Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі
Жоспар
1 Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі 3
1.1 Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі 4
1.1 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар 4
1.2 Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар 6
1.3 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар 7
1.4 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар 8
1.5 Математикалық жабдықтау 10
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 14
1 Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі
Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңінде экономикалық көрсеткіштердің өсіп келе жатқандығы қуантады. Мемлекетіміз өсіп-өркендеп келе жатқанда оның бәсекелі ел болуына атсалысуымыз керек. Осы курстық жұмысымның да басты мақсаты жеке мүлікті сақтандыруды жаңа деңгейге көтеріп, сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызу міндеті тұр.
Ғылымның қандай салалары болса да, зерттеу барысы мен іс жүзінде біртекті әдістерді қолдана бермейді. Ғылыми ойларды дамытудың жаңа әдістеріне қолданбалы математика, ақпарат теориясы, кибернетика секілді ғылым түрлері себеп болады. Әр түрлі кезеңдер мен құбылыстарды, оның ішінде өндірістік-экономикалық және ақпараттық жүйелерді зерттеудің озық әдістеріне көбінесе жүйелік зерттеу тәсілі қолданылып жатады.
1.1 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
Ақпараттық ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы зердесінде кіріс құжаттары жатады.Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар.
Ақпараттың қолдануысыз басқару процесі мүмкін болмағандықтан, ақпараттық жүйеде ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте маңызды.
1.2 Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар
Автоматтандырылған ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол ақпараттық жүйені тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.
1.3 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Техникалық жабдықтау – бұл ақпараттық жүйе жұмыс істеуді қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы. Басқарудағы ақпараттық кезең жеке операциялардың, олардың жиынтығының орындалуы арқылы жүзеге асады.
Барлық операцияларды үш сатыға топтауға болады:
1. Ақпаратты алу.
2. Ақпаратты түрлендіру.
3. Ақпаратты тұтыну.
Бірінші саты – экономикалық объектілердегі қызмет барысында туындайтын бастапқы ақпаратты жинауды және тіркеуді орындайтын операциялар тобын қамтиды. Бұл операцияның мақсаты мекемелердің, кәсіпорындардың, аймақтардың және басқалардың қызметін бейнелейтін ақпарат алу.
1.4 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Программалық жабдықтау деп – техникалық жабдықтау жүйесі жұмыс істеуде жабдықтайтын ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын программалардың бірігуін ұғуға болады. Ол математикалық жабдықтау негізінде құрастырылып және оның нақты жұмыс істейтін пішіні болады. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау және арнаулы программалық жабдықтау.