Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономикалық теория

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 24 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Тұтынушылар қалауы


Жоспар
Кіріспе 3
2 Негізгі бөлім 5
2.1 Тұтынушылар қалауы 5
2.1.1 Тұтыну нарығы 6
2.2 Бюджеттің шектеулілігі 9
2.2.1 Табыс және бағада болатын өзгерістер 10
2.2.2 Бағалар 11
2.2.3 Қаржы 13
2.2.4 Халықтың табыстары 14
2.3 Тұтынушылар таңдауы 17
2.3.1 Еңбек нарығы 18
2.3.2 Өнеркәсіп 20
Қорытынды 22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 24

Кіріспе
Нарықтық жағдайда өндірістік өнімнің өсу қарқыны халықтың жалпы сұранысымен тығыз байланысты. Егер өндірілген өнімдер ұтымды бағамен сатылып жатса, онда осындай тауарларды өндіруге деген ынта арта түседі. Сондықтан, тұтынушылардың сұраныстарын зерттеп, олардың қандай заттарды сатып алғысы келетінін және қандай бағамен алғысы келетінін дер кезінде анықтаудың зор маңызы бар. Тұтынушылардың нарықтық ортадағы іс – әрекеттері «микроэкономиканың» тұтынушылар талғамы атты тарауында зерттеледі.

2 Негізгі бөлім
2.1 Тұтынушылар қалауы
Бір тауардың екінші тауарға қарағанда пайдалылық екендігін анықтау үшін ешқандай өлшем бірлігін пайдалану мүмкін емес. Ол тек салыстырмалы түрде ғана айтылатын ұғым. Заттың пайдалылығы адамның қажеттілігін қаншалықты қанағаттандыра тындығына байланысты. Сондықтан ол әр адамның психологиясына, өмір сүру ерекшелігіне байланысты болады.
Жалпы жағдайда тауарлар құрамы берілген болса, онда оның пайдалылығын сан түрінде анықтау үшін пайдалылық функциясын қолданады. Ол функция Х, У тауарлары үшін былай жазылады:

2.1.1 Тұтыну нарығы
Бөлшек тауар айналымы халыққа соңғы тұтыну үшін немесе үй шаруашылығында пайдалану үшін сатылған тұтыну тауарлапының көлемін көрсетеді. Бұл көлемге «Бөлшек сауда» негізгі және негізгі емес болып табылатын кәсіпорындар – заңды тұлғалар бойынша мәліметтер, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың сату көлемі кіреді.
Көтерме тауар айналымы бөлшек сауда орындарына, өнеркәсіптік және басқа коммерциялық пайдаланушыларға кейін қайта сату үшін сатылған тауарлар (өнімдер) көлемін көрсетеді.
Ақысына көтерме тауар айналымы (делдалдар арқылы) – кәсіпорынның делдалдық қызметі нәтижесінде алынған табыс (сыйақы).

2.2 Бюджеттің шектеулілігі
Тұтынушы бір қаражатын X және Y тауарларын сатып алуға жұсайды делік. Егер оның бюджетін немесе бар қаражатын I деп, ал Х және У тауарларының бір өлшемінің бағаларын Рх,Ру деп белгілесек, бюджеттің шектеулі екендігін келесі теңсіздік түрінде бейнелеуге болады:

2.2.1 Табыс және бағада болатын өзгерістер
Табыс және бағада болатын өзгерістер бюджет сызығының қозғалысына әкеледі. Табыстың өсуі тұтынушыға бұрын қолы жетпеген жиында сатып алуға мүмкіндік береді. Сондықтан ол бюджет сызығын координат осімен жоғары жылжытады. Бұл уақытта, бюджет сызығының көлбеуін өзгертпейді. Табыстың азаюы бюджет сызығын координаттар осіне жақындатып, параллель жылжытады. Табыс өзгеруінің бюджет сызығына әсері а графигінде 4 – суретте көрсетілген.

2.2.2 Бағалар
Тұтыну бағаларының индексі халықтың жеке тұтынуы үшін сатып алынған тауарлар мен қызметтердің жалпы деңгейінің уақыт өткен сайын өзгеруін сипаттайды. Тауарлар мен қызметтер жиыны 344 позициядан тұрады. Бағаларды тіркеу барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір шеңберінде әр алуан меншік нысанындағы сауда және қызмет саласы кәсіпорындарының ішінара желісі бойынша жүргізіледі. Өлшеуішті агрегациялау үшін пайдаланылған жүйе олардың шығындарының бір бөлігі ретінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын тексеру материалдары негізінде есептеледі. Республика бойынша орташа бағалар деңгейі жекелеген аудандардың бағалары деңгейінің орташа арифметикалық салмақ тандырылған мөлшері ретінде анықталады.

2.2.3 Қаржы
Бюджетке түсімдер – бюджет табыстарының, ресми трансферттердің (бюджет шығынынан басқа) және бюджеттен бұрын берілген несие бойынша негізгі қарызды өтелуінің жиынтығы.
Бюджет табыстары – бюджетке салықтардан, алымдардан және басқа міндетті төлемдерден түскен, салықтық емес және басқа түсімдерден түскен түсімдер, сондай-ақ бюджетке қайтарусыз негізде түсетін капиталмен операциялардан түскен табыстар көлемі.

2.2.4 Халықтың табыстары
Үй шаруашылығы – бірге тұратын, өздерінің табыстары мен мүлкін біріктіретін (толық немесе жартылай) және тұрғын үй мен тамақ өнімдері сияқты тауарлар мен қызметтердің белгілі бір түрлерін бірге тұтынатын адамдардың шағын тобы.
Атаулы ақшалай табыстар – үй шаруашылықтарының ағымдағы тұтынуға, жинақтауға және өндіріске инвестициялауға бағыттаған ақшалай қаражаттары (табыс салығын шегермей). Халықтың атаулы ақшалай табыстары жөнінде ақпарат алу үшін оларды бағалау (есептеу) жүргізіледі, бұл үшін еңбек ресурстарының балансы, есептелген жалақы, зейнетақы төлемдері мен әлеуметтік жәрдемақы мәліметтері пайдаланылады. Есептік атаулы табыстар мөлшері статистикалық есеп беруде қамтылмаған жұмыс істейтіндер санына, жалданып жұмыс істейтіндердің жасырын еңбекақысына және өз бетімен жұмыс істейтін халықтың табыстарына түзетіледі.

2.3 Тұтынушылар таңдауы
Тұтынушылар талғамы дұрыс қалыптасуы үшін, олар бюджеттерінің шектеулі екендігін ескеріп, ең көп пайдалылық алып келетін тауарлар құрамын анықтаулары қажет.Бұдан ең ұтымды тауарлар құрамы бюджет сызығы мен талғамсыздық қисықтарының жанама нүктесінде екенін білеміз. 5 – суретте ең көп пайдалылық әперетін тауарлар құрамы, тұтынушының теңдестік жағдайы бейнеленген.

2.3.1 Еңбек нарығы
Экономикалық белсенді халық (жұмыс күші) – тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін халықтың экономикалық белсенділігін өлшеуге арнайы белгіленген жастағы халықтың бір бөлігі. Экономикалық белсенді халық санына барлық қызмет түрінде жұмыс істейтіндер мен жұмыссыздар кіреді.
Экономикалық белсенді емес халық – қарастырылған кезең бойында жұмыс істемеген немесе жұмыссыз болған халықтың экономикалық белсенділігін өлшеуге арнайы белгіленген жастағы тұлғалар.
Жалдамалы (ақы төленетін) жұмыскерлер – еңбекақы, үстеме және т.с.с. түрде немесе заттай түрде ақыны (сыйақыны) қарастыратын жалдау шарты бойынша жұмыс істейтін тұлғалар.

2.3.2 Өнеркәсіп
Құндық көріністегі өнеркәсіптік кәсіпорынның өнімі болып бір жаққа өткізуге, өзінің күрделі құрылысы мен өнеркәсіптік емес бөлімшелеріне, өз қызметкерлеріне еңбекақы есебінен беруге арналған кәсіпорынның есеп беру мерзімінде өндірген барлық дайын бұйымдары (өнімдері), өз өндірісінің жартылай дайын өнімдері (өзінің шикізаты мен материалдарынан және де тапсырысшылардың шикізаты мен материалдарынан), сондай-ақ тапсырыс бойынша орындалған өндірістік сипаттағы жұмыстары мен қызметтері саналады. Өнеркәсіптік өнім (жұмыс,қызмет) көлемі зауыттық әдіспен, яғни зауыт ішіндегі айналым құнысыз анықталады. Кәсіпорынның зауыт ішіндегі айналымы дегеніміз өздерінің өндірілген дайын бұйымдары мен жартылай дайын бұйымдарының осы кәсіпорын ішіндегі өзінің өнеркәсіптік-өндірістік қажеттіліктеріне пайдаланатын бір бөлігінің құны.

Қорытынды

1- есеп. Марат аудио және видео кассеталардың бастапқы бағасын ескере отырып және өзінің табыс деңгейіне қарай 2 видео және 4 аудио кассеталарын сатып алуды таңдайды. Содан ең жоғары пайдалылық алғысы келеді. Мараттың табысы және осы тауарлардың бағасы өзгереді деп ұйғарсақ, онда бюджет сызығының теңдеуі былай болады.
Y = 12 – 2,4X,
Мұнда, Х, У – аудио және видео кассеталарының саны.
Марат үшін пайдалылық көбейетіндігін талғамсыздық қисығының графигі арқылы түсіндіремін.
График бетінде жаңа бюджет сызығы және тауарларды алғашқы таңдау А(2,4) келесідей көрініс табады.