Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 62 стр.

Год: 2008

Полный просмотр работы

Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І-тарау. Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттерінің ұғымы, оның белгілері, жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттеріне жіктелуі 6
1.1 Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттерінің ұғымы және оның белгілері 6
1.2 Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттерінің жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттеріне жіктелуі 21
ІІ-тарау. Қылмыстық процестегі жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу 26
2.1 Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу негіздері 26
2.2 Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізудің шарттары 33
2.3 Қылмыстық процестегі жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу ерекшеліктері 36
2.4 Қылмыстық процестегі жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерінің нәтижелерін құжаттандыру 48
ІІІ-тарау. Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу барысында адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселелері және олардың құқықтық реттелуін жетілдіру 52
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 62

КІРІСПЕ

Қылмыстарды тез және толық ашуда, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуде және қылмыстық жауапқа тартуда тергеу іс-әрекеттерімен бірге жедел-іздестіру әрекеттерінің де рөлі аз емес. Әдетте, қылмыстарды ашумен байланысты жұмыс осы жедел-іздестіру қызметі арқылы басталады. Кейде жедел-іздестіру әрекеттерін, әсіресе жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу нәтижесінде қылмыстық іс жүргізушілік іс-әрекеттер жүргізу кезінде алу мүмкін емес қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер алынады.
Жедел-іздестіру қызметі уақыты бойынша қылмысты табу сәтіне біршама жақын, негізінен ол дереу қылмыс ізіне түседі және оның міндетіне тек қылмысты табу, алдын-алу, жолын кесу және ашу ғана емес, сондай-ақ қылмысты дайындап жатқан, жасап жатқан немесе жасаған тұлғаларды табу және анықтау жатады.
Басқаша айтқанда, жедел-іздестіру қызметінің нәтижелері бойынша қоғамға қауіпті әрекет фактісінің өзін, әрі оған қатысты тұлғаны анықтауға мүмкіндік пайда болады. Міне сондықтанда, жедел-іздестіру қызметінің нәтижелері қылмыстық іс қозғаудың және соған сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізудің басталуының себебі мен негізі болады.

Мен осы «Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттері» тақырыбын таңдау мақсатым – жедел-іздестіру әрекеттері қылмыстарды анықтау, ашу және тергеудің ірі және аз зерттелген саласы болғандықтан және Республикамызда заңдылық, әділеттілік қағидаларын орнатудың бір бөлігі ретінде құқық саласында орын алғандықтан менің бойымда осы салада көп білуге құштарлық, қызығушылық сезімін тудырды.
Сонымен, менің дипломдық жұмысымның міндеті – Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңдарына және жедел-іздестіру заңдарына сәйкес қылмыстардың алдын алу, оларды болдырмау, жасалған қылмысты анықтау, ашу және тергеуді объективті, әрі тиімді жүргізу үшін жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүзеге асырудың ерекшеліктеріне көңіл аудару, оларды ашу және зерттеу.
Аталған міндетке біз келесідей жолдар арқылы қол жеткіземіз:
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын және құқықтық әдебиеттерді қолдана отырып жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерінің ұғымдарын анықтау арқылы;
- жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге қатысты тәжірибе материалдарын пайдалану арқылы;
- жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізудегі шетелдік тәжірибені пайдалану арқылы;
- жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу мәселелерін және оларды жүргізуді құқықтық реттеу мәселелерін көтеру арқылы.
Қарастырып отырған дипломдық жұмысым төмендегідей үш тараудан тұрады:

І-тарау. Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттерінің ұғымы, оның белгілері, жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттеріне жіктелуі

1.1 Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттерінің ұғымы және оның белгілері

Кез келген мәселені қарастыру, ғылыми зерттеу сол мәселені қарастыру кезінде қолданылатын негізгі ұғымдарды анықтаудан басталады. Мұндай негізгі ұғымдар менің дипломдық жұмысымда көтеріп отырған мәселеде де бар. Аталған мәселеге көшпес бұрын мынадай негізгі ұғымдарды анықтап алуымыз қажет - «жария жедел-іздестіру әрекеттері» және «жасырын жедел-іздестіру әрекеттері»
Қазақстан Республикасындағы жедел-іздестіру қызметін негізгі реттеуші нормативтік-құқықтық акт - 1994 жылы 19 қыркүйекте қабылданған №154-ХІІІ «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі қарай – Жедел-іздестіру қызметі туралы Заң) «жария жедел-іздестіру әрекеттері» және «жасырын жедел-іздестіру әрекеттері» ұғымдарына анықтама берілмеген, бірақ жария жедел-іздестіру әрекеттері мен жасырын жедел-іздестіру әрекеттеріне ортақ «жедел-іздестіру шаралары» ұғымына анықтама берілген. Сіз де, біз де білетіндей жалпы «шараның» өзі қандай да бір « іс-әрекеттерден» құрылады. Ал жария жедел-іздестіру әрекеттері де, жасырын жедел-іздестіру әрекеттері де жалпы жедел-іздестіру әрекеттері, яғни жедел-іздестіру шаралары екені бізге мәлім, сондықтан «жария жедел-іздестіру әрекеттері» және «жасырын жедел-іздестіру әрекеттері» ұғымдарын анықтауды «жедел-іздестіру шаралары» ұғымын анықтаудан бастайық.

1.2 Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттерінің жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттеріне жіктелуі

«Жедел-іздестіру әрекеттері» ұғымының анықтамасын анықтадық, енді осы анықтамадан шыға отырып, құқықтық әдебиеттерде берілген әр түрлі авторлардың көзқарастарын ескере отырып, «жария жедел-іздестіру әрекеттері» және «жасырын жедел-іздестіру әрекеттері» ұғымдарын анықтайық.
Жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттеріне заң шығарушы Жедел-іздестіру қызметі туралы Заңында анықтама бермеген, бірақ бұл ұғымдарды қолданған. Мысалы, мұны жедел-іздестіру қызметіне анықтама беру кезінде Жедел-іздестіру қызметі туралы Заңның 1 бабында қолданған: «Жедел-іздестіру қызметі – азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті қорғау, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерінің қылмысты қол сұғуынан, сондай-ақ барлау-бүлдіру әрекетінен қоғам мен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, Жедел-іздестіру қызметі туралы Заңына, Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен қалыптық құжаттарына сәйкес жүзеге асыратын жария және жасырын жедел-іздестіру, ұйымдық және басқару әрекеттерінің ғылыми негізделген жүйесі».
Құқықтық әдебиеттерде жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізілу нысанына байланысты бір авторлар жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттеріне жіктесе, өзге авторлар жария, жасырын және шифрланған жедел-іздестіру әрекеттеріне жіктей отырып, оларға анықтама береді.

ІІ-тарау. Қылмыстық процестегі жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу

2.1 Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу негіздері

Заң шығарушы жария да, жасырын да жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу үшін негіз болатын Жедел-іздестіру қызметі туралы Заңында жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізудің негіздерін белгілеген. Жедел-іздестіру қызметі туралы Заңның 10 бабына сәйкес жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу негіздері келесідей:

2.3 Қылмыстық процестегі жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу ерекшеліктері

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуындағы, халықтың өмір сүру деңгейін көтерудегі міндеттері белсенді түрде шешілуде, құқықтық тәртіпті қорғау, соның ішінде түрлі құқықбұзушылықтармен және қылмыстармен күресу саласындағы саясат орнығу үстінде. Осы міндеттерді шешу үшін заң шығарушы, атқарушы және сот органдары тарапынан ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық, тәрбиелік, құқықтық сипаттағы әрекеттер кешені жүзеге асырылады.
В. Плетневтің айтуынша, «құқық қорғау органы – Жедел-іздестіру қызметінің субъектілерінің құзырына жатқызылған тәртіп, қоғамдық қауіпсіздікті қорғауды және қылмыстылықпен күресті қамтамасыз етудің жалпы мәселелерін шеше отырып, маңызды міндеттердің қатарынан түрлі құқықбұзушылықтардың, соның ішінде криминалдық сипаттағы құқықбұзушылықтардың алдын алу бірінші орынға жылжиды».

2.4 Қылмыстық процестегі жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерінің нәтижелерін құжаттандыру

Жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу нәтижелері қылмыстық іс жүргізудегі тергеу іс-әрекеттері сияқты тиісті құжаттармен құжаттандырылады. Олар жедел-іздестіру әрекеттерінің жария немесе жасырын жүргізілуіне байланысты анықтама, рапорт акті және өзге құжаттар түрінде рәсімделуі мүмкін. Олардың нысаны мен түрлері жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың ведомстволық нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленеді.
Бұл құжаттарда бейнеленетін ақпарат қылмыстық іс жүргізуде дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.

ІІІ-тарау. Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу барысында адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселелері және олардың құқықтық реттелуін жетілдіру

Қазақстан Республикасында Конституцияның 12 бабына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және кепілдік беріледі.
А.С. Байкенжеевтің пікірінше, «Қазіргі таңда Қазақстанның құқықтық дамуының ең басты өзекті мәселесі – заңнаманың жетілмеуінде. Адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету үшін Қазақстанның ұлттық заңнамасын халықаралық нормалармен сәйкестендіру. Қазақстанның қазіргі таңдағы заңнамасының анализі әлемдік стандартқа тек Қазақстан Республикасының Конституциясы ғана сәйкес. Ал қалған заңнама қайта қаралуға жатады».

ҚОРЫТЫНДЫ

Жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізудің кейбір жақтары өзіміз көріп отырғанымыздай әлі күнге біз үшін жариялануға жатпайтын мемлекеттік құпия болып отыр. 1994 жылы 19 қыркүйекте қабылданған №154-ХІІІ «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуді ішінара реттейді және оның кемшіліктері жеткілікті деуге болады.
Сонымен, қолданыстағы Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру заңына сәйкес жедел-іздестіру әрекеттері дегеніміз жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың өз құзыреті шегінде өздерінің алдына қойылған міндеттерді шешуге бағытталған іс-әрекеттері екен.
Оның жүргізілуі нысанына байланысты түрлері болып табылатын жария жедел-іздестіру әрекеттері дегеніміз ашық жүргізілетін, азаматтарға түсінікті және қоғамдық танысу үшін қол жеткізерліктей жедел-іздестіру сипатындағы әрекеттер, ал жасырын жедел-іздестіру әрекеттері дегеніміз мүдделі тұлғаларға, объектілерге, оқиғалар мен мән-жайларға қатысты құпия, жасырын жүргізілетін және ол туралы жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың, өзге органдардың лауазымды тұлғалардың тар шеңбері білетін жедел-іздестіру сипатындағы әрекеттер екен.
Жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттері тек жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдармен жүргізіледі. Мұндай органдар болып ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, Қорғаныс министрлігінің әскери барлау, қаржы полициясы, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі табылады. Бұл органдардың ішінде жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін кез-келген құрылымдық бөлімшелері жүргізе бермейді, керісінше тек жедел бөлімшелері жүргізеді екен.