Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Статистика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 10 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Статистика агенттігінің ұйымдастырылуы және оның зерттеу міндеттері және статистикалық бақылау


Жоспар
1. Статистика агенттігінің ұйымдастырылуы және оның зерттеу міндеттері 3
2. Статистикалық бақылау туралы түсінік 6
Әдебиеттер 10

1. Статистика агенттігінің ұйымдастырылуы және оның зерттеу міндеттері
Статистикалық бақылау деп қоғамдық өмір құбылыстары туралы мәліметтер жинау процесін айтамыз. Дегенмен, кез келген сандар (мәліметтер) жинау статистикалық бақылау бола алмайды. Статистикалық бақылау деп жоспарлы түрде, ғылыми ұйымдастырылған, әдетте бір жүйеде қоғам өмірінің құбылыстары мен процесстері туралы жинаған мәліметтерді айтады. Мысалы, елімізде халық санағы жүргізілгенде әр адам туралы, оның жынысы, жасы, отбасы жағдайы, қызмет бабы, тағы басқа фактылары жазып алынады.

2. Статистикалық бақылау туралы түсінік
Статистикалық бақылау ұйымдастыру жағынан: есеп беру және әдейі ұйымдастырылған бақылау деп аталатын негізгі екі формадан тұрады.
Есеп беру дегеніміз – кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің өз қызметтері туралы әдейі бекітілген форма мен көрсеткіштер арқылы жоғарғы немесе статистика органдарына құжаттар тапсыруы. Есеп алдын-ала белгіленген бағдарлама мен уақыт бойынша жүргізіледі.
Кәсіпорындар, ұйымдар мен мекеме басшылары есеп берудің белгілі бір уақытта және дұрыс болуына жауапты. Есеп бүкіл халық шаруашылығын қамтиды. Есеп әлеуметтік-экономикалық жоспардың орындалу барысын қадағалайды, кәсіпорындар мен ұйымдарды, мекемелерді оперативті басқару ісіне қызмет етеді, социалистік экономика мен мәдениет дамуымын көрсеткіштерін құрайды.