Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытында атқарылатын жұмыстар жайында (Сарыағаш шекара отрядының үлгісінде)
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Сарыағаш шекара отрядындағы мемлекеттік тілді күнделікті қызметке ендіру жұмыстарының жағдайы 4
1.1 Отрядта іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу барысы 4
1.2 Шекара отрядындағы жеке құрамға мемлекеттік тілді оқыту 6
1.3 Мемлекеттік тілді насихаттау жөніндегі тәрбиелік шаралардың жүргізілуі 8
2 Қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытындағы іс-шаралары 10
3 Мемлекеттік тілді дамыту бағытында жүргізілетін жұмыс түрлері 12
Қорытынды 20
Пайдаланылған әдебиет 23
Кіріспе
Мемлекеттік ұлт саясатының басым бағыттарының бірі - мемлекеттік тілді өркендету. Негізінде, тіл проблемаларын оңтайлы шешу ұлтаралық қатынастар үйлесімділігінің, халықтардың топтасуы мен қоғамдық келісімді нығайтудың алғышарты болып табылады. Осы тұрғыда еліміздегі біртұтас мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудың пәрменді құралдарының бірі ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген “Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жарық көрді. Бұл бағдарламаның орындалуы алдымен мемлекеттік ұйымдардан талап етіледі, өйткені олар тілдің өз дәрежесінде қызмет ете бастауының тірегі. Мемлекеттік органның бірі болып табылатын Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қазақ тілін қызмет барысына ендіру, қолданылу аясын кеңейту жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп отыр.
1 Сарыағаш шекара отрядындағы мемлекеттік тілді күнделікті қызметке ендіру жұмыстарының жағдайы
1.1 Отрядта іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу барысы
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі - оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жазылмай, барлық құрылымдағы іс қағаздары қазақ тілінде жүргізілмей, тіліміздің қолданыс аясы, қызмет қарымы өрісін кеңейте алмайды.
Іс қағаздарының маңыздылығы қоғам өмірінде саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық және т.б.қызмет атқаратындығымен түсіндіріледі. Іс қағаздары - басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Кез келген ұйымның, мекеменің жұмыс барысы шығарған түрлі шешімдерінен, бұйрықтарынан, хаттарынан, есептерінен, бір сөзбен айтқанда, іс қағаздарынан айқын көрінеді. Демек, іс қағаздары - қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ, ақпараттың қайнар көзі. Іс қағаздарын жүргізу мекеме жұмысының нақты құжаттармен реттелген, дәйектелген жүйесі екендігін ескерсек, бұл сала тиісті дәрежеде мән беруді талап етеді.
Өкінішке орай, күнделікті қызметке мемлекеттік тілді ендіру міндеті алға қойылғанда, көбіне, іс қағаздарын қазақша жүргізу назардан тыс қалып жатады. Мұның мысалы ретінде Сарыағаш шекара отрядында құжат дайындаудың, хат-хабар алмасудың тек орыс тілінде іске асып жатқандығын айтуға болады. Мұндай жағдай (тәжірибе көрсетіп отырғандай) Сарыағаш отрядында ғана емес, басқа әскери бөлімшелерде де қалыптасқан. Онда да назар аударатын мәселе – кіріс құжаттарының орыс тілінде ресімделіп келуі. Демек, орталық аппараттан келетін басшы құжаттардың да мемлекеттік тілде жасалуына көңіл бөлу керек деген сөз. Нұсқаушы құжат орыс тілінде келген соң, жауаптың да сол тілде дайындалатындығы таң қалдырмаса керек.
1.2 Шекара отрядындағы жеке құрамға мемлекеттік тілді оқыту
Республикадағы қалыптасқан қазіргі тілдік ахуал өзінің перспективалық моделінен - қазақ тілі мемлекеттік өмірдің барлық қоғамдық маңызды салаларында талап етілуге, ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналуға тиіс моделінен әлі көп алшақ тұр. Қазақ тілі қарым-қатынас тілі болу үшін республиканың барлық азаматы осы тілді білуі тиіс. Оның бір жолы жаппай қазақ тілін оқып үйрену (қазіргі жағдайда оқытып-үйрету) болып отыр. ҚР ҰҚК Төрағасының 2001 жылғы 15 мамырдағы №64/ҚБП бұйрығында: ”Қызметкердің сабаққа қатысуы оның негізгі кәсіби қызметінің нәтижесімен бір деңгейде қарастырылады.
1.3 Мемлекеттік тілді насихаттау жөніндегі тәрбиелік шаралардың жүргізілуі
Мемлекеттік тілді дамыту үшін оны кең түрде насихаттау, дәріптеу керектігі баршамызға аян. Насихаттаудың түрлі жолдары бар. Солардың бірі – көрнекі ақпаратты қазақ тілінде рәсімдеу. Сарыағаш шекара отрядындағы жауынгерлік рухты көтеретін, отансүйгіштікке шақыратын сөздері бар қалқандар көркем безендірілуімен қатар, мағыналылығымен көңіл аудартады. Сондай-ақ, отряд мүшелері, әсіресе, жасөспірімдер көп баратын кітапханада халқымыздың қанатты сөздерінің барынша көп жазылғандығы көңіл қуантады.
2 Қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытындағы іс-шаралары
Мемлекеттік тілді насихаттап, оның Ата заңда көрсетілген мәртебесін қызметкерлерге түсіндіруде қоғамдық ұйымдардың ролі ерекше болуға тиіс. Себебі, қоғамдық ұйымдар әскери бөлім басшылығына жеке құраммен тәрбиелік және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар ұйымдастырып жүргізуде, рухани-эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеуде көмек көрсету үшін құрылады.
Сарыағаш отрядындағы офицерлер жиналысы, ар-ождан соттары, жастар бастамасының орталықтары сияқты қоғамдық ұйымдармен салыстырғанда, әйелдер кеңесінің мемлекеттік тілді дәріптеу бағытындағы белсенділігі күштірек екендігі айқын байқалады. Әйелдер кеңесінің түрткі болуымен мұнда бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылған. Атап айтқанда, Тілдер мерекесінің қарсаңында “Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік негізі” тақырыбында әскери қызметшілер арасында конкурс өткізілген. Бұл орайда бөлім бойынша арнайы бұйрық шығарылып, бағалау комиссиясы тағайындалған.
3 Мемлекеттік тілді дамыту бағытында жүргізілетін жұмыс түрлері
Қазақстан Республикасының Конституциясында: ”Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі” деп айқындалған. Бұл – тілдің мемлекет тарапынан қамқорлыққа алына отырып, белгілі бір міндеттерді орындауы деген сөз. Мемлекеттік тіл сол мемлекет иесі болған халықтың үдесінен шығып, барлық саладағы мұқтаждықты өтей алатын дәрежеде болуы шарт. Яғни ол оқу, өнер, мәдениет, әдебиет, бұқаралық ақпарат құралдары, ғылым, дипломатиялық қарым-қатынас, өндіріс, ауыл шаруашылығы және т.б. салаларға дейін қызмет ететін қоғамның қуатты қолданыс құралына айналуы қажет.
Қазақ тілінің қоғамдық сипатын ашып, мемлекеттік мәртебесін іс жүзінде қамтамасыз ету, біздіңше, мынадай негізгі бағыттарда жұмыс жүргізуді қажет етеді:
Қорытынды
“Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заңда: ”Тіл – ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырамас бөлігі” делінген.
Тілдің өркендеп дамуы оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне байланысты болғандықтан, оны өмірдің барлық саласына ендіру-кезек күттірмейтін мәселе. Тәжірибеден көріп жүргеніміздей, мекемелер мен ұйымдардың көпшілігінде мемлекеттік тілді ендіру шаралары не іс қағаздарын екі тілде дайындаумен, не қазақ тілі сабақтарын ұйымдастырумен шектеледі.
Сондықтан осы рефератта мемлекеттік тілді дамыту бағытында өзіміз ұдайы қолданып жүрген, біздің ойымызша тиімді болатын бірқатар жұмыс түрлерін ұсындық.
Пайдаланылған әдебиет
1. Алдашева А.М., Ахметжанова З.Қ., Қадашева Қ., Сүлейменова Э.Д. 2. Ресми іс қағаздары. Алматы, “Сөздік-Словарь”, 2001.
3. Дүйсембекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. Алматы, Ана тілі, 2001.
4. Мемлекеттік тіл: терминология, іс қағаздары мен бұқаралық ақпарат құралдарының тілі. Жинақ, Астана, 1999.
5. С.Құрманғалиева. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту. Алматы, Рауан, 1995.