Хандар
Жоспар
1 Хандар 3
1.1 Абылай хан (1711 -1781 жж.) 3
1.2 Әбілқайыр хан (1693 —1748 жж.) 3
1.3 Есім хан (1598 жылдан бастап билік құрған) 4
1.4 Жәңгір хан (1801 -1845 жж.) 5
1.5 Қасым хан (1511 —1518 жж. билік құрған) 6
1.6 Кенесары хан (1802 -1847 жж.) 7
1.7 Керей хан 7
1.8 Тәуке хан (1680 -1718 жж. билік құрған) 8
1.9 Уәли сұлтан (1741 – 1821 жж.) 9
Әдебиеттер 10
1 Хандар
1.1 Абылай хан (1711 -1781 жж.)
Абылай хан – Қазақ Ордасының ханы, Қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. 1743 жылға дейін Орта жүздің сұлтаны болған. Әбілмәмбет хан қаза болған соң, Абылай Ұлы жүздің ханы болады.
Абылай ханның ата-бабалары Шыңғысханның ұлы Жошы ханның ұрпағы болып табылатын — Қазақ Ордасының негізін қалаған Әз Жәнібектен тараған. Әбілмансұрдың әкесі жау қолынан қаза табады. Абылай жастайынан қиындықты көп көреді және Ораз құлға арқа сүйеп өседі. Ол жас кезінен-ақ Отан қорғау жолында ерекше жауынгерлік қасиеттерімен танылады.
1.2 Әбілқайыр хан (1693 —1748 жж.)
Әбілқайыр хан – Кіші жүз ханы. Шыңғыс ханның он бесінші ұрпағы. 1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты батыр Бөгенбай тағайындалды.
XVIII ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті.
1.3 Есім хан (1598 жылдан бастап билік құрған)
Қазақта «Қасым салған қасқа жол, Есім салған ескі жол» деген қанатты сөз ежелден бар. Қасым нұсқаған жолдың негізгі мақсаты — Қазақ мемлекетін күшейту, халқын көбейту, жерін кеңейту. Керей мен Әз Жәнібек негізін қалаған Қазақ хандығы әуелде әлсіз, жаңа-жаңа қаз тұрып келе жатқанды.
1.4 Жәңгір хан (1801 -1845 жж.)
Бөкей Ордасының (1823-1845) ханы, Бөкей ханның ұлы. 1815 жылы әкесі мұрагерлік салтқа сәйкес хандық тақты Жәңгірге берді. Алайда Жәңгір жас болгандықтан, Бөкейдің тапсыруы бойынша хандықты Бөкейдің інісі Шығай сұлтан басқарды.
1823 жылға дейін Жәңгір еуропалық үлгіде тәлім-тәрбие алады, Астрахань губернаторы Андреевскийдің үйінде жатып оқиды. Сол жерде ол хандықты әкімшілік басқару әдістері бойынша да дәріс алды. Бөкейұлы Жәңгір хан билік құрған кезеңінде саяси жағдай шиеленісіп тұр еді.
1.5 Қасым хан (1511 —1518 жж. билік құрған)
Шамамен 1445 жылы дүниеге келген. Қазақ хандығының негізін салған Әз Жәнібектің ұлы. Анасы Жағанбегім — Мұхаммед Шайбани ханның кенже інісі Махмұд сұлтанның апасының сіңлісі.
Қасым ханның мемлекетті басқару әдістері, ішкі және сыртқы саясаты туралы мәліметтер өте аз. Қасым хан есімі бірінші рет Мұхаммед Шайбани жөніндегі жазбаларда аталады. Ол мәліметтерде Қасым ханды «атақты сұлтандар мен батырлардың бірі», «Бұрындық ханның атты әскерінің басшысы» деп атайды. Бұрындық хан Самарқанға кетуге мәжбүр болып, жат елде қаза болған соң, Қасым хан билікті өз қолына алды.
1.6 Кенесары хан (1802 -1847 жж.)
Кенесары Қасымұлы – қазақтың ең соңғы ханы. 1841-47 жж. билік құрған. Қазақ халқының патшалық Ресейге, Қоқан және Хиуа хандықтарына қарсы жүргізген ұлт-азаттық күресін басқарушы. Ол өзінің тегі жағынан төре тұқымынан. Бабасы –қазақтың атақты ханы Абылай. Арғы аталары Шыңғысханның Жошы деген үлкен баласынан тарайды. Абылайдың әйелі қалмақтың Хочу мерген ноянының қызы Топыштан Қасым сұлтан туады. Кенесары осы Қасым сұлтанның баласы.
1.7 Керей хан
Керей хан (туған жылы белгісіз, 15 ғ. 70 жж. басында қайтыс болған) — Қазақ хандығының негізін қалағандардың бірі.
1456 ж. Керей хан мен Әз-Жәнібек ханның Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоныс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға еді. Бұл оқиғаның мән-жайы мынадай болатын: 1428 ж. Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өзара қырқыс үдей түсті.
1.8 Тәуке хан (1680 -1718 жж. билік құрған)
Әз Тәуке атанған қазақ ханы — Жәңгір ханның ұлы. Билерге сүйене отырып, Тәуке хан сұлтандардың ықпалын бәсеңдетуге тырысты. Атақты «Жеті жарғы» заңдарын жасады. Ол XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында қалыптаса бастаған қазақ құқығының ережелер жинағы болып табылады. Тәуке мемлекеттік басқаруды дұрыс жолға қою үшін қарулы күштерді ұйымдастыру, қазақ халқының бірлігін күшейту мәселесіне айрықша мән берді.
1.9 Уәли сұлтан (1741 – 1821 жж.)
Уәли сұлтан (1741 - 1821) – Абылай ханның үлкен ұлы. Анасы Абылай ханның екінші әйелі Сайман ханым. Орта жүздің ханы болған. Оның 14 баласы болған.Үлкен әйелінен 5 бала, кіші әйелінен, Айғанымнан, 9 бала болған.
Әдебиеттер
1 Тарихи тұлғалар – Танымдық-көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушылар : Тоғысбаев Б., Сушикова А. – Алматы : «Алматы кітап» ЖШС, 2006. – 376 б.
2 «Қазақтар». Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. Тарихи тұлғалар. – 2-ші басылым. – Алматы: «Білік» баспа үй, 2003. – 2. Т. – 373 б.
3. Ж.Жатқанбаев. Экология негіздері. Оқулық – Алматы: «Зият»,2004