Мәдени айырмашылықтар
Жоспар
1 Мәдени айырмашылықтар 3
1.1 Мәдениетаралық коммуникацияда қиындықтардың туу себептері 3
1.2 Түрлі мәдениеттер стереотипі 4
1.3 Мәдени түсінбеушілік 9
1.4 Түрлі ұлттық мәдениеттерде шиеленісті шешу стратегиялары 14
Әдебиет 17
1 Мәдени айырмашылықтар
1.1 Мәдениетаралық коммуникацияда қиындықтардың туу себептері
Әрқайсысымыз белгілі бір ортада тәрбиелендік, сол ортаның аса маңызды компоненттері барлық қоғам мүшелерінің дүниетанымына құрамдас бөлік болып еніп, белгілі бір мәдениетті танытады. Мәдениетаралық қатынас кезінде коммуникативтік қиыншылықтар қатысушы мәдениетті құрастырушылардың әртүрлігінен туады, айырмашылық неғұрлым көп болса, қатынасу үрдісі де соғұрлым күрделірек болмақ. Өзге мәдениет өкілімен араласқанда оның мінез-құлқын өзіміздің мәдени нормаларымызбен ережелердің негізінде болжай алмаймыз. Бұл түсініспеушілікке соқтырады. Қатынас ойдағыдай болуын қаласақ, болжам мен болжау жасау үшін басқа мәдениет туралы білімімізді пайдаланамыз. Мұндай білім болмаса, дұрыс болжау жасауымыз кәдік. Мәдениетаралық қатынаста туындайтын барлық проблемаларды социолингвистер үш негізгі себепке тоғыстырған:
1) түрлі мәдениеттердегі мәдени құндылықтардың жиынтығының дифференцияналды сипаты - мәдени құндылықтардың әрбір жеке алынған жүйесі белгілі бір әлеуметтік топқа тән. Мысалы, бір жатақханада тұратын студенттер әр түрлі дінді ұстанса, мінез-құлықтары да әртүрлі болады.
2) әлеуметтік қатынастар шекарасының айқынсыздығы (нақты шектің болмауы) – жалғыз адам әр түрлі әлеуметтік топтардың мүшесі болып табылады, әр жеке алынған қос индивидиумның қатынастары олардың әлеуметтік мәртебесі тұрғысынан нақты бір мәнді анықтамайды. Мысалы, бастық пен бағынышты адамның қатынасы өндірістік фактормен қоса бір-бірін ұнату – ұнатпаумен, балаларының бір мектепке баруымен, ортақ таныстарының немесе туысқандарының болуымен, не бір спорт клубына мүше болуымен күрделенеді.
3) мәдени топтарда үстем идеологияның болуы.
1.2 Түрлі мәдениеттер стереотипі
Адамдардың әлем туралы түсінігі қандай мәдениетте туып, тәрбиеленгеніне қарай әртүрлі. Басқа мәдениет өкілінің мінез-құлқын түсіндіргенде ойға олардың өмір салты, әдет-ғұрпы, яғни этномәдени қасиеттерінің жүйесі оралады. Мысалы, американдық студенттерге көрсетілген фильмнің кейіпкерлері – ерлі-зайыптылар арасында мынандай әңгіме болады:
1.3 Мәдени түсінбеушілік
Мәдени түсінбеушілік негізінен коммуниканттарда фондық білімнің болмауынан туындайды. Бұл жерде фондық білім, В.С.Виноградовтың айтуынша, белгілі бір ұлысқа немесе ұлтқа ғана тән, солардың өкілдері жаппай мойындаған және сол ұлттық қауымдастықтың тілінде көрініс тапқан социомәдени мәліметтер [36, б.37]. Түрлі мәденит өкілдерінің өз өмір салтының дұрыстығына илануы, «өзіміздікі» және «бөтен» болып бөлінуі елеулі роль атқарады.
Түрлі, соның ішінде неміс, қазақ, жапон, орыс және басқа мәдениеттерінің мысалында соңы түрлі мәдениет иелерінің арасындағы қатынаста мәдени түсінбеушілікке соқтырған кейбір тілдік мәдени сәйкессіздіктерді қарастырайық.
1.4 Түрлі ұлттық мәдениеттерде шиеленісті шешу стратегиялары
Адамдар қатынасының бір қырын - шиеленіс пен оны шешу жолдарын, түрлі мәдениеттер мен мәдениетаралық қатынас кезінде туындау себебін қарастырайық. Шиеленіс, К.Томастың есептеуінше,
«бір тарап өзінің ойын жүзеге асыруға басқа тарап бөгет жасайды, не кедергі жасамақ деп ойлауынан шығатын үрдіс» [41, б.234-236] К.Томастың ізінше шиеленісті шешу кезіндегі мінез-құлықтың бес стилін бөліп алайық.
Жарыс – «күштінікі жөн» - белсенді және келісімге әкелмейтін стиль. Мұндай мінез-құлық тараптардың бірінің өз мақсатына жету үшін оның басқаларға қалай әсер ететініне қарамауынан туады. Шиеленісті шешудің мұндай тәсілі «жеңіс-жеңіліс» (win-lose) жағдайын тудырып, өз мақсатына жету үшін күш тұрғысынан бәсекелестік пен ойынды қолдандырады, ең ақыры екі тараптың бірінің екіншісіне бағынуына соқтырады.
Мысалы, американдықтарда жарысушы рухы жұмыста, отбасында, достықта, демалыста, спортта және тағы басқаларында байқалады. Американдықтар көп жағдайда өмірдегі табысын тапқан ақшасымен бағалайды. Олар әңгімелескенде үндемей қалуды ұнатпайды, көп сұрақ қояды және олары, әдетте, тура және жеке сипатты болады.
Әдебиет
1 Философский словарь/ под ред. И.Т. Фролова - 5-е изд. - М.: Политиздат, 1987, с.207, 333-334
2 Словарь иностранных слов/ под ред. И.В. Лехина и Ф. Н. Петрова издательство иностранных и национальных словарей М., 1981, с.341
3 Розеншток - Хюсси О. Речь и действительность. М.: Лабиринт, 1994, с.36, 58-61
4 Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. М.: 1996. с.200
5 Dimbleby R, Burton S/. More than Words. An Instruction to Communication. L; N.Y.: 1998, c.67
6 Якобсон P.O. Речевая коммуникация; Язык в отношении к другим системам коммуникации// Избранные работы. М.: Прогресс, 1985. с. 306-330
7 Леонтьев A.A. Психология общения. М.: 1997, с.89-92
8 Гречко В.А. Теория языкознания: учебное пособие/ В.А. Гречко - М.: Высшая школа, 2003, с.267
9 Садохин А.П. Межкультурная коммуникация: Учебное пособие. М.: Альфа-М; ИНФА-М, 2004, с. 73-75