Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Археология

Тип: Баяндама

Объем: 17 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Ертедегі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихнамасы

Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәліметтер орта ғасырлардағы ғалымдар мен тарихшылар, географтар мен саяхатшылардың еңбектерінде кездеседі. Олар өз еңбектерінде өздері тікелей кезімен көрген немесе өздеріне айту бойынша мәлім болған әдеттен тыс заттар, бейнелер, өз замандарынан көп бұрын болған қалалар мен қоныстардың жұрттарын, оқиғаларды айтып кеткен.
Қазақстанның еткендегісін ғылыми зерттеуде I Петрдің көне мұраларға ұқыпты қарауға, оларды суреттеу мен жинауға әмір берген жарлықтары, сондай-ақ оның бастамасы бойынша Сібірді және Ресейге жапсарлас жатқан Қазақстан жерін зерттеу мақсатымен қолданылған шаралар маңызды рөл атқарды. Осы әрекеттердің нәтижесінде 1707 жылы Тобыл боярының ұлы С. Ремезов жазған «Сібірдін сызба кітабы» жарық көрді. Онда географиялық деректермен катар, қазақ даласының археологиялық ескерткіштері туралы мәліметтер де келтірілген.

Бөрі жар обасын қазған кезде жерлеу ғұрпына байланысты және ертедегі, орта ғасырлардағы халықтық діни көзқарастарды көрсететін қызықты материалдар алынды. Экспедиция тобы Отырар оазисінде, Қаратаудың оңтүстік және солтүстік беткейлерінде, Сауран маңында ирригациялық, одан кейінгі орта ғасырлардағы кәріздер жүйесін тапты.
Сонымен бірге палеоэтнографиялық зерттеулер, атап айтқанда, қазақтардың отырықшылану үрдістерін анықтау мақсатымен қазақ қыстауларын қазу жұмыстары да жүргізілді.
60-жылдардың орта шенінде Қазақстан нумизматикасы дами бастайды. Отырарды, Құйрық төбені қазу кезінде көптеген теңге материалы жинақталды. Бүл бірлі-жарым олжа ғана емес, қазына да болатын. Теңгелер тарихи мерзімді анықтайтын материал ретінде де, сондай-ақ орта ғасырлардағы Қазақстанның саяси және экономикалық тарихын, оның сауда және мәдени байланыстарын зерттеуге арналған деректеме ретінде де зерттелді.