Студенттердің педагогикалық практикасын кешенді тапсырмаларды құрастыру және қолдану негізінде жетілдіру (кәсіптік оқыту педагогын тәрбие жұмыстарына даярлау тәжірибесінен)
Жоспар
Кіріспе 3
Негізгі бөлім 9
Әдебиеттер 26
Кіріспе
Зерттеудiң көкейкестiлiгi. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады» - делінген. Елбасы қол қойған мемлекетік білім бағдарламасында жоғары білім мен ғылымды ұштастыра жүргізу жан-жақты айқындалған. Осы міндеттерді жүзеге асыруда, біріншіден педагогтың кәсіби білімін арттыру, екіншіден, жоғары оқу орындары студенттеріне қойылатын талаптарды күшейту басты назарда болуы тиіс.Сондықтан педагогикалық білімі бар маманның кәсіптік-педагогикалық шеберліктерін шыңдаудың педагогикалық шарттарын, заңдылықтарын және ерекшеліктерін зерттеу айырықша мәнге ие.
Педагогикалық практика кәсіптік оқыту педагогының кәсiби даярлығы жүйесiнде мынадай маңызды қызметтер атқарады: оқытушылық; дамытушылық; тәрбиелiк; диагностикалық. Осыған орай кәсіптік мектептегі педагогикалық практика университеттегi теориялық оқыту мен студенттердiң оқу-тәрбие мекемелерiндегi өзiндiк жұмысы арасындағы байланыстырушы буын болып табылады, студенттердi алғашқы, әрi өте құнды педагогикалық iс-әрекет тәжiрибесiмен қаруландырады, теориялық бiлiмдердi бекіту мен тереңдету құралы ретiнде қарастырылады.
Негізгі бөлім
Кәсіптік оқыту педагогы өз iс-әрекетiнiң мәнiн терең түсiнбей, қоғамдық-саяси, арнаулы ғылыми, психологиялық-педагогикалық бiлiмдер жүйесiн игермей, сондай-ақ теориялық бiлiмдерiн, практикалық мәселелердi шешу кезiнде шығармашылықпен қолдану iскерлiгiнсiз жүзеге асыра алмайды. Педагогикалық практика болашақ мамандарды педагогикалық iс-әрекеттiң алғашқы және аса құнды тәжiрибесiмен қаруландырады, студенттердiң педагогикалық iс-әрекетке кәсiптiк жұмысқа дейiн-ақ даярлығының көрсеткiшi қызметiн атқарады. Мұның бәрi студенттердiң педагогикалық практикасын жетiлдiру проблемасының теориялық және практикалық мәндiлiгiн қамтамасыз етедi.
Педагогикалық практиканы табысты өткiзу үшiн, бiздiңше, студенттердiң кәсiби бiлiмдердi, iскерлiктер мен дағдыларды саналы игеруге шығармашылықпен және үлкен жауапкершiлiкпен қарау қажеттiгiне көздерiн жеткiзiп, педагогикалық практиканы өз бетiмен орындайтын педагогикалық iс-әрекет ретiнде қарастыру керек.
Қорытынды
І. Ұсынылған жұмыс университет студенттерінің педагогикалық практикасын жетілдіру мәселесіне арналған.
Зерттеу педагогикалық практикасының тұжырымдамасын және жетілдіру технологиясын, сондай-ақ студенттерде инженерлік-педагогикалық іс-әрекеттің барлық компоненттері жүйелілігімен және тұтастығымен дамуына бағытталған әдіснамалық, теориялық және эмпирикалық жоспардағы блоктан тұратын инженерлік-педагогикалық білім беру бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді. Бұл жүйені университеттің оқу-тәрбие процесінде жүзеге асыру болашақ кәсіптік оқыту педагогының педагогикалық практикасын жетілдіруде айқын көрініс берді. «Кәсіптік білім» мамандығын даярлауда, оның ішінде педагогикалық практиканы жетілдірудің ең тиімді жолдарын, кешенді тапсырмаларды құрастырудың ғылыми теориялық негізін, мүмкіндіктерін анықтауда «теория», «практика», «тапсырма», «кешенді тапсырма» ұғымдарына талдау жасалып, «тапсырма», «кешенді тапсырма» ұғымдарына анықтама берілді.
2. Зерттеудің теориялық тұжырымдамасында жетекші идея болып табылатындар: университеттердің кәсіби білім беру потенциалы мен ресуртарының нақты нәтижеге - кәсіби мәселелерді теориялық және практикалық шешуге дайын педагогтың педагогикалық іс-әрекетіне бағытталуы; болашақ кәсіптік оқыту педагогының педагогикалық практикасын синергетикалық, антропологиялық, тұлғалық-әрекеттік келістер негізінде тұрғызу.