Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 7 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Кәсіпкерлік қызметінің нарықтық экономикадағы рөлі


Жоспар
1 Кәсіпкерлік қызметінің нарықтық экономикадағы рөлі 3
1.1 Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы және маңызы 3
1.2 Кәсіпкерлік түрлері мен формалары 5
1.3 Кәсіпкерліктің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық жағдайлары 7

1 Кәсіпкерлік қызметінің нарықтық экономикадағы рөлі
1.1 Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы және маңызы
Кәсіпкерліктің даму тарихы орта ғасырлардан басталады. Бұл уақытта саудагерлер, миссионерлер алғашқы кәсіпкерлер болып саналады. Жиі кәсіпкерлер өндіріс құралдарының меншік иесі бола тұрып, өз фабрикасында, өз заводында еңбек еткен.
XVIғ. ортасында акционерлік капитал пайда болды да, акционерлік қоғам ұйымдастырылды. Алғашқы акционерлік компаниялар халықаралық сауда сферасын пайда болды. Ресеймен сауда қатынасын жасау үшін ең бірінші ағылшын сауда компаниясы құрылды. Кейін 1600ж. ағылшындық Ост-Индиялық сауда компанисы, 1602ж. гоолландиялық Ост-Индиялық компания, 1670ж. Гудзон шығанағының компаниясы құрылды. Содан соң шаруашылықтандың акционерлік формасы экономикалық басқа салаларына енді. XVII ғ –дың аяғында алғашқы акционерлік банктер пайда болды. Осылай 1694ж. акционерлік бастаулардан Ағылшын банкі құрылды, 1695ж. Шотландия банкі.

1.2 Кәсіпкерлік түрлері мен формалары
Кәсіпкерлік қызметінің барлық көп түрлілігі әр түрлі белгілері бойынша классификацияламады: қызмет түріне, меншік формасына, меншік иесінің санына, ұйымдық-құқықтық және ұйымдық экономикалық формаларына, жалдамалы еңбекті пайдалану деңгейіне және т.б.
Кәсіпкерлік қызметті түрі бойынша өндірістік, коммерциялық, қаржылық, консультативтік деп бөлуге болады. Осы түрлердің барлығы бірге немесе бөлек қызмет етуі мүмкін.
Меншік формасы бойынша кәсіпорын мүлкі жеке, мемлекеттік, муниципалдық болуы мүмкін. Жеке кәсіпкерлік кезінде меншік бір физикалық тұлғаға тиесілі. ұйымдық кәсіпкерлік – бір уақытта әр біреуінің үлесін анықтаумен немесе үлесті анықтаусыз бірнеше субъектілерге тиесілі меншік. ұйымдық меншікте болатын мүлікті пайдалану, иелік ету және иемдену барлық меншік иелерінің келісі бойынша жүзеге асырылады.

1.3 Кәсіпкерліктің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық жағдайлары
Кәсіпкерліктің қалыптасуы үшін белгілі бір жағдайлар керек экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және т.б. экономикалық жағдайлар бұл ең алдымен тауар ұсыну және оларға деген сұраныстың болуы, тауар түрлері, ақша –қаражат көлемі, жеткіліксіз жұмыс орындары мен жұмыс күші, бұлар өз алдына жұмыскерлердің еңбек ақысына, яғни тауарларды иемдену мүмкіндіктеріне әсер етеді.
Экономикалық жағдайларға ақшалай ресурстардың бар болуы және оларға қол жеткізу, инвестицияланған капиталға табыс деңгейі әсер етеді. Сондай-ақ өздерінің іскерлік операцияларын қаржыландыру үшін кәсіпкерлер көмек сұрап баратын және оларға қарыз беруге дайын несиелік мекемелердің зияндық қаражаттарының көлемі маңызды түрде әсер етеді.