Қазақстан Республикасының қысқа және ұзақ мерзімді стратегиясы
Мазмұны
Кіріспе 3
І “Қазақстан – 2030” стратегиясы Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде 5
1.1 Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыты 5
1.2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық дамудың ерекшеліктері 25
ІІ Қазақстанның қысқа және ұзақ мерзімді стратегиялары 41
2.1 Қазақстан Республикасының экономикалық даму стратегиясы 41
2.2 Қазақстан Республикасының даму стратегияларын жүзеге асырудың құралы ретіндегі Ел басы жолдауы 45
2.3 Даму стратегияларын жүзеге асыру мекемелері мен жетілдіру жолдары 57
Қорытынды 61
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 63
Аннотация 65
Кіріспе
Қазақстан Республикасы экономикасының өсу стратегиясы өте маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Республикадағы болып жатқан өзгерістер ең алдымен халықтың өмір деңгейінде білінеді. Нарықтық реформаның бірнеше жылдық тәжірибесі меншікті өзгерту, шаруашылық құрылымдар жүйесін құрудың тиімділігін көрсетті. Сол уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдайдың басымдығы жарлылық ахуалының күрделіленуіне әкеліп соқты. Қазақстанның өтпелі экономикасында реформалық өзгерістер, жұмыссыздық, әлеуметтік ауқымдағы терең қозғалыстар және т.б. жатады. Халықтың өмір сүру деңгейін жоғарлату мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы ең басты басымдылықтардың бірі болып табылады. Экономикалық ілгері басудың жоғары қарқындары халықтың өмір сүру деңгейіне оңды әсері етті.
І “Қазақстан – 2030” стратегиясы Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде
1.1 Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыты
Осыдан он жыл бұрын – 1997 жылы Қазақстан халқына алғашқы Жолдауда еліміздің 2030 жылға дейінгі Дамуының стратегиясы – қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекетіміздің мақсат-мұраты баян етілді. Біз бұл ретте қандай қоғам орнатқымыз келетінін, дамуымыздың самғау сызығы қандай болуы керектігін анық білуге, айқын түсінуге тиіс екенімізді ұғындық. Басым мақсатымызды дұрыс айқындап, стратегиямызды таңдап, тиісінше ерік-жігер, төзімділік пен мақсаткерлік таныта білсек, алдымызда тұрған кез келген кедергілерді ойдағыдай еңсеретінімізге біз кәміл сендік. Біз қателескен жоқпыз.
Біз бүгін толық жауапкершілікпен былай деп мәлімдеуімізге болады: Қазақстан өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтті, әрі өз дамуының сапалық жаңа кезеңіне нық сеніммен қадам басты.
Күн тәртібіне еліміз дамуының ой қисыны, сонымен қатар кең ауқымды сипаттағы терең мағынасы бар барынша байыпты түбегейлі қоғамдық міндеттер қойылып отыр. Осы заманғы қыр көрсетулер мен қатерлер әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси қатынастардың бүкіл жүйесін неғұрлым серпінді жаңартуды табанды түрде қажетсінеді, мұның өзі Қазақстанның Кеңес Одағы тарағаннан кейінгі кеңістіктегі әрі Орталық Азиядағы көш бастаушы тұғырын сақтап, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті және серпінді дамып келе жатқан мемлекетінің біріне айналуына мүмкіндік береді.
1.2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық дамудың ерекшеліктері
Экономистер арасында экономиканың өсуін қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлі жөніндегі көзқарастары әр түрлі.
Айтылған көзқарастың біреуіне сай төменде сипатталатын басты сатылардың болуы маңызды. Бұл талап көбінесе экономиканың өсуінің қиындығынан пайда болады, бұған экономикасы артта қалған мемлекеттер кезігеді.
ІІ Қазақстанның қысқа және ұзақ мерзімді стратегиялары
2.1 Қазақстан Республикасының экономикалық даму стратегиясы
Бүгін біз зор мүмкіндіктер табалдырығында тұрмыз. Азияның ең кедей елдерінің кейбірінің отыз жыл ішінде қайыршылықтан оңалып, индустриялы мемлекеттерге айналғанын сіздердің көпшілігіңіз білесіздер. Алғашқылары Корея, Тайвань және Сингапур болса, ал қазір оларға Малайзия, Индонезия және Таиланд қосылды. Біздің ұлы көршіміз — Қытай жоғары қарқын танытып отыр. Индия мен Бразилия да өз қуатын еселей түсіп келеді.
2.2 Қазақстан Республикасының даму стратегияларын жүзеге асырудың құралы ретіндегі Ел басы жолдауы
Қолданыстағы Ата Заңымыз бойынша, Елбасымыз жылма-жыл халықты ішкі және сыртқы саясатымыздың басты бағыттарынан хабардар етеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2030-шы жылға дейінгі даму жолымызды байыптайтын ұзақ мерзімді Стратегия ұсынды. Бұдан былай Президент аталмыш Стратегияны жүзеге асыруда ағымдағы жылы атқарылған істерге баға беріп, алдағы жылдағы атқарылар істің нақты нысаналарын көрсетіп бермекші. Бұны өз отандастарымыз құптап қарсы алды. Шетелдерде де дер кезінде жасалған батыл бастама ретінде бағалануда.
2.3 Даму стратегияларын жүзеге асыру мекемелері мен жетілдіру жолдары
Тұйықтық пен өз рыногын оқшаулау әрекетінен гөрі мұндай саясат елдер мен құрылықтар арасын әлдеқайда жылдам жалғайды.
Біздің ұлттық капиталымыз кішкентайынан бастап шынығып, өз рыноктарында күресуге даяр болуға тиіс. Бұл өте күрделі міндет, бірақ онсыз ол ертең сыртқы рыноктарда жеңіп шыға алмайды. Бірақ қазір ол жас әрі әлсіз болып тұрғанда, жаңадан тәй-тәй басып келе жатқанда қорғансыз жағдайда тұр, мемлекет оны қанатының астына алып, жылдам аяғына нық тұруына көмектеседі.
Қорытынды
Стратегияға ие болып әрі табандылық таныта отырып, біз жолымызда кездесер кез келген күрделі кедергілерді абыроймен еңсере аламыз. Бүгінгі таңда басымыздан кешіп отырған қиын жағдайлар бізді күш-қуатымыз бен үміттен айырмауға тиіс. Перспективаларымызды айқын ұғыну, жолымызда тұрған қиындықтар мен қауіп-қатерді бүкпесіз түсіндіру біздің қоғамымыздың барша азаматтарын осынау ортақ міндетті шешу үшін жұмылдыруға жәрдемдеседі.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Н.Қ. Мамыров., М.Ә. Тілеужанова. Макроэкономика: Оқулық. Алматы “Экономика”, 2003 жыл.
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Қазақстан халқына жолдауы.
3.Райымқұлұлы С. «Экономика теория негіздері» Шымкент, 2005жыл.
4.Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.б., Жақыпова Ф.Н., Т.П. Табаев «Экономикалық теория» Алматы, 1999 жыл.
5.Дүйсенбаев К. Ш., Э.Т. Төлегенов., Ж.Г. Жұмағалиева 6. «Заң» Республикалық құқықтық журнал Астана 2000ж №9
Аннотация
Менің курстық жұмысым «Қазақстан Республикасының қысқа және ұзақ мерзімді стратегиясы.» қазіргі кезде ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Осыдан он жыл бұрын – 1997 жылы Қазақстан халқына алғашқы Жолдауда еліміздің 2030 жылға дейінгі Дамуының стратегиясы – қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекетіміздің мақсат-мұраты баян етілді. Біз бұл ретте қандай қоғам орнатқымыз келетінін, дамуымыздың самғау сызығы қандай болуы керектігін анық білуге, айқын түсінуге тиіс екенімізді ұғындық. Басым мақсатымызды дұрыс айқындап, стратегиямызды таңдап, тиісінше ерік-жігер, төзімділік пен мақсаткерлік таныта білсек, алдымызда тұрған кез келген кедергілерді ойдағыдай еңсеретінімізге біз кәміл сенеміз.