негіз бар. Ресейге отар ел болып тұрғанымызда «туған ұлт», «ұлттық», «ұлтшылдық», «ұлттық идея», «ұлттық мүдде», «ұлттық тәрбие мәселесі» туралы сөз қозғау мүмкін болмады. Ал ұлттық тәрбиенің қайнар көзі, бастауы – ол біздің ауыз әдебиетіміз.

1.3 Абай және Шәкәрім шығармаларының тәрбиелік мәні
Абай Құнанбаев мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, маңызын жоймайтын зерттеудің қайнар көзі. Абай мен Шәкәрім қазақ халқының өткен заманындағы зиялылығы мен кемеңгерлігінің асқар шыңы деуімізге болады. Абай мұралары тәрбиелік мәні зор, өз құндылығын ешқашан жоймайтын туындылар деуімізге болады.

1.4 Қазіргі қазақ ақындары шығармаларындағы тәрбие мәселесі
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуін, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс.

2 Балаларға арнап жазылған шығармалардың танымдық сипаты
2.1 Көркем шығарма тілінің танымдық құрылымы
Бала қиялын қанаттандырып, ойын өсіріп-өрістетуге, дәуір мен уақыт, адам мен қоғам, қоршаған айнала, табиғат сырлары туралы түйсік-түсінігін тереңдетуге, рухани-өмірлік тәжірибесін кемелдендіріп, талаптары мен талғамын биіктетуге мейлінше қуатты ықпал ететін фактор-көркем әдебиет екені белгілі. Әсіресе, беймәлім табиғат құбылыстарының құпиялары мен таңдандыратын тамаша көріністері бала қиялына қанат бітіріп, ойын ұштай түсері анық.

2.2 Көркем шығармадағы символдар
Қазіргі қазақ тіл білімінде көркем мәтіннің құрылымдық және мазмұндық жақтарын қарастыру, зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттарының біріне айалып отыр. Осыған байланысты суреткерлік қырын танытатын көркем мәтін мазмұнын бейнелеуге қатысты сөз қолданыстардың бір түрі – шығармада айтылмақ оқиғаның сырын тұспалдап ашатын, ишарамен білдіретін – сөз-символдарды қолдану. Жазушы сөзді символдық мәнде қолданғанда, белгілі бір стильдік мақсатты көздейді. Сондықтан қаламгердің қолданысындағы символды ұғым немесе мағына ретінде тану үшін ерекше білім мен таным керек.

2.3 Кейіпкер тілінің берілу сипаты
Бала психологиясын зерттеушілердің тұжырымынша әрбір баланың тілдік қорының дамуы, сөздік қорының жан-жақты жетілуі, оны қоршаған ортамен тығыз байланысты. Әсіресе мектеп оқушыларының ойлау мен таным дүниесі өзара тығыз қарым-қатынастағы ортамен нақты байланыста болады. Баланың дүниетанымы ес біле бастағаннан-ақ екі түрлі негізге сүйенеді. Оның алғашқысы – машықтық дағды, яғни көрген-білгенін тез қағып алып үйрене қайталау. Балалардың кез келген нәрсеге ерекше әуес болатындығы, әр нәрсені білуге, көруге, ұстауға, естуге, тіпті, дәмін татуға әуес болатындығы да сондықтан. Екіншіден, бала жан дүниесі эмоцияға бай, әсершіл болып келеді. Бұл, әсіресе, жеткіншек жаста ерекше байқалады. Олар ересек адамның ойына келмейтін қисындар тауып, сол ойларын жүзеге асыруға талпынады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Балалар әдебиетінің тарихи қалыптасу кезеңі мен тақырыптық ауқымы кең. Балаларға арналған шығармалардың негізі сонау ауыз әдебиеті үлгілерінен бастау алып, алғашқы тілдік қауымдастықтың мифтік танымымен тығыз байланыста болып отыр. Ал қазіргі көркем әдебиетте мифтік танымның кейбір элементтері бар болғанымен, дені эстетикалық танымға негізделген. Шығарманың көркемдік, өзіндік бітім-болмысын айқындауда жазушы қолданған тілдік құралдардың орны ерекше. Бұл тұрғыдан келгенде жұмысымызда балалар тақырыбына арналған көркем шығармалардағы кейіпкер тілінде қолданылатын фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, диалект сөздер мен теңеулер, авторлық қолданыстағы стильдік ерекшеліктерді талдап көрсетуге тырыстық. Себебі, көркем шығармада автор өзінің өмірге деген көзқарасын, ой-пікірін, ақиқат дүниеге қатынасын кейіпкер тілі арқылы білдіріп отырады. Адамның ақиқат дүниеге қатынасы тілдік құралдар арқылы беріліп, соның негізінде «ғаламның тілдік бейнесін» жасаушы ақпараттар жүйесі қалыптасады. Ал мұндай білімдер жүйесі автордың ғалам туралы концептуалды тұжырымдамаларын көрсетеді.