География сабақтарында инновациялық білім беру технологияларын пайдалану әдістері
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Әдебиетке шолу. «География пәнін оқыту үрдісіндегі, инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың теориялық негіздері» 6
1.1 Инновациялық білім беру технологиялары туралы. 6
1.2 Инновацялық технологияларды білім беруде қолдану 11
2 «Географияны оқыту үрдісінде инновациялық білім беру технологияларын пайдалану» 20
2.1 География сабағында компьютерлік технологияны пайдалану мүмкіндіктері 20
2.2 Жобалау технологиясы – дамудың негізі 25
2.3 География пәніндегі инновациялық технологияларға қысқаша сипаттама 30
3 Инновациялық технологиялармен өткізілген сабақтар және инновациялық технологияларға сараптама 36
3.1 География пәнінде, мультимедия және модульдік технологияны қолданылған сабақтар 36
3.2 Интерактив тақтасындағы география сабағы және электрондық оқулықпен жұмыс 47
3.3 Географияны оқыту үрдісіндегі инновациялық технологияларға сараптама 51
Қорытынды 56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 59
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдауында «ХХI-ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» [1] дей отырып, білім беруді әлемдік стандарт деңгейіне жеткізу үшін жаңа сипатттағы педагогикалық мамандар қорын жасау қажеттігін баса айтқаны баршаға мәлім. Мектепте білім мен тәрбие берудің сапасын қамтамасыз етіп, оны іске асыратын басты тұлға мұғалім болса, бүгінгі таңда мұғалімдерге қойылып отырған талаптар өте жоғары. Елімізде инновациялық экономика құру үшін мектепте кәсіби міндеттерін дербес, әрі шығармашылық тұрғыдан шеше алатын, кәсіби қызметінің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсіне білетін, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын меңгерген, кәсіби құзіретті және бәсекеге қабілетті мұғалімдер жұмыс істеуі тиіс.
1 Әдебиетке шолу. «География пәнін оқыту үрдісіндегі, инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың теориялық негіздері»
1.1 Инновациялық білім беру технологиялары туралы.
Қазіргі кезде әлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды да анықтауда. Техника мен ғылым көлемінің ұлғая түсуі мектептегі білім беру мазмұнының қайта құру және оқу-тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта қарауға, әсіресе мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келді. Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін практиканың өзі дәлелдеп отыр. Мұның өзі аталған мәселенің теориялық негіздемесін жасау қажеттілігін туындатады. Сондықтан біз оқытудың теориясы мен практикасындағы зерттеліп отырған проблеманың жағдайына талдау жасауды «инновациялық білім беру технологиялары» ұғымына нақты түсінік беруден бастағанды жөн көрдік. Зерттеуде ең алдымен «инновация» «педагогикалық технология» ұғымдары жөнінде анықтамалар жүйеге келтіріліп, «инновациялық білім беру технологиялары» ұғымы мазмұндық жағынан қарастырылды [6].
1.2 Инновацялық технологияларды білім беруде қолдану
Мемлекетімізде болып жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістер білім беру жүйесінің алдына үлкен міндеттер қойып отырғандықтан ХХI – ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды жаңа инновациялық технология бағытында дамыту мақсатымен аттауымыз – үлкен үміттің нышаны. Есімі баршамызға белгілі тұңғыш энциклопедист «Аққан жұлдыз» атанған Шоқан Шыңғыс ұлы Уәлиханов: «Жалықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген болатынды [14]. Егемен ел болып, өз бетінше өркендеп, өсу үрдісін таңдаған біздің елімізде білім берудің бағыт-бағдары Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында және басқада құжаттарда негізделген.Жетпіс жыл бойы қасаң идеологиялық тұжырымдамаларға бағындырылған халыққа бүгінгі күні жеке тұлғаны дамытуға бағдарланған, ізгілікті, шынайы демократиялық нышандағы бүкіл адамзаттық құндылықтарды алға шығаратын білім беру жүйесін қалыптастыруда үлкен ірі-ірі қадамдар жасалынды. Жас өскелең ұрпақтың тағдыры олардың бойына ізгілік нұрын себуші ұстаздардың қолында демек, мұғалім балаларға білім ғана емес, оларды өмір бойы үйренуге үйрететін, біздің тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Еліміздің өсіп-өркендеуі бәсекеге қабілетті білімді, білікті жастарына, оларға білім беретін мұғалімдерге байланысты десек, үздіксіз білім беру жүйесін қалыптастыру,оқу,тәрбие беруде жаңа инновациялық технологиялар орнықтыру және оны жүзеге асыру басты келелі мәселе болуы керек.
2 «Географияны оқыту үрдісінде инновациялық білім беру технологияларын пайдалану»
2.1 География сабағында компьютерлік технологияны пайдалану мүмкіндіктері
Модернизациялық жүйенің негізгі бағыттарының бірі – жоғары оқу орындарында географиялық білім беруде компьютерлік технология мен мультимедияны енгізу болып табылады [7].
Феноменнің құрылымы соншалықты, егер мұғалім компьютерлік технологияға қарсылығын көрсететін болса да, білімгерлердің ішінде компьютерді және мультимедияны жақсы меңгерген нұсқауларды қабылдайды. Қазіргі жастар тапсырманы орындау барысында өздері компьютерлік мүмкіндіктерін қолдануға тапсырады. Әсіресе, бұл тапсырмалар қазіргі таңдағы көп ақпараттарды пайдалануға және жұмысты даярлауында үлкен талаптар қойылуымен байланысты. Мұндай жағдайда мұғалім географиялық білім беруіндегі барлық мүмкіндіктерді, сонымен қатар, жаңа пайдалы жаңалықтарды қолдануға барлық күшін салады .
География сабағында компьютерлік технологияны қолдануға көптеген мүмкіндіктері бар. 1-суретте географиядан сабақ беруде бірнеше негізгі бағытта компьютерлік технологияны қолдануға болады [13].
2.2 Жобалау технологиясы – дамудың негізі
Біз білім беру адамзаттың ортақ мүлкіне айналған дәуірде өмір сүрудеміз. Бір жерде жаңалық ашылса, басқа жерде оны тез үйреніп үлгеруде. Біздің міндетіміз – дүниежүзіндегі жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып, одан да жақсысын, тиімдісін ұсыну. Олай етпесек көштен қаларымыз хақ. Өйткені, ғасырымызда барлық салада даму өте жедел жүзеге асуда. Ал дамудың негізі – білімде [36].
2.3 География пәніндегі инновациялық технологияларға қысқаша сипаттама
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына өзінің Жолдауында [3]. Қазақстанның әлемдегі барынша дамыған және бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіру страте-гиясын ұсынған. Жүзеге асырылуы осы міндетті шешуге жәрдемдесетін дамудың жеті басым бағыты анықталған. Бұл шешуші басымдықтардың бірі осы заманғы білім мен озық ғылымды дамыту болып табылады. Білімді, сауатты адамдар - бұл XXI ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші.
3 Инновациялық технологиялармен өткізілген сабақтар және инновациялық технологияларға сараптама
3.1 География пәнінде, мультимедия және модульдік технологияны қолданылған сабақтар
Қазіргі оқытудың талабына сай компьютерлік технологияны пайдаланып өткізген «Солтүстік Америка табиғат зоналары» атты ашық сабақ мультимедия сабағы түрінде ұйымдастырылды. Әдеттегі сабақпен салыстырғанда сабақтың үйлестіру қызметі көп болады, себебі оның құрамында оқытудың әртүрлі құралдары тиімді пайдаланылады. Мысалы, табиғат зоналарының ауысуы, оған әсер ететін факторлар динамикада көрсетілген, сонымен қоса иллюстрация материалында қозғалыссыз суреттер, бекітуде өзара бақылау және бағалау енгізіледі. Жаңа тақырып визуалдық лекциямен, мұғалімнің презентация слайдтары арқылы баяндауынан басталады. Лекцияны оқу барысында белгілі бір ретпен слайдтар жиынтығын презентациялау тиімді пайдаланылды. Презентация мультимедия жобасы – үлкен экран арқылы жүзеге асады. Презентацияның ақпараттық мәліметтерді толықтыру мәліметі ретінде мәтіндік мәліметтер қолданылды.
Лекцияда презентациялаудың келесі тәртібін ұстандым:
3.2 Интерактив тақтасындағы география сабағы және электрондық оқулықпен жұмыс
Интерактив тақтасындағы сабақ. «Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері» тақырыбына өткізілген сабақтың мақсаты – оқушылардың дүниежүзілік мұхит пен оның бөліктері – теңіз шығанақ, бұғаз жайлы білімдерін тереңдету, ойлау қабілеттерін дамытуға, шапшаңдыққа, ұшқырлыққа, өздігінен жұмыс жасай білуге баулу және қоршаған ортаға құрметпен қарап, оны аялауға, қорғауға, тәрбиелеу [50]. Аралас сабақ түрінде өткізілген бұл сабақтың әдісі сұрақ-жауап, іздендіру, салыстыру, талдау, жұмбақ шешу, Венн диаграммасы.Сабақ әдебиет, тарих, математика пәндерімен байланыста өткізіледі.Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, компьютер, дүниежүзілік физикалық картасы, материктер картасы, мұхиттар картасы, тірек-сызба, тірек – сурет табиғат көріністері т.б.
3.3 Географияны оқыту үрдісіндегі инновациялық технологияларға сараптама
Географияны оқыту үрдісіндегі инновациялық технологияларға сараптама жүргізу барысында мынадай әдістер қолданылды:
Қорытынды
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты – алған білімінің, кәсіби дағдыларының негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларында еркін бағдарлай алатын, білімі арқылы өз мүмкіндіктерін іске асыруға , өзін- өзі дамытуға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру екендігі көрсетілген. География ғылымы қазіргі кезде – энциклопедиялық ілімнен конструктивті ғылымға айналғаны бәрімізге белгілі. Географияның заманға сай міндеті «адам-табиғат-шаруашылық-қоршаған орта» жүйесінде пайда болған қарама-қайшылықтарды шешу. Демек, географиялық білім әртүрлі әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерді түсіну үшін үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан, мектептегі географиялық білімнің құрылымы мен мазмұны адамзат өркениеті мен мәдениетінің деңгейіне сай болуы тиісті. Сонымен бірге географиялық білім халықаралық деңгейге, география ғылымының мектеп дидактикасына және географияны оқыту әдістемесіне негізделуі керек. География ел мен жер танудың негізгі көзі [3].