Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Информатика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 35 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

3D Studio Max интерфейсіне шолу


Мазмұны

Кіріспе 3
І тарау. 3D Studio Max интерфейсіне шолу. Негізгі аспаптар панелі 5
1.1 Интерфейске қысқаша түсінік 5
1.2 Интерфейс элементтері 5
1.3 Негізгі аспаптардың панелі 6
1.4 3D Studio Max-та мәзірді қолдану. Мәзір командаларының атқаратын қызыметтеріне сипаттама 11
ІІ тарау. Интерфейстің қосымша элементтері 23
2.1 Интерфейстің қосымша элементтерін қолдану. Уақытты басқару элементіне сипаттама және пайдалану. Time Slider жүгіртпесі. Tрек панелі 23
2.2 MaxScript Hisfener құралдары 25
2.3 Жылжымалы және бекітілген панелдер 25
2.4 Батырмалар әрекеті 26
2.5 Арнайы сұхбаттасу терезелері 26
ІІІ тарау. Модельдеу 28
3.1 3ds Max-тағы күрделі объектілерді жасау 28
3.2 Модификаторларды пайдалану 28
Қорытынды 30
Қосымша 31
Пайдаланылған әдебиеттер 34
Бағдарлама листингі 35

Кіріспе

Қазіргі кезде зерттеу тәжірибесінде бұрын мүмкін болмаған өз формасымен, құрылымымен және жалпылама талдау мүмкіндігін беретін ақпараттарды пайдалануға болады. Ол адамның түрлі қызмет ету салаларына компьютерді, ақпаратты өңдеу және берудің қазіргі таңдағы жаңа құралдарын енгізуімен сипатталады.
Барлығы да өндіріске және тауар тұтынуға бағытталған индустриялдық қоғаммен салыстырғанда ақпараттық қоғамда интелект пен білімге сұраныс мол, бұл өз кезегінде ақылмен атқарылатын жұмыстың үлесін арттырады. Заман талабына сай мұндай қоғамда жасалынатын бағдарламалардың барлығы да үш өлшемді кеңістіктің графикалық анимациясымен көркемделеді және оқыту жүйесінің үрдісіне осындай мүмкіндіктермен жабдықталған қолданбалы бағдарламаларды енгізу керек. Бұл үрдіс әлемнің барлық елдерінде жүріп жатыр. Үш өлшемді кеңістіктік мүмкіндігі бар графикалық редакторларды пайдаланып бағдарламалар құру оның көрнісін әсерлейді, көркем етеді.
Компьютерлік технологиялардың дамуы қазіргі қолданыстағы барлық дерлік қолданбалы бағдарламалар да кездеседі немесе олардың бүкіл құрылымына қатыса алады. Ондай технологиялардың бірі бағдарламасы. Және де мұндағы кескіндер үш өлшеммен анықталады, сондықтан да бұл ортадағы орындалған жұмыс нәтижесі өз кезегінде көркем болып шығатындығы сөзсіз.

Зерттеудің маңыздылығы. Қазіргі білім жүйесінің дамуы оқыту үрдісіндегі информациялық технологиялардың жетістіктерін белсенді түрде қолданылуымен тығыз байланысты. Бұл, әсіресе информациялық, технологиялық құралдарды пайдалануға негізделген оқытудың жаңа формаларына қатысты. Сондай-ақ, оларға электрондық және дистанциялық оқыту жүйесі жатады. Бұлар, оқу құралдарының, яғни әдістемелік басылымдарыдың сапалы жаңа түрлерін белсенді түрде қолдануды ұсынады.
Теориялық зерттеулердегі қажеттіліктер мен білім беретін оқыту әдістемелік құралдарының практикадағы туғызылып отырған маңыздылықтары түлектік жұмыс тақырыбынын маңыздылығын анықтайды.
Мақсат пен болжамға (гипотеза) байланысты зерттеудің міндеттері анықталды:
1. Дидактикалық және технологиялық жайларды ескере отырып информатика пәні бойынша білім беретін әдістемелік оқыту құралының ұғымдарын енгізу және білім беру жүйесіндегі оның орнын анықтау;
2. Сыртқы психолого – дидактикалық белгісі сияқты классификациялық жүйелердің толықтығын қамтамассыз ететін информатика пәні бойынша оқу программасының ішкі құрылысын зерттеу негізінде құрастырылған білім беретін әдістемелік оқыту құралының мүмкіндігінше болатын мәселелерін қарастыру.
3. Синтез және анализ міндеттерін шешудің технологиясы ретінде білім беретін әдістемелік жүйенің көзбе-көз бағалау технологиясын өңдеу.

І тарау. 3D Studio Max интерфейсіне шолу. Негізгі аспаптар панелі

1.1 Интерфейске қысқаша түсінік

Интерфейс деген не және бағдарламалық интерфейстің ролі қаншалықты үлкен? Осы сұрақтарға жауап беріп көрейік.
Интерфейс – бағдарламаның мүмкіндіктеріне кіруді қамтамасыз ететін басқару элементтерінің жиынтығы.
Жалпы, кез-келген бағдарламаның нәтижесінің жетістілігі осы интерфейске байланысты. Яғни, интерфейс өте үлкен ролге ие.
3ds max интерфейсінің мүмкіндіктерінің деңгейі өте жоғары, онда қажет болған құралды жеңіл іздеп табуға және қолдануға болады.

1.2 Интерфейс элементтері

Интерфейс бағдарламаның қызметтеріне кіру мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді, осыған қоса, 3ds max- та әр кезде де бір команданы орындаудың бірнеше жолдары қарастырылады. Барлық командалар жүйелі түрде категорияларға бөлінеді.

1.3 Негізгі аспаптардың панелі

Негізгі аспаптар панелін зерттеу
Жұмыс терезесінің үстіңгі бөлігіндегі панель, оның батырмалары бағдарламаның негізгі функцияларын іске асыруға арналады.
 Қаттау панелі.
Кеңейтілген аспаптар панелі және оның жеке қаттауында 3ds max-тың бағдарламалық жабдықтарының басқару батырмалары орналасқан.
 Мәзір.
Терезенің үстіңгі бөлігіндегі бағдарламалар сериясы, ол көптеген функцияларға кіру мүмкіндігін ашады.
 Command панелі.
Оң жақта орналасқан негізгі панель құрамынына Create (Жасау), Modify (Модификациялау), Hierarchy (Иерархия), Motion (Қозғалыс), Display (Бейнелеу), Utilites (Утилит). Оған тағы да динамикалық және бапталған бұрушы панелі кіреді.

1.4 3D Studio Max-та мәзірді қолдану. Мәзір командаларының атқаратын қызыметтеріне сипаттама

Экранның жоғарғы жағында орналасқан ашылатын мәзір 3ds max-тің көптеген мүмкіндіктеріне кіруді қамтамасыз етеді. Мәзірдің кейбір командалары аспаптар панеліндегі батырмалармен көрсетіліп қайталанылады. Команданың орындалуы үшін тек оны Мәзірдан таңдап алу жеткілікті немесе біратты батырманы басуға болады.

ІІ тарау. Интерфейстің қосымша элементтері

2.1 Интерфейстің қосымша элементтерін қолдану. Уақытты басқару элементіне сипаттама және пайдалану. Time Slider жүгіртпесі. Tрек панелі

3ds max терезесінің төменгі бөлігінде жұмыс процесінде көріністі бөлшектеп бейнелеуді басқаруға көмектесетін арнайы элементтер орналасқан. Оларға жоба терезесінің навигация элементтері, уақытты басқару элементтері, трек панелі, қалыпө күй жолы, еске түсіру жолы және MAX Script Mim Listener өрісі жатады.
Уақытты басқару элементін қолдану
3ds max-та бұл тізбектелген анимацияны басқару үшін қолданылады. Бұл элементтер жоба терезесінің навигация элементтерінің сол жағында орналасады.
Уақытты басқару элементінің сипаттамасы

2.2 MaxScript Hisfener құралдары

Қалып күй жолының оң жағында MAX Script Listener элементтерінің құралдары орналасқан, оның үстінен тышқанның оң жағын басу арқылы көрініс командасының барлық ағымды жазбаларын көруге болады.
Интерфейспен іс- әрекет
3ds max-та инетрфейспен іс- әрекетті жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бірнеше мүмкіндіктер бар. Оны білу арқылы жай ғана интерфейсті емес, «сіз үшін жұмыс жасайтын» интерфейсті жасауға болады.

2.3 Жылжымалы және бекітілген панелдер

Барлық аспаптар панелі, вкладка панелі және Command панелі жылжымалы және бекітілетін бола алады. Панелді жылжымалы жасау үшін оның тақырыпшасын терезенің ортасына тасымалдау керек. Интерфейстер аспаптар панелінің мөлшерін орнықтыра және оларды экранның кез- келген жеріне орналастыруына болады. Олар әр кезде бағдарламаның негізгі процесінің үстінде белгіленеді. Жылжымалы панелді бекіту үшін 3ds max терезесінің шетіне жақын апарып тышқанның батырмасын жіберу керек. Тағы бір әдіс– панель тақырыбына тышқанның оң жақ батырмасын басып, бейнетекстік Мәзірде шығатын Dock командасын таңдап алып, оны қажетті орынға апару. Егер аспаптар панелі бекітілген болса, ал оны жылжымалы етіп жасау үшін панель тақырыбын екі рет басып, оны бастапқы қалпына әкелуге болады.

2.5 Арнайы сұхбаттасу терезелері

3ds max- тың көптеген сұхбаттасу терезелері модальды емес болады. Бұл жоба терезесінде объектілермен жұмыс жасау үшін оларды жабу міндетті емес екендігін білдіреді. Мұның жақсы үлгісі Material Editor сұхбаттасу терезесі болып табылады. Оны ашу арқылы объектіні артқы фонда трансформациялауға, белгілеуге және жасауды жалғастыруға болады. Осы типтің басқа терезелеріне Material/Map Browser, Render, Scene, Video Post, Transform Type- in, Display Floater және Selection Floater Track View және Schematic View жатады. Сұхбаттасу терезесінің көпшілігінің ерекшелігі мынада: енгізілген параметрлер келесі ашылған терезелерде орындала береді. Алайда осындай сұхбаттасу терезесінің параметрлерінің мағынасы 3ds max жұмымының ағымды айналысы біткенге дейін ғана сақтайды. Параметрлердің алғашқы мағынасын қалпына келтіру үшін, бағдарламаны қайтадан жіберу немесе File Reset (Файл- алғашқы қалпына қайта келу) командасын таңдау қажет.

ІІІ тарау. Модельдеу

3.1 3ds Max-тағы күрделі объектілерді жасау

3ds мax-тың негізгі жұмыстарының бірі-ол үш өлшемді объектіні модельдеу.
Көптеген объектілер біздің күнделікті өмірімізде көріп жүргендей симметриялы емес.Оларды үш өлшемді графикада ойнату өте қиын.
3 ds Max тың Geometry категориясындағы объектілер өте күрделі модельдерді құру үшін қордық материал болып табылады.Сыртқы беттер премитивті редакциялау үшін әр түрлі модельдеу саймандары пайдаланылады.
Үш өлшемді модельдеудің әр түрлі жолдары бар:

3.2 Модификаторларды пайдалану

Модификатор деп-объектілерге арналған қасиеттерін өзгерту нәтежесінде объектіні өзгеріске ұшрататын әрекетті атаймыз.Мысалы,модификатор объектіге әр түрлі деформациялау әдістері,мысалы созу,бурау,бүгуі арқылы әсер етеді.модификатор сонымен қатар,объектіге мәтіннің орналасуын басқару үшінде әсер етеді немесе объектіні физикалық қасиеттерін өзгертеді,мысалы оны иілгіш ете алады.
Тізім- Modifier Stack (модификаторлар стегі) 3ds max интерфейсінің негізгі элементтері болып табылады,ол командалар тақтасындағы Modify (өзгерту) хаттамасында орналасқан.бұл тізімді белгіленген объектілерге қолданылған саймандардың тарихы көрсетіледі,сондай-ақ объектіні редакциялау режимі көрсетіледі (сур.3.1).

Қорытынды

Кез келген бағдарламалық ортада жұмыс істей алу үшін алдымен оның интерфейсімен толық жұмыс жасай алатын болу керек. Сондықтан бұл түлектің жұмыс, қарастырылып отырған тақырыпқа сәйкес бағдарламаның интерфейсін зерттеп, оны пайдаланушыға ұсынумен шектеліп отыр.
Қазіргі таңда қазақ тіліндегі оқулықтардың тапшылығы, қазақ тіліндегі үйренушілерге компьютерді меңгеруде үлкен ауыртпалықтар туғызып отырғандығы даусыз.
Сонымен қатар қолданбалы бағдарламалардың ішіндегі графикалық редакторларды пайдалануға үйретуге арналған оқу әдістемелік құралдарын қазақ тілінде ұсыну, қазақ тілді оқу құралдарына қосқан үлесіміз деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.3D Studio Max. Библия пользователя.Келли Л. Мэрдок Компьютерное издательство «Диалектика» Москва – Санкт- Петербург – Киев, 2002
2. Орысша- қазақша- ағылшынша информатика сөздігі. I-II – том «Рауан» баспасы. Алматы, 2000
3. 3ds Max 8. + видеоуроки на CD! С. Бондаренко , М. Бондаренко Москва Санк-Петербург Нижный Новгород Воронеж Ростов на Дону Екатеринбург Самара Новосибирск Киев Харьков Минск 2006
4. Е.Ы.Бидайбеков., С.Григорьев., В.В.Гриншкун. Информационное интегрирование и анализ образовательной области в разроботке электронных средств обучения. –Алматы, 2002.-100с.
5. Теоретико-методологические основы разработки, мониторинга качества и ээкспериментального апробации компьютерных учебно-методических комплексов нового поколения. /Д.И Абдраймов, Е.Ы.Бидайбеков, В.В Гриншкун, Г.Б. Камалова –Алматы: КазНПУ им.Абая, 2005.-146с.