Мемлекеттің қаржылық саясаты. Қаржылық механизм
Жоспар
1 Мемлекеттің қаржылық саясаты. Қаржылық механизм 3
1.1 Қаржылық саясаттың мазмұны, міндеттері және қағидаттары 3
1.2 Қаржылық саясатты жасау 10
1.3 Қаржылық механизмнің мазмұны мен құрылымы 17
1 Мемлекеттің қаржылық саясаты. Қаржылық механизм
1.1 Қаржылық саясаттың мазмұны, міндеттері және қағидаттары
Кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржылық саясат маңызды рөл атқарады. Оны жасап, жүзеге асыру үдерісінде қоғам алдында тұрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі; ол экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі бір құралы болып табылады.
Елдің қаржы заңнамасының негізінде қаржылық ресурстарды жұмылдыру, бөлу және пайдалану жөніндегі мемлекеттің және басқа экономикалық агенттердің іс-шаралары қаржылық саясат деп аталады. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады. Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржылық саясатына негізделеді.
Материалистік диалектика жүйесінде түрлі басқа саясат сияқты қаржылық саясат қондырмаға жатады, ал қаржылық саясатта білінетін және өндірістік қатынастардың, белгілі бір экономикалық формацияның бір бөлігі ретінде көрінетін қаржылық қатынастар базистік болып табылады (1.1 сызбаны қараңыз).
1.2 Қаржылық саясатты жасау
Экономикалық дағдарыстан шығу және одан ары серпінді даму мемлекеттің сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін. Жүргізіліп отырған қаржылық саясаттың басты субъектісі мемлекет болып табылады. Ол коғамның ұзақ перспективаға арналған қаржысын дамытудың басты бағыттарының стратегиясын әзірлейді және алдағы кезеңге арналған міндеттерді, қаражаттарды және оған жетудің жолдарын анықтайды. Жалпы экономикалық саясат сияқты қаржылық саясатты мемлекет экономикалық заңдардың қоғамның экономикалық өмірінде мәнді, тұрақты қайталанып отыратын, объективті байланыстар мен өзара тәуелді құбылыстардың және үдерістердің талаптарын негіздей отырып жасайды.
Қаржылық саясатты жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оңын конституциялық ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржылық саясатты жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржылық саясаттың басты бағыттарын анықтайды. Үкімет экономиканы дамытудың басты бағыттарын жүзеге асыру және коғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен осы Жолдаудың шеңберінде іс-қимыл жасауы тиіс. Осыған орай биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі ретінде Үкімет қаржылық саясатты іске асыруға қажетті заңдардың жобаларын жасайды және оларды қарап, қабылдау үшін Президентке тапсырады.
1.3 Қаржылық механизмнің мазмұны мен құрылымы
Қаржылық саясат нақты шаруашылық өмірде қаржылық механизмі арқылы іске асырылады. Қаржылық механизм - экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржылық қатынастарды ұйымдастыру нысандарының, қаржылық ресурстарын қалыптастырып пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржылық қатынастарды .ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кіріктіреді. Айрықшалықты бөлгіштік категория ретіндегі қаржының әр түрлі мақсаты ақшалай қорларын жасау мен пайдалану арқылы жасалған өнімді бөлуге және қайта бөлуге қатысатындығы көпшілікке белгілі. Сондықтан бұл үдерісте қолданылатын механизм - бұл ақшалай табыстар мен қорларды қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болатын қаржылық қатынастар көрінісінің түрлері, нысандары және әдістері. Тап осы ұғымдар қатынастарды іске асырудың түрлері, нысандары және әдістері экономикалық өмірде тетік, тиісті үдерістерді басқару механизмі ретінде болады.