Құқықты әлеуметтану тұрғысынан түсіну
Жоспары
1 Құқықты әлеуметтану тұрғысынан түсіну 3
1.1 Құқықты әлеуметтану тұрғысынан түсіну 3
1.2 Құқық әлеуметтік институт ретінде 7
1.3 Құқықтық әлеуметтанудың объектісі, пәні, әдісі, құрылымы және оның атқаратын қызметі 8
Пайдаланған әдебиеттер 10
1 Құқықты әлеуметтану тұрғысынан түсіну
1.1 Құқықты әлеуметтану тұрғысынан түсіну
Қандай да бір ғылым болмасын,оның ішінде,әсіресе,қоғамдық және гуманитарлық ғылымның әлеуметтік жағы басым болды.Ғылым қоғам мен адамның қандай қажеттілігінен,мұқтаждығынан пайда болғанын,ғылым осы қажеттілік пен мұқтаждықты қалай іске асырып отыр,оның қоғамға тиімді жақтары неде,халықтың материалық, мәдени,рухани дамуына қандай деңгейде және қалай әсер етіп отыр,оның басқа қоғамдық құбылы - үдірістерімен, ғылымдар мен байланыс - қатынастары,болашақ даму бағыттары,қоғамдағы орны мен атқаратын қызметі қандай,т.б., бұл мәселелер әрбір ғылымның әлеуметтік жақтарын құрайды.
1.2 Құқық әлеуметтік институт ретінде
Бұл тұрғыда жалпы құқық әлеуметтік бүтіндіктің бір бөлігі ретінде қаралады. Құқық әлеуметтік мұқтаждықтың, талап – тілектің негізінде пайда болып, өмірге келді. Сондықтан ол қоғамға қажетті қызметтерді атқарады. Сөйтіп қоғамның басқада әлеуметтік институттармен мәдениет, білім, саясат, экономика, бірлесе, байланыса отырып, қоғамның бірлігін, тұрақтылығын қамтамасыз етіп отырады.
1.3 Құқықтық әлеуметтанудың объектісі, пәні, әдісі, құрылымы және оның атқаратын қызметі
Қандай да бір ғылымның пәні зерттелетін нақты объектіні жан - жақты, терең бейнелейтін ұғымдардың жиынтығы болып табылады. Осыған сәйкес зерттеуші бір құбылысты, үдерісті немесе затты арнайы зерттегенде нақтылы объектіден бастап, ол объекті туралы ой - пікір туғызады.
Жоғарыда айтылған ғылымның объектісі және пәні туралы ұғым құқықтық әлеуметтануға да тікелей қатысты.
Құқық саласындағы әлеуметтік зерттеулердің мақсаты құқық пен қоғамның өзінің байланысын, құқықтық әлеуметтік функцияларын және заң нормаларының барлық деңгейде: қоғам деңгейінде, әр түрлі әлеуметтік таптар деңгейінде, ұжымдар, топтар мен тұлғалар деңгейінде әлеуметтік мінез - құлыққа трансформациялануын анықтау болып табылады.
Құқық әлеуметтануы зерттейтін мәселелер тобы: