Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 72 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Қазақ ақын-жазушыларының шығармаларындағы тәрбиелік мән


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Бабадан қалған асыл сөз 8
1.1 Шешендік өсиеттегі тәлім-тәрбие 8
1.2 Қазағымның салт – дәсрүрлері-ай 19
1.3 Абай мұра еткен тәрбие мәңгілік сөнбейтін шамшырақ 23
1.4 Ыбырай салған сара жол кемелді келешек үшін баға жетпес қазына 31
1.5 Жүз жыл өмір кешкен Жамбыл өсиеті тұнып тұрған асыл мұра 35
1.6 «Өлең»атты патшалықта өзіндік орны бар, заманымыздың заңғар ақыны - Мұхтар Шаханов 37
2 Ұлылар ұлы мақсат жолында 43
2.1 «Үш бәйтерек» - ұлтымыздың ұлықтары 43
2.2 «Бес арыс» - алыптары тамыры терең тәрбиенің қайнар көзі 51
2.3 Ел ертеңі үшін, қара түнде найзағайдай жалын атқан ақын –Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармасындағы тәрбиелік мән 59
2.4 Олжас Сүлейменов-ұлтымның айбарлы ,жомарт ақыны 60
2.5 Фариза Оңғарсынова- ақиқат кемесінің өмірлік жолаушысы болған халқымның батыл да ержүрек қызы 63
2.6 Ұлы көш тұлғаларының ізбасары-Әбіш Кекілбаев 66
ҚОРЫТЫНДЫ 69
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 72

КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: ұлы көштің соңына ерген ұлт жанашырларының шығармаларындағы тәрбие жайын сөз еткен қазыналы ойларымен бөлісе отырып, оларды бүгінгі, ертеңгі ұрпаққа үгіттеу.
Мен таңдаған тақырып: "Қазақ ақын-жазушыларының шығармаларындағы тәрбиелік мән". Бұл тақырыпты таңдаған мақсатым: күн санап дамып отырған мына заманда қасиетті қазақтың қазақы тәрбиесін нығайта отырып, келер буынға көнекөз тәрбиеміздің қаймағын бұзбай жеткізу, ертеңге аманат ету.

1 Бабадан қалған асыл сөз
1.1 Шешендік өсиеттегі тәлім-тәрбие
Сайын дала төсінде мал-жан, тіршілік қамымен көбінесе аттың жалы, түйенің қомында көшіп-қонып жүрген дарынды халқымыз көршілес батыс-шығыс елдеріне қарағанда жазу-сызу мәдениеті кенжелеу дамығанымен , мазмұны мен сапасы, көлемі жағынан алғанда қай халықтікінен болса да кем түспейтін, олқы соқпайтын орасан бай ауыз әдебиетін жасады. Тумысынан ойшыл, дана халқымыз өзі өмір сүріп отырған орта, саялы табиғат, тұрмыс-тіршілік болмысын, ел-жұрт арасындағы қарым-қатынас, ел басынан өткен қилы-қилы кезеңдерді, жақсы-жаман жағдаяттарды ой-сана елегінен өткізіп, оған деген өзінің көзқарасын білдірді.

1.2 Қазағымның салт – дәсрүрлері-ай
Қазақ халқының салт –дәстүрлері ежелден келе жатқан ұлттық мәдениеттің бір бөлігі екендігі. Ғасырлар сыннан ерекшеліп, ұрпақтан- ұрпаққа ұласып келе жатқан салт - дәстүрлердің озық үлгілері жеке тұлғаның жан – жақты дамуына септігін тигізеді. Бүгінгі таңда қазақтың салт - дәстүрлерін жинақтап зерттеудің, оның айналасындағы тәлім - тәрбиесі, мол тәрбиесі негізінде жасөспірімдерді тәрбиелеудің қажеттігі өсе түсуде. Сондай қажеттіліктердің бірі - қазақ халық дәстүрлерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін қазіргі ұрпақ тәрбиесінде шығармашылық пен қолдану жүйесін қалыптастыру болып табылады. Салт - дәстүр тәрбиесінің нәтижелі болуы өмірде күнделікті пайдалана алу іскерлігі мен дағдысынан көрінеді. Қазақтың ұлттық дәстүрлері өзінің бай тарихы, терең мазмұны, сан алуан ерекшеліктерімен тәрбиеші мен тәрбиелеушіге рухани , эстетикалық, эмоционалдық, интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамыта түсетіні сөзсіз.

1.3 Абай мұра еткен тәрбие мәңгілік сөнбейтін шамшырақ
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма.
Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шам- шырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті.

1.4 Ыбырай салған сара жол кемелді келешек үшін баға жетпес қазына
Халқымыздың рухани өмірі аспанында, халықтар достығының қайнар бастауында мәңгілік жарқырап тұрған үш жарық жұлдыз бар. Сол үштің бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол- тұңғыш ағартушы-педагог, тамаша тарихшы, қазақтың алғашқы филологы, тұңғыш қазақ алфавитімен хрестоматиясының авторы. Мұны бүгін біз айтып отырған жоқпыз, оны бізден бұрын орыс оқымыстылары, кемеңгерлері айтып кеткен. «Ибраһим Алтынсарин- қазақ ағарту ісінің әулиесі», -деп бағалаған да солар.

1.5 Жүз жыл өмір кешкен Жамбыл өсиеті тұнып тұрған асыл мұра
Жамбыл шын мәнінде халық ішінен қайнап шыққан нағыз халық ақыны еді. Өзі де айтады ғой: «Жамбыл-деген жай атым,халық –менің шын атым» -деп. Осы- дәл айтылған сөз. Бір сәт ақыл-санаға салып, ой жіберіп қарайықшы. Жамбыл бойынан,оның өлең жырларынан өзінің туған қазақ халқына тән кеңпейілдік пен дархандықтың, адалдық пен адамгершіліктің, қарапайымдылық пен қайсарлықтың, ашық жарқын ақ пейілділіктің, ынтымақ пен бірліктің, бауырмалдық пен достықтың, серілік пен сергектіктің, ауызекі дес бермейтін шешендіктің, өлең-жырды ағыл-тегіл төге жырлайтын ақындықтың, алғырлық пен тапқырлықтың небір сиқыр құдіретін табамыз. Жыр алыбы- Жамбыл жайлы Ғабит Мүсірепов өз естелігінде былай дейді:

1.6 «Өлең»атты патшалықта өзіндік орны бар, заманымыздың заңғар ақыны - Мұхтар Шаханов
«Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы, қиыннан қиыстырар ер данасы» демекші, «өлең» атты патшалықта өзіндік сара жолы бар, заманымыздың заңғар ақыны- Мұхтар Шаханов.
Мұхтар- ірі тұлға. Ол осы кездегі өмір шындықтарына үңіле қарап, әрқайсысына өзінше баға беріп, көптеген мәселелерді ел тілегімен қабыстырмақ болды. Сол арқылы өз кезіндегі болып жатқан қоғамдық құбылыстарды көре де, оның ел өміріне тигізер ұлы зардабын сезіне де білді.

2 Ұлылар ұлы мақсат жолында
2.1 «Үш бәйтерек» - ұлтымыздың ұлықтары
«Үш бәйтерек», атанған ұлтымыздың ұлықтары «ұлтшыл», «халық жауы» деген жалған айыппен айдауға түсіп, ату жазасына кесіліпті. Міне, арыстарымыз жайлы біздің алдымен білетініміз осы ғана. Олардың жеке өмірі, ұсталып кеткенге дейінгі және одан кейінгі тағдыры бізге беймәлім. Тіпті сондай асыл азаматтардың артында ұрпағы қалды ма, қалмады ма, қалғандарының тағдыры не болды? Осындай сауалдарға жауап табу мақсатында Алаш ардақтыларының артында қалған ұрпақтарын іздеп, тілдескім келді. Ұлтымыздың басына қара бұлттай үйрілген қатігез заманның суретін көз алдымнан өткізгім келді.Соның бірі – қазақтың құлагер ақыны, Қазақстан Жазушылар Одағының тұңғыш төрағасы Ілияс Жансүгіров болды.

2.2 «Бес арыс» - алыптары тамыры терең тәрбиенің қайнар көзі
«Бес арыс», атанған ұлтымыздың ұлықтары «ұлтшыл», «халық жауы» деген жалған айыппен айдауға түсіп, ату жазасына кесіліпті. Міне, арыстарымыз жайлы біздің алдымен білетініміз осы ғана. Олардың жеке өмірі, ұсталып кеткенге дейінгі және одан кейінгі тағдыры бізге беймәлім. Тіпті сондай асыл азаматтардың артында ұрпағы қалды ма, қалмады ма, қалғандарының тағдыры не болды? Осындай сауалдарға жауап табу мақсатында Алаш ардақтыларының артында қалған ұрпақтарын іздеп, тілдескім келді. Ұлтымыздың басына қара бұлттай үйрілген қатігез заманның суретін көз алдымнан өткізгім келді.

2.3 Ел ертеңі үшін, қара түнде найзағайдай жалын атқан ақын –Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармасындағы тәрбиелік мән
Сұлтанмахмұт Торайғыров- ұлы ақынға толық мағынасында ұлттық болудан артық абыройлы нәрсе жоқ,ұлттық болмайынша,ол ұлы адам бола алмайды.Ал ұлы адамдарға келсек,олардың көпшілігі-өз елінің ұлы. Оның ұлы болуының шарты-өз халқының өкілі бола білуінде...

2.4 Олжас Сүлейменов-ұлтымның айбарлы ,жомарт ақыны
Поэзия жайлы сөз қозғау қашан да қиын. Бұл әнші құстың дауысын оның қауырсынды денесінен бөліп қараумен тең болар еді. Ал өзіңе ұстаз әрі үлгі тұтар тұлға деп санайтын адам туралы сөз қозғау одан да қиын. Дегенмен де айтуға болады, егер бұл қажеттілік жүректен туған болса… Егер бұл жағдайда өнегелік ұстанымдары, оның ең бастылары—адамгершілік, адалдық, борыш үғымдары басшылыққа алынса… Дәл осы жерде Заратуштра заманынан бері айтылып келе жатқан көне даналықты қалай еске алмасқа: «Ізгі сөз—ізгі ой— ізгі әрекет». Осы қасиетті өсиет бізге есімдері мен құнды мұралары келіп жеткен менің даңқты бабаларым Ұстанған ақиқаттың басты постулаттарының бірі болған.

2.5 Фариза Оңғарсынова- ақиқат кемесінің өмірлік жолаушысы болған халқымның батыл да ержүрек қызы
Ақын -өз заманының ар-ожданы, ол болашақ үшін өмір сүреді. Жеке-дара ақын жөнінде айту-сол халық мәдениетінің бір қыры, ұлттар әдебиетінің гүлденуі мен өзара жақындасу диалектикасынан туындаған болмыс шындығын тану деген сөз. Ал Фариза Оңғарсынова хақында айту-қазіргі жетістік-табысымыз бен ізденіс-барлауларды, әдебиет тарихы мен халқымыз,қала берді, әлемдік әдебиет пен адами көркемөнерді жете меңгерген жанның жүрдек жүрісі мен жүрек лүпіліне жете мән беру болып табылады.

2.6 Ұлы көш тұлғаларының ізбасары-Әбіш Кекілбаев
Адам баласы дүниеге келерде бәрі бірдей сияқты. Өсе келе әрқилы болып кетеді.Әртүрлі мінез-құлық бітеді. Әртүрлі әр бітеді.Ал, ақыл қандай?Талант қандай? Дарын қандай?Бұл жерде құдіреттің өз қалауы бар.Бәріне кетпен шабуға, орақ оруға, мал бағуға, тіпті министр болуға қабілет бұйыруы әбден мүмкін.Ал, ерен ақылды, туасы шешен, ойшыл, нағыз ақын, хас жазушы, азамат, қайраткер болу бәріне бірдей бұйырмаған.Ол Алланың ісі.. Әрі анадан құрсақта жатқанда жаратушы Құдірет перзент жүрегіне иненің жасуындай шоқ салады.Сол шақты аялап, өшіріп алмай, жалын тудыру-Ананың ісі.Сондай ұлы анадан туған ақын-Әбіш Кекілбаев.

ҚОРЫТЫНДЫ
Мен өзімнің таңдаған тақырыбымды зерттей келе өзіме өмірлік құндылықтар алдым. Ондағы әр ақынның шығармасында келтірілген тәрбиелік мәнге аса үлкен мән бере отырып, оларды жастарға да өмірлік азық болсын деп, олардың тәртібі мен рухани байлығын қанаттандыру үшін, елімнің бүгінгі, ертеңгі жастары тәрбиелі де инабатты, білімді де иманды болсын деп аянбастан еңбек еттім. Сол еңбегімді жастар өмірінде үлгі етіп, тәрбиелік құндылықтар алса, осыншама еңбегімнің текке кетпегені болар.