Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 67 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Жай сөйлемнің артқаратын ролі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ 8
1.1 ЖАЙ СӨЙЛЕМНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖӘНЕ СЕМАНТИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ 8
1.2 СӨЙЛЕМ ФОРМАСЫНА ТӘН ПРЕДИКАТИВТІЛІКТІҢ АЖЫРАМАС ҮШ ҚАСИЕТІ – МОДАЛЬДЫЛЫҚ, ШАҚТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАҚТЫЛЫҚ 10
1.3 ПІКІР МЕН СӨЙЛЕМНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖАҒЫНАН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ 13
1.4 СӨЙЛЕМНІҢ ЛОГИКАЛЫҚ-ГРАММАТИКАЛЫҚ ТИПТЕРІ 15
1.5 ЖАЙ СӨЙЛЕМДЕГІ СӨЗДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСУ ЖҮЙЕСІ 17
1.6 ЖАЙ СӨЙЛЕМНІҢ ТИПТЕРІ ЖӘНЕ БІР ҚҰРАМДЫ ЖАЙ СӨЙЛЕМДЕР 19
1.7 ЖАЙ СӨЙЛЕМДЕГІ ОҚШАУ СӨЗДЕРДІҢ БЕРІЛУ ЖОЛДАРЫ 46
2 ЖАЙ СӨЙЛЕМ ЖАСАУДА СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ, ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 48
2.1 ЖАЙ СӨЙЛЕМ ЖАСАУДА ТҰРЛАУЛЫ ЖӘНЕ ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ 48
2.2 ЖАЙ СӨЙЛЕМДЕГІ БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРДІҢ БЕРІЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 53
2.3 ҮЙІРЛІ МҮШЕЛЕРДІҢ ЖАЙ СӨЙЛЕМ ЖАСАУДАҒЫ РӨЛІ 63
ҚОРЫТЫНДЫ 65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 67

КІРІСПЕ
Тіл – қарым-қатынас жасаудың құралы да, сөйлем – сол қарым-қатынас жасауда кісінің ойын айтудың негізгі формасы. Синтаксис – «Қазіргі қазақ тілі» курсының күрделі саласы. Ол – грамматиканың морфология сынды саласының бірі. Синтаксис сөзі, негізінен, грек тілінен алынған, сөз бен сөздің бірігуі, қосылуы деген ұғымды білдіреді. Яғни сөйлем құраудың жүйесін және тілдің синтаксистік құрылысын зерттейтін ғылым деген мағынада қолданылады. Демек, синтаксис – сөздердің бір-бірімен байланысу амалдарын, сөз тіркесін, сөйлемді құру тәсілдерін, олардың құрамы мен түрлерін, сөйлемдердің ірі бірліктерге бірігу тәсілдері мен түрлерін, ондағы жеке сөйлемдердің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым.

1 ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ

1.1 ЖАЙ СӨЙЛЕМНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖӘНЕ СЕМАНТИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ
Сөйлем — синтаксис зерттейтін басты тіл тұлғаларының бірі. Ол атқаратын қызметі (функциясы) тұрғысынан да, мазмұны жағынан да, грамматикалық белгілерін ескергенде де синтаксистік форма ретінде алынған сөзден, сөз тіркесінен түгелдей өзгеше категория болып саналады. Сөйлемнің құрылуына лингвистиканың, сонымен бірге белгілі бір деңгейде психологияның да қатысы бар. Мұны сөйлемді зерттеген ғалымдар дәйім байқап отырған. Мәселен, А. Байтұрсыновтың: «Сөйлем дегеніміз – сөздердің басын құрастырып, біреу айтқан ой. Сөйлегенде, жазғанда кім де болса ойын айтады. Ойын айтуға тиісті сөздерді алады да, олардың басын құрап, біріне-бірінің қырын келтіріп, қиындастырады» [3, 464-б.], – дегенінен қандай құрылым болмасын сөз саптау мәнерінен келіп шығады деген пайымын байқаймыз.

1.2 СӨЙЛЕМ ФОРМАСЫНА ТӘН ПРЕДИКАТИВТІЛІКТІҢ АЖЫРАМАС ҮШ ҚАСИЕТІ – МОДАЛЬДЫЛЫҚ, ШАҚТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАҚТЫЛЫҚ
Бастауыш баяндауыштың қатынасы предикативтік қатынас деп аталады. Предикативтік қатынас—сөйлемнің негізгі грамматикалық белгісі. Сөздер бірі бастауыш, екіншісі баяндауыш болып предикативтік қатынасқа түскенде ғана сөйлем сапасына ие болады.
Көл үлкен — сөйлем. Көл бастауыш ретінде, үлкен баяндауыш ретінде катынасып тұр. Үлкен бастауышқа қатысты сынды предикативтік сипатта атап тұр. Үлкен көл деген құрамда предикаттық қатынас жоқ, үлкен анықтауыш ретінде қатыскан. Сондықтан бұл сөздер тобы сөйлем бола алмайды. Тілде осы предикативтік қатынасқа үзбей ілесіп жүретін грамматикалық формалар болады.

1.3 ПІКІР МЕН СӨЙЛЕМНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖАҒЫНАН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
Қазақ тілінде сөйлемдердің ішіндегі,ең көп жұмсалатыны екі мүшелі болып, бастауыш, баяндауыштан кұралады. Бұл кездейсоқ емес. Тіл мен ой тығыз байла-нысты. Сөйлем пікірді хабарлаудың амалы болғандықтан кұрылысы жағынан да оған ұқсамай, оны қайталамай тұра алмайды. Пікір әр уақыт екі мүшелі. Ол субъект пен предикаттан құралады. Пікірдің осы екі мүшесіне сөйлемде бастауыш пен баяндауыш мүшелер сай келеді. Пікірді кұраған субъект пен предикаттың қатынасы сөйлемде бастауыш пен баяндауыштың қатынасы арқылы көрінеді. Дегенмен сөйлем қүрамы жағынан пікірдің кұрамына сайма-сай келе бермейді. Біріншіден, жай сөйлем екі мүшелі болып келген күннің өзінде де оның бастауыш, баяндауыш мүшелері хабарлап отырған пікірдің субъект пен предикат мүшелеріне сай келе коймайтыны да көп болады.

1.4 СӨЙЛЕМНІҢ ЛОГИКАЛЫҚ-ГРАММАТИКАЛЫҚ ТИПТЕРІ
Сөйлем болмыстағы заттардың түрлі-түрлі қатынастарын білдіреді. Бұл қатынастар топталып, абстрактыланып, белгілі логикалық зандылықтарға, фигураларға түсіп, ойда бекітіледі. Осы қорытылып, абстрактыланған қатынас сөйлемнің синтаксистік мағынасы болады. Бұл логикалық негіз өз сапасына қарай сөйлемнің белгілі тілі грамматикалық типтеріне сыйысып орныққан. Сондықтан сөйлемдерді осы белгісіне қарай топтауды логикалык-грамматикалық топтау деп атаймыз. Бұл топтаудың элементтері В. А . Богородицкийдің «Общий курс русской грамматики» (М.—Л., 1935), А. М. Пешковскийдің «Русский синтаксис в научном освещении» (М., 1956) деген еңбектерінде басталды да, бұл идеяны теориялык жағынан тиянақтап орнықтырған В. Г. Адмони. Бұл топтау сөйлемдердің абстрактылық-грамматикалык, мағынасын ашып танытуға көп септігін тигізетіні сөзсіз.
Қазақ тіліндегі сөйлемдерді логикалық-трамматикалық сипаты жағынан мынандай топтарға бөлуге болады:

1.5 ЖАЙ СӨЙЛЕМДЕГІ СӨЗДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСУ ЖҮЙЕСІ
Қазақ тіл білімінде синтаксиске қатысты алғашқы төл ғылыми еңбектер мен пікірлердің қалыптасуына қысқаша шолу жасалып, жай сөйлемді танитын басты белгілер көрсетілді. Жай сөйлемнің құрылымдық белгісі мен семантикалық белгісі өзара тығыз қарым-қатынаста қарастырылуы үшін ең әуелі сөйлемдегі сөздердің байланысу амал-тәсілдері мен байланыс формалары, оларды жүзеге асыратын грамматикалық көрсеткіштері талданды. Нәтижесінде сөйлем мүшелерін байланыстырушы амал-тәсілдер мен формалардың төмендегідей белгілері анықталды:

1.6 ЖАЙ СӨЙЛЕМНІҢ ТИПТЕРІ ЖӘНЕ БІР ҚҰРАМДЫ ЖАЙ СӨЙЛЕМДЕР
Қазақ тіліндегі жай сөйлемнің айтылу мақсаты мен құрылысына қарай бөлінуі мен сөйлем модальділігінің берілу жолдары мен жай сөйлемдегі объективті және субъективті модальділіктің берілу жолдары сөз болады. Объективті модальділік, бір жағынан, сөйлем предикативтілігінің ажырамас бөлігі, екінші жағынан, оны іске асырып, жарыққа шығарудың бір амалы болып табылатындықтан, «хабарлау», «сұрау», «бұйыру» деген үш модаль мән сөйлемнің ең негізгі модальдік мағынасы болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі лингвистикада сөйлемдерді хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлем деп бөлу қалыптасқан. Ал лепті сөйлемдер адамның түрлі көңіл күйін, қуанышы, жек көрушілігін т.б. білдірумен қатар сөйлемнің лепті, лепсіз болуы интонацияға сүйенетіндіктен, оны объективті және субъективті модальділіктің тоғысуынан пайда болған құбылыс деуге болатын тәрізді.

2 ЖАЙ СӨЙЛЕМ ЖАСАУДА СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ, ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 ЖАЙ СӨЙЛЕМ ЖАСАУДА ТҰРЛАУЛЫ ЖӘНЕ ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ
Мағына жағынан қарағанда, сөйлем мүшелерін тұрлаулы, тұрлаусыз деу өте ұшқары айтылған нәрсе. Себебі, бастауыш, баяндауышы жоқ сөйлем де белгілі мағына береді. Өйткені, бір сөйлемді бір сөйлем толықтырады. Байланыссыз еш нәрсе жоқ. Олай болса, сөйлем мүшесін тұрақты, тұрақсыз деп бөлу дұрыс емес. Сөйлемнің барлығы да тиянақты. Сөйлемдегі сөздің барлығының да белгілі орны бар, белгілі мағынада қолданылады. Бірінен бірі бөлек, жеке алып қарағанда ғана, олардың тиянағы жоқ болады. Бұлай байланыссыз қарау диалектика жолы емес.

2.2 ЖАЙ СӨЙЛЕМДЕГІ БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРДІҢ БЕРІЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бірыңғай мүшелер туралы ұғым, бірыңғай мүшелерге тән белгілер. Бірыңғай мүшелер мәселесі алғаш рет 20-30 - жылдардағы қазақ тілі туралы зерттеулерде анықталса, қазақ тілі грамматикасында (1934) бірыңғай мүшелер тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелермен қатар сөз етіледі. Бірыңғай мүшелердің арасындағы салаластық байланыстың жалғаулықтар арқылы жүзеге асатыны С. Аманжолов, А. Ысқақов, Р. Әміровтің еңбектерінде қарастырылады. Қ. Есенов бірыңғай мүшелерді күрделенген сөйлем деп таныса, кейінгі зерттеулерде бірыңғай мүшелер контаминация (үнемдеу) құбылысымен байланысты сыйысқан сөйлемдер қатарында қарастырылады.

2.3 ҮЙІРЛІ МҮШЕЛЕРДІҢ ЖАЙ СӨЙЛЕМ ЖАСАУДАҒЫ РӨЛІ
Қазақ тілі синтаксисінде өзекті мәселенің бірі – үйірлі мүше. Үйірлі мүше – кемінде екі не одан көп сөздерден құралып, бастауыштық- баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы. Үйірлі мүшенің күрделі мүшеге ұқсастығы-екеуінің де екі не одан көп толық мағыналы сөзден тұратындығы. Айырмашылығы – үйірлі мүшенің өз ішінде шартты түрде бастауыш пен баяндауышқа және басқа мүшелерге жіктелетіндігі. Бұл жөнінде бірнеше көзқарастар бар. Құрмалас сөйлем мәселелерімен алғаш шұғылданушылардың бірі С.Жиенбаев үйірлі мүшені құрмалас сөйлеммен байланысты зерттеп, оны интонациясыз сабақтас сөйлем деп қарады. Проф. Н.Т.Сауранбаев та үйірлі мүшені құрмалас сөйлем тұрғысынан зерттеп, сабақтас құрмаластан айырмасы: үйірлі мүшенің өз алдына бастауышы болмайды деп көрсетті [38, 256-б].

ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен қорындылай келе, жай сөйлем құрылысының ерекшеліктеріне байланысты мынандай жағдайдың басы ашылды: