Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Психология

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 19 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Танымдық процестердің бірі – қиял жөнінде түсінік


Жоспар
1 Танымдық процестердің бірі - қиял жөнінде түсінік 3
2 Қиялдың психикалық үрдістермен байланысы мен шығармашылық әдістері 5
3 Қиялдың жеке адам өмірінде кездесетін түрлері 8
4 Адамның жас ерекшелігіне қарай қиялдың жасалу жолдары және кездесетін айырмашылықтарын қалыптастыру 14
Қорытынды 17
Пайдаланылған әдебиеттер 19

1 Танымдық процестердің бірі - қиял жөнінде түсінік

Қиял - қабылдау,ойлау және есте сақтау аралығындағы жағдайлардағы адам психикасының ерекше формасы. Бұл психикалық процесс формасының ерекшелігі адам ағзасына қызметіне де байланысты. Қиялды түсінуге және түсіндіруге ерте заманның өзінде психикалық көңіл аударған деп пайымдасақ оны қазіргі күнде де қолданылуда және жалғастырылуда. Бұл феноменнің жұмбақ жақтарына келетін болсақ қиялдың механизмі оның ішінде анатомды - физиологиялық негізі туралы бүгінгі күнге дейін ештеңе белгісіз болып отыр. Адам өз қиялының арқасында өз қызметін жоспарлай және басқара алады. Барлық адамға тән материалдық және рухани мәдениет шығармашылық қиялының және шығармашылықтың өнімі болып табылады.
Қиял - адамның өткенін еске түсіріп, болашағына жол ашады. Керемет бай қиялдың арқасында адам әр кезеңде өмір сүруі мүмкін. Адамның ойлау қабілетінің негізінде адамдар әр түрлі жағдайдан жол тауып шыға алады.Қиялдың ерекшелігі ол үнемі нақты өмірмен сәйкес келе бермейді,өйткені онда фантазия ойдан шығару элементтері бар. Адам санасындағы бейнелер мен бұрын қабылданған заттар мен құбылыстарды ғана қамтып қоймайды. Бейнелер мазмұны ешқашан тікелей қабылданбаған. Бейнелер арасында адам уақыт пен кеңістік аясындағы нақты болмыстан шығып, шексіздік әлеміне есік ашады.

2 Қиялдың психикалық үрдістермен байланысы мен шығармашылық әдістері

Адам бұрын өзі көріп білмеген нәрселерінің бейнесін көз алдына елестетіп, олардан бейне жасайды. Немесе бұрынғы қабылданған,жиналған бейнелерге сүйене отырып, өз басында тың, соны, жаңа елестер мен идеялар тудырады. Осындай жаңа, соны бейнелер мен идеяларды қиял деп атаймыз. Қиял - тек адамға ғана тән, соған меншікті психикалық үрдіс. Жануарлар дүниесінде мұндай функция болмайды.Өйткені қиял адамның еңбек әрекетімен дамитын психикалық қызмет. Ол басқа да психикалық үрдістердің түрлері сияқты шындықты бейнелеп болмыстағы оқиғалармен бірлікте пайда болып отырады. Қиял арқылы пайда болып отырған жаңа бейнелер адамның ілім қорына, нақты бейнелерге,тұрақты елестерге негізделеді. Адамның әр қилы психикалық әрекеттерінде бір ғана үрдістің дараланып жеке кездесуі мүмкін емес. Ондай үрдістер бір бағытпен,арнамен өзара ұштасып араласып жатады. Солардың ішінен адам әрекетінде бір – екеуі жетекшілік қызмет атқарады. Сонымен қиял дегеніміз–бізді қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың бейнесін жаңғыртып, оларды өңдеп бейнелеумен тұратын тек адамдарға ғана тән психикалық үрдіс.
Адам қиялына меншікті кейбір ерекшеліктерді мынадай етіп топтастырып көрсетуге болады:

3 Қиялдың жеке адам өмірінде кездесетін түрлері

Әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам - жеке адам болып табылады. Қиял өзінің дараланған күйінде әр жеке адамның өте мәнді ерекше қасиеттерін айқындайды. Қиял әрбір жеке тұлғада бірнеше белгілермен дараланады. Қиял қызметі әрқилы деңгейде көрінуі мүмкін.Оның көп түрлі болуынан басты себебі ең алдымен әр адамның өз қиялын басқаруға деген саналы бағытынан. Әрекет дәрежесіне қарай қиял енжар,белсенді,продуктивті және репродуктивті болып төртке бөлінеді. Белсенді қиялды адам өз еркімен өз қалауымен сәйкес бейнелерді жасай біледі. Продуктивті қиял адамның жаттанды көшірме түрінде емес,қиялы саналы түрде болатындығымен ерекшеленді.Солай бола тұрса да, ол бейне де шығармашылықпен құралады.
Репродуктивті қиялда мәселені шынайылықты қалай болса да солай елестету және бұл жерде қиялдың элементтері де кездеседі мұндай қиял шығармашылықтан гөрі қабылдау немесе есте сақтауда көбірек еске түсіреді. Мұндай қиялда адамның іс–қимылында көбіне әдеби шығармашылық процесімен байланысты.

4 Адамның жас ерекшелігіне қарай қиялдың жасалу жолдары және кездесетін айырмашылықтарын қалыптастыру

Барша психикалық процестер секілді қиял да үлкен ми сыңарлары қабығының өнімі.Қиял бейнелері оң және сол ми сыңарының жұмысына байланысты пайда болады. Оң ми сыңары дүние көріністерін қарапайым түрге келтіріп,олардың біртұтастығы мен үйлесімділігінен, композициялық бірлестігінен хабар береді,осыдан адамда әрқилы бейнелер эстетикалық сезімдер өрістейді.Ал сол тараптағы ми сыңары келіп түскен ақпараттарды реттеп, оларды сөзбен өрнектеу қызметін атқарады, осыдан бейне мен ой ажырамас бірлікте екенін байқаймыз.«Ақылдан ажыратылған фантазия құбыжық тудырады, ақылды арқау еткен фантазия - өнер атасы,ғажайыптар бұлағы» (Ф. Гойя).

Қорытынды

Ескі психологияда қиял біздерге әсер еткен нәрселердің бейнесін байланыстар нәтижесінде қиысатын психикалық процестердің барлық түрлеріне қатысты адам әрекеттерінің ерекше түрі деп сипатталған. Ұзақ уақытқа дейін қиялдың сырын ашу мәселелердің бірінен саналып келеді. Қиялдың өзіндік сипатына сәйкес психологтар оны ерекше процесс деген түсінікті қолдап келеді. Адамның әр алуан атқаратын қызметіне орай қиялды біздерге бұрын әсер етуші нәрселерді жинақтап, оларды жаңаша түрде қайта жасалған түрде бейнелейді деп санады. Бұл пікірді өзгеше айтқанда санада сақталған әсерлер жаңарып, қайта жасалып өзгеше болып құрылып тың бейнелер пайда болады деп түсіндіріліп келеді. Мұндай бейнелер негізінен адамның іс-әрекеті арқылы жүзеге асып, қиял процесі пайда болады.Ойлаудың негізгі қызметі - заттар мен құбылыстардың мәнін,олардың арасындағы заңды байланыстарды тану.Естің негізгі қызметі - бұрынғы тәжірибені сақтау.Қиялдың мәні осы тәжірибенің құлпырып қайта құруда.Қиялда жеке тәжірибе немесе адамзат тәжірибесі негізінде субъективті немесе объективті жаңа нәрсе жасалынады.