Ауыр металдардың Шымкент қаласының территориясында таралуы және Hordeum Lepоrinum өсімдігіне әсері
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ 5
1.1 Ауыр металдардың өсімдіктерге биологиялық әсері 5
1.2 Қоршаған ортаны қорғаудағы мемлекеттiк iс- шаралардың жүргiзiлуi 11
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ 14
2.1 Зерттеу орындары мен зерттеу объектісіне сипаттама 14
2.2 Зерттеу әдістері 15
2.2.1 Топырақтағы ауыр металдарды анықтау әдісі 15
2.2.2 Өсімдіктердегі ауыр металдардың мөлшерін анықтау әдісі 17
2.2.3 Өсімдіктердің кариотипіндегі өзгерістерді анықтау әдісі 17
2.3 Ауыр металдардың физика-химиялық сипаттамасы 18
2.4 Хромосомалар және хромосомалық мутациялар (аберрациялар) 21
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ 27
3.1 Шымкент қаласында топырақтың ауыр металдармен ластану дәрежесі 27
3.2 Қоян арпа (Hordeum leporinum) өсімдігінде ауыр металдардың жиналу мөлшері 29
3.3 Қоян арпа (Hоrdeum Іeporinum) өсімдігіне ауыр металдардың әсерінің мутациялық активтілігі 31
ҚОРЫТЫНДЫ 35
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 36
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында түсті металлургия өндірісі қарқынды дамыған. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкент қаласының территориясында орналасқан «Южполиметалл» ӨК ЖАҚ-нан бөлінетін қалдық заттар ұзақ жылдар бойы табиғи ортаны ластауда. Олардың ішіндегі негізгілері – ауыр металдардың ауаға, топыраққа, суға таралу дәрежесі артуда. Ауадағы ауыр металдар жел арқылы тараса, ал топырақта ортаңғы қабаттарға дейін өтіп, өсімдік тамыры арқылы өсімдік ағзасына тасымалданып өз зиянын тигізуде. Атап айтқанда, Шымкент қорғасын өндірісінен бөлінетін негізгі ауыр металдарға – қорғасын, мыс, кадмий, мырыш жатады. Олардың ішінде қорғасын мен кадмий өте улы металдар. Ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуы белгіленген санитарлық мөлшерден асып кетсе, тірі ағзаларға ауыр металл иондары кері әсерін тигізеді. Сондықтан олардың қасиетін зерттеумен қатар, қоршаған ортаны тазарту жолдарынан іздестіру өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1 Ауыр металдардың өсімдіктерге биологиялық әсері
Қоршаған ортаға түскен экотоксиканттар метеорологиялық факторлардың әсерінен топырақта, суда және атмосферада кең таралып, тірі организмдердің тіршілік әрекетіне кері әсер етуде. Экотоксиканттардың үлкен қашықтықтарға таралуы олардың физикалық және физика-химиялық қасиеттеріне, яғни булануына, ұшқыштығына, ерігіштігіне т.б. байланысты. Қазіргі кезде барлық табиғи орталарда бақыланып отырған ластаушы химиялық заттардың негізгілерінің бірі- ауыр металдар. Бұл бір жағынан металдардың биологиялық активтілігіне байланысты. Сонымен қатар, олар органикалық қосылыстар сияқты трансформацияға берілмейді, биохимиялық айналымға түскенде ұзақ сақталады [1].
Металдардың осы қасиеттеріне және қоршаған ортаның бақылаусыз ластануына байланысты, өткен ғасырдың 50-ші жылдарынан кейін тірі организмдер жаппай улануы байқала бастады [ 2].
1.2 Қоршаған ортаны қорғаудағы мемлекеттiк iс- шаралардың жүргiзiлуi
Қазiргi кезде қалыптасып отырған күрделi экологиялық жағдай, әсiресе бiздiң мемлекетiмiзде табиғатты қорғауда декларациялы iс-шараларды емес, iс-жүзiндегi нақтылы iс- шараларды талап етедi. Көрсетiлiп жатқан iс- шараларға қарамай, елiмiздегi экологиялық жағдайды қалпына келтiру жұмыстары қанағаттанарлық емес. Тiптi қай жерлерде болмасын, кризистi жағдайлар қалыптасып алаңдаушылық туғызуда [36,37].
Ластанумен күресудiң барлық түрлерi мен бағыттарының iшiнде ең бiрiншi экологиялық залалдың пайда болуына кедергi бола алатындарына мән берген жөн. Осындай жолдардың бiрi табиғи ресурстарды үнемдi пайдалану болып табылады [39].
Табиғат пайдалануды басқару табиғатты тиімді пайдалану, табиғи ортаны қорғауды ғылыми негізде жоспарлау, құқықтық ережелерді дайындау, экономикалық ынталандыру, техникалық-ұйымдастырушылық, экологиялық және экономикалық шараларды белгілеу, оларды қаржыландыру және орындалуын қадағалау арқылы жүргізіледі [40].
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Зерттеу орындары мен зерттеу объектісіне сипаттама
Зерттеу жұмысы Шымкент қаласының территориясында жүргізілді. Шымкент қаласы Қазақстан Республикасындағы ірі өндіріс орталықтарының бірі болып саналады. Қалада өндіріс пен энергетика салаларының қарқынды дамуы қоршаған ортаның кең көлемде ластануына әкелді. Жаз айларында ауа температурасы өте жоғары (+38-40 С) болады, ал күз және көктем айларында жел мен жауын- шашын мөлшері аз болғандықтан атмосфераға бөлінген түтін мен газ тез арада ауаның жоғарғы қабаттарына көтеріліп таралып кетпейді. Сондықтан атмосферада көп мөлшерде газ жинақталған. Оның тағы бір себебі, Шымкент қаласы тау бөктерінің төменгі жазықтығында қатар-қатар созылып жатқан қыраттардың еңістеу бөлігінде орналасқан.
2.2.2 Өсімдіктердегі ауыр металдардың мөлшерін анықтау әдісі
Өсімдіктердегі ауыр металдарды анықтау үшін белгіленген зерттеу орындарынанан өсімдік материалдары жиналып, алдын-ала ағын судың астында жуылып, шаң-тозаңнан тазартылады. Құрғатылған соң ұсақтап туралып, араластырылады. Дайын болған сынамадан техникалық таразыда 2г өсімдік материалын өлшеп алып фарфор тиглге саламыз.
2.2.3 Өсімдіктердің кариотипіндегі өзгерістерді анықтау әдісі
Өсімдік жасушасындағы хромосомалардың құрылымдық өзгерістеріне анализ жасау үшін, цитогенетикалық зерттеу әдісі қолданылды. Ол үшін интенсивті бөліну сатысындағы ұлпалар пайдаланылады. Митоз стадиясындағы соматикалық хромосомаларды зерттеу, кариотипін қарастыру және хромосомалық өзгерістерді есепке алу үшін тамыр ұшындағы меристемалық ұлпа пайдаланылады, ол үшін қажетті метериалдар төмендегідей өңдеуден өткізіледі.
2.3 Ауыр металдардың физика-химиялық сипаттамасы
Ауыр металдардың ішінде қоршаған ортаны ластауына, азық-түлік өнімдерінде және өсімдіктер, жануарлар мен адам ағзасындағы әртүрлі мүшелерде жинақталу қабілетіне және улылығына қарай ерекше орын алатындарының қатарына – қорғасын жатады.
2.4 Хромосомалар және хромосомалық мутациялар (аберрациялар)
Хромосома (грекше «хромо» - бояу, «сома» - дене) – жасуша ядросының құрамында нәсілдік информациясы ДНК бар ген орналасқан өздігінен екі еселене алатын, арнайы бояаулармен боялатын негізгі құрылым бөлігі.
Хромосома өсімдік пен жануарлар жасушасының даму процесін қамтамасыз етеді, тұқым қуатын белгі, қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа өткізеді. Олардың хромосомында морфологиялық өзіндік ерекшеліктері бар. Хромосомалар жасуша бөлінуі кезінде анық көрінеді.
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
3.1 Шымкент қаласында топырақтың ауыр металдармен ластану дәрежесі
Өсімдіктерге бақылау жүргізу үшін Шымкент қаласының территриясынан 4 зерттеу орнын белгіледік.
№1 зерттеу орны- қаланың оңтүстік-батыс бағытында орналасқан «Южполиметалл» ӨК АҚ- ның ауданы, яғни өндірістік аймақ.
№2 зерттеу орны- қаланың орталық ауданы, қорғасын өндірісінен 3 км қашықтықта орналасқан орталық саябақ.
№3 зерттеу орны ретінде - қаланың оңтүстік -шығыс бағытында орналасқан «Жеңіс « саябағы белгігенді. Саябақ «Южполиметалл» ӨК ЖАҚ - нан 8 км қашықтықта орналасқан.
№4 зерттеу орны – бақылау ауданы, қаладан 25 км қашықтықтағы «Ақ-су» елді мекені.
3.2 Қоян арпа (Hordeum leporinum) өсімдігінде ауыр металдардың жиналу мөлшері
Ғылыми жұмыстың міндеттерінің бірі- Шымкент қаласының территориясында және Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында кең таралған қоян арпа (Ноrdeum leporinum) өсімдігінде жиналған қорғасынның, мыс, мырыш және кадмийдің мөлшерін анықтау.
Белгіленген зерттеу орындарынан қоян арпа өсімдігінен сынамалар алынып, оның құрамындағы ауыр металдардың мөлшері анықталды. Ауыр металдар өздерінің химиялық және биологиялық ерекшеліктеріне қарай гео – және биоаккумуляцияға өте бейім элементтер. Өсімдіктер- қоршаған орта жағдайының сезімтал индикаторлары. Ауыр металдар өсімдік ағзасына екі жолмен – топырақтан тамыры арқылы және атмосферадан жапырақтары арқылы түседі.
3.3 Қоян арпа (Hоrdeum Іeporinum) өсімдігіне ауыр металдардың әсерінің мутациялық активтілігі
Зерттеу обьектілері алынған өсімдіктердегі ауыр металдардың мөлшері анықталған соң, біздің алдымызға қойған міндеттеріміздің бірі – осы өсімдіктің хромосомалар жиынтығына ауыр металдардың әсерін анықтауға болады.
Зерттелген өсімдіктердің арасынан зерттеулер жүргізу үшін біз қоян арпа таңдап алдық. Себебі, осы өсімдіктің тұқымдарының өнуі мен оның соматикалық жасушаларындағы хромосомалар микроскоп арқылы көрінеді, әрі олардағы генетикалық ауытқулар анық байқалады. Демек, ауыр металдардың, әсіресе қорғасын мен кадмий сияқты аса улы металдардың басқа ластаушы заттарға қарағанда өсімдік хромосомасына әсері жоғары екені сөзсіз.
ҚОРЫТЫНДЫ
1. Шымкент қаласының территориясына ауыр металдардың оның ішінде улылығы жоғары. Қорғасын, мыс, мырыш, кадмий элементтерінің қоршаған орта обьектілеріне таралуына «Южполиметалл» ӨК АК тікелей әсер етеді.
2. Қала территориясында өскен қоян арпа өсімдігіндегі ауыр металдардың мөлшері белгіленген шектеулі концентрациядан біршене есе жоғары.