«Жеті жарғы» – дәстүрлі мемлекет және құқық ескерткіші
Жоспар
1 «Жеті жарғы» атауының мәні мен мағынасы 3
2 «Жеті жарғының» зерттелу тарихы 10
3 «Жеті жарғы» туралы дерктер 21
Қолданылған әдебиет тізімі 32
1 «Жеті жарғы» атауының мәні мен мағынасы
Ғылыми және ғылыми-көпшілік әдебиетте «Жеті жарғы» атауына қатысты әр түрлі пікірлер бар, бірақ олар ғылыми қауым тарапынан толық қолдау таба қоймаған, бір-біріне кереғар келіп жататын жорамалдауларға негізделген. Бұл төңіректе әлі де даулы мәселелер көп болғандықтан біз осы атауға қатысты жасалған этимологиялық талдаулар мен түсініктердің негізгі бөлігіне ғана тоқталып кетеміз.
«Жеті жарғы» атауын алғаш рет Әз Тауке хан тұсындағы қабылданған заң ережелеріне қатысты қолданған Н.И.Гродеков. Ол ұзақ уақыт Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Сырдария облысының әскери губернаторы қызметін атқарып, сол кезеңде қазақ әдет-ғұрып, заңережелеріне қатысты деректерді мол жинайды.
2 «Жеті жарғының» зерттелу тарихы
«Жеті жарғының» зерттелу тарихы бірнеше ғасырды қамтиды, бірақ ескерте кететін мәселе бар.
Алдымен «Жеті жарғыны» ғылыми түрде зерттеу, яғни академиялық деңгейде зерттеу, әлі күнге дейін тәжиребе ала алған жоқ. Екіншіден, «Жеті жарғыны» қазақтың әдет-ғұрып дәстүрлерімен, жолдарымен салыстыра отырып және жеке бөліп қарастырған зерттеулер жоқ. Тіпті «Жеті жарғыны» қазақтың мындаған жылдар бойы қордаланып, қоғамдық өмірінің реттеуші тетігі есебінде өмір сүрген заң-ережелерінен бөле жарып қарау мүмкін де емес шығар.
3 «Жеті жарғы» туралы дерктер
Әз Тәуке ханның заманы, сол заманда түзілген «Жеті жарғы» туралы деректер қазақ ауыз әдебиетінің әр саласынан кездесіп қалады. Зерттеушілердің көпшілігі «Жеті жарғы» ел есінде айшықты афоризмдер, қанатты сөздер түрінде сақталды деген пікірде, олай болса кәзіргі ел аузында ескілікті, қария сөз аталып жүрген рухани дүниенің көпшілігі ғасырлар елегінен өткен «Жеті жарғының» сарқыншақтары, жұрнақтары деп есептеуге болады.
Қазақ шежіресінде «Жеті жарғы» көбнесе «Күлтөбенің басында күнде кеңес» деген атаумен белгілі. М.-Ж.Көпеев бұл туралы: «Күлтөбеде күнде кеңес» осы Әз Тәуке тұсында айтылған сөз.